Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық



Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#117711
Байланысты:
Жаңабай Дариға ФОК171 пед практика


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
Математика, физика және информатика институты
Педагогика кафедрасы


4
КУРС ПРАКТИКАНТТАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ПОРТФОЛИОСЫ



Практика орны: Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия
Педагогика әдіскері: Жумашева С.С., п.ғ.к, доцент
Құрастырған: Жаңабай Дариға Мамандығы: Физика
Педагогикалық практика мерзімі: 21 қыркүйек – 30 сәуір

Алматы, 2021


Мазмұны:


    • I практика қыркүйек айы;

    • II практика қазан айы;

    • III практика қараша айы;

    • IV практика желтоқсан айы;

    • V практика қаңтар айы;

    • VI практика ақпан айы;

    • VII практика наурыз айы;

    • VIII практика сәуір айы.

Сынып жетекшілік бойынша оқушылардың тізімі:



Аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

1

Алдабергенова Фариза Рустамовна

16.04.2008

2

Аликул Балнур Нурланқызы

25.01.2008

3

Амангелді Болат Жанибекұлы

09.02.2007

4

Ахат Камшат Азаматқызы

11.01.2008

5

Әбітаев Елхан Нұрбақытұлы

10.06.2008

6

Әділ Наргиза Қуатқызы

06.06.2008

7

Байтуяков Рустем Нұрланұлы

27.01.2007

8

Батырбекұлы Нұрбек

05.07.2008

9

Бейгель Аман Рустамович

03.01.2008

10

Даулетбаев Ерасыл Нурланович

22.06.2007

11

Джолдасова Оэлун Байжанқызы

03.12.2008

12

Жолдыбай Дінмұхаммед Берікұлы

16.09.2008

13

Кадыков Мирас Сержанович

24.07.2008

14

Керім Ихсан Асуланұлы

21.01.2008

15

Құрманова Айым Асқарқызы

22.08.2007

16

Манарбек Ануар Ерланұлы

14.11.2008

17

Мейрамбек Ернур Нурлыбекович

11.08.2007

18

Меркатов Абылай Муратұлы

06.05.2007

19

Нуралиев Еділ Төлебайұлы

31.09.2008

20

Тоқтарова Тоғжан Болатқызы

10.06.2008

21

Сүгірбай Әліхан Әлімұлы

11.03.2008

22

Субебаева Дана Аділқызы

06.03.2008

23

Елеусін Айлуна

22.08.2008


Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ауғанның от жалыны»

Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ишамбаева Шаухан Тлеулесовна
Сынып жетекшісі: Султанбаева Майра Бекбаевна
Ұйымдастырушы: Педагогикалық тәжірибеден өтуші 4 курс студенті Жаңабай Дариға

Алматы, 2021


Ашық тәрбие сағатының жоспары
Тақырыбы: «Ауғанның от жалыны»
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру, Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Міндеттері: 1) Балалардың күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгеру процесіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету ;
2) Білімгерлер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу;
3) Оқушылардың бойында тұрақты моральдық қасиеттерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Сынып: 7 «Г»

Оқушылар саны: 23


Өткізілетін күні: 16.02.2021 ж.

Уақыты: 13:30-14:10.


Өткізілетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия, система «Zoom»


Мұғалім: Педагогикалық тәжірибеден өтуші 4 курс студенті: Жаңабай Дариға.


Шақырылғандар: Жумашева С.С. - педагогика әдiскерi;
Сұлтанбаева М.Б. – сынып жетекшісі;
Студент-практиканттар.


Көрнекіліктер: «Ауғанның от жалыны!» презентация, бейнеролик (1:30 мин.)


Өткізілу түрі: пікірсайыс.


Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Амандасу
«Біз не білеміз?» кезеңі: Картамен жұмыс (түсінік беру, көрсету, Ауған жері т.б)
Қару саудасы
Топтастыру: «Соғыс дегеніміз не?»

Мұғалім: Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт. «Ауғанстан - жүректегі жара» демекші 15 ақпан 1989 жылы талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде біз бейбіт елдің жастары, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын, Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызды құрмет тұтуға міндеттіміз.
Поэзия минуты. Оқушылар тақпағы:
1. Сол Ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік.
Сұрапылда ерледік те шерледік,
Намыс туын қолдан бірақ бермедік.
2. Отан - өлең, Отан - жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан - осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өс жас ұлан,
Оны ардақтап, сүйе біл!
3. Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!
4. Достық бізге тым ыстық,
Бірлік-байлық ырыс құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық!
«Білейік, танысайық!» кезеңі. Ауған соғысы туралы мәліметтер
- 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы : Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға Кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады.
- 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
- Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті.
- Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000–ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000–дайы мүгедектер қатарында.
Бейнебаян. «Ауған жерінде ... »
Жеке суреттер: «Батырлардың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ»
1. Сыздықов Сүндет Қырғызбайұлы (1978-1980 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
2. Солтиев Серікбек Тілеужанұлы (1979-1980 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
3. Аманбаев Жомарт (1985-1987 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
4. Рысмендиев Қайрат Сейпенұлы (1986-1988 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
«Макал-мәтелдер» кезеңі. Ерлік, батырлық, достық туралы
Мұғалім: Қазіргі таңда Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған, сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азамат ағалар еліміздің түкпір – түкпірінде еңбек етіп, өз үлестерін Отан үшін қосуда. Үкіметіміз ардагер ағалардың ерлігін ескеріп, жеңілдіктер жасап келеді. Ал біздер, Тәуелсіз елдің жарқын болашағымыз. Ел тыныштығы үшін, бірлік үшін соғысқа қатысқан ардагер ағаларымызды құрмет етіп, ерлігін жырға қосып, есімдерін естен шығармауға міндеттіміз.
«Мен еліме тілеймін ...» кезеңі. Әр оқушы ақ көгершінге ақ тілегін жазып, көгершінді жоғары көтереді.
Ән: «Бейбітшілік сақталады».






Тақырыбы:_«Желтоқсан-тәуелсіздіктің_ұлы_рухы»__Ғ._Мүсірепов_атындағы_№86_мектеп-гиназиясы_директорының_тәрбие_ісі_жөніндегі_орынбасары'>Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Желтоқсан-тәуелсіздіктің ұлы рухы»

Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гиназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ишамбаева Шаухан Тлеулесовна
Сынып жетекшісі: Султанбаева Майра Бекбаевна
Ұйымдастырушы: Педагогикалық тәжірибеден өтуші 4 курс студенті Жаңабай Дариға
Алматы, 2021
Ашық тәрбие сағатының жоспары
Тақырыбы: Интернет желісінің зиядылықтары!


Мақсаты: Оқушыларды ғаламтор көзінен алыстата отырып, оларды ғаламторсыз, «шынайы» әлемде өмір сүруге үйрету.


Міндеттері: 1) Балалардың күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгеру процесіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету ;
2) Білімгерлер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу;
3) Оқушылардың бойында тұрақты моральдық қасиеттерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Сынып: 7 «Г»

Оқушылар саны: 23


Өткізілетін күні: 09.03.2021 ж.

Уақыты: 13:30-14:10.


Өткізілетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия, система «Zoom»


Мұғалім: Педагогикалық тәжірибеден өтуші 4 курс студенті: Жаңабай Дариға.


Шақырылғандар: Жумашева С.С. - педагогика әдiскерi;
Сұлтанбаева М.Б. – сынып жетекшісі;
Студент-практиканттар.


Көрнекіліктер: «Интернет желісінің зияндылығы!» презентация, бейнеролик (2:00 мин.)
Өткізілу түрі: пікірсайыс.


Өту барысы:


І Негізгі бөлім:





Практиканттардың іс-әрекеті

Қатысушы сынып оқушыларының іс-әрекеті

1.

Ұйымдастыру кезеңі (сынып бөлмесіндегі атмосфераны қалыптастыру)
─ Сәлеметсіздер ме, құрметті
7 «Г» сыныбы және шақырылған қонақтар!

  1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, танысу).




2.

— Оқушылар, бүгінгі тақырып аясында сіздерге бірнеше сұрақтар қояйын:
Ғаламтор сіздерге не үшін қажет?
Ғаламтордың сіздер үшін қандай пайдасы бар?
Ғаламтордың зияны туралы не білесіздер?

2. Оқушылар қойылған сұраққа байланысты өз ойларын ортаға салады.

3.

— Оқушылар, осы жерде отырған барлығымызда ұялы телефонның бары белгілі. Ұялы телефонның, ғаламтордың адамға қаншалықты кері әсерін тигізетіндігі туралы келесі бейнероликте толықтай көрсетілген. Бейнероликке назар аударамыз:

(https://youtu.be/3EL3go23CfY)





  • Оқушылар, бұл бейнероликтен қандай әсер алдыңыздар, не түсіндіңіздер?

3. Оқушылар бейнероликтен алған әсерлерімен бөліседі.



4.

Оқушылар, өздеріңіздің бір күндеріңізді ғаламторсыз, ұялы телефонсыз қалай елестетесіздер?

  1. Оқушылар қойылған сұраққа байланысты өз ойларын ортаға салады.

5.

— Құрметті оқушылар, қаңтар айының соңғы жексенбісі «Ғаламторсыз күн» болып есептеледі. Сіз осы күнді қалай өткізесіз?
Оқушылар, сіздер күнделікті өмірде күн тәртібін құрасыздар ма?
Күн тәртібі бойынша әр нәрсені ретімен орындайсыздар ма?
Ендеше, барлығымыз жексенбі күніне арнап күн тәртібін айтып шығайық.

  1. 5. (Оқушылар өздерінің қалауынша күн тәртібін жазып, оқып береді.)


Оқушылар бұл іс-әрекеттен алған әсерлерімен бөліседі.

6.

— Олай болса оқушылар, бәріміз бірге «Қолтырауын» ойынын ойнайық.
(Ойын ережесімен таныстарамыз)



Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындап, ойынды ойнайды)

Ойыннан алған әсерлерімен бөліседі...









ІІ Қорытындылау:



1

─ Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағаты сіздерге жақсы әсер қалдырды, сіздерге көмегім тиді деген ойдамын. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер:

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



ІІІ Рефлексия:

1

Өмірлеріне қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білгендігін сұрайды

Өміріне қажет болған ақпаратты айтады

2

Сабақ бұдан да жақсы өтуі үшін не қосатындығын сұрайды

Өз пікірін білдіреді









Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік – есеп
Жаңабай Дариға Төлбайқызы



Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған жұмыстардың сипаттамасы

Орындалу мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

Басталуы

аяқталуы

1

Сынып жетекшісімен әңгімелесу және тиісті тапсырмалар алу. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарымен танысу. Тәрбие сағатына қатысу, талдау.

13.01.2021

18.01.2021




2

Сынып оқушыларымен әңгіме жүргізу. Жүргізілген тәрбиелік шаралардың жоспары.
«Ауғанның от жалыны»

16.02.2021

20.02.2021




3

Мектептегі оқушыларды тәрбиелеу әдістеріне сипаттама беру.
«Интернет желісінің зиядылықтары!»

09.03.2021

13.03.2021





Кәсіптік практикадан өтуі туралы – есеп
Практика бағдарламасына сай 25.09.2020-.30.04.2021 аралығында мен сынып жетекшiсiнiң көмекшici ретiнде 7 «Г» сынып оқушыларымен тиiстi тәрбие жұмысын жүргiздiм.
Әр аптаның сейсенбiсiнде алдымен сынып жетекшici Султанбаева Майра Бекбаевна апайдың сабақ өткiзу тәжiрибесiмен танысу мақсатында тәрбие сағаттарына қатысып отырдым.
Майра апаймен бiрлесiп 3-4 тәрбие сағатын өткiздiм. Сынып жетекшiмен бiрлесiп, «Ел ертеңі-білімді жастар», «Абай әлемі», «Мемлекет тарихы-елімнің тарихы» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткіздік
Өзiм мына тақырыптарда: «Жаны саудың – тәні сау» тақырыбына интербелсенді сынып сағатын,«Абай дара –Абай дана», «Мәдени-мұра», «Ленинградтық өренім», «Ана-өмірдің шуағы», «Құстар-көктем жаршысы» «Отбасы-ұлт тірегі» атты тәрбие сағаттарын өткіздім. Он жетінші қыркүйекте 7-сыныптармен «Абай дара, Абай дана қазақта», қазанның бірі күні “Қарттарым-асыл қазынам!” атты мектепішілік іс-шаралар өткіздім.
Үнемi сынып оқушыларымен адамгершiлiк, азаматтық, ұлттық тәрбиеге қатысты әңгiмелер, пiкiрсайыстар, интеллектуалды ойындар өткiзiп тұрдым. Сонымен қатар, оқушылардың ата-аналарымен де онлайн оқыту мәселелерiне қатысты үнемi тығыз байланыста болдым.
Тәрбие жұмысы бойынша Жұмашева С.С. апайдың консультацияларына әр аптаның дүйсенбiсiнде қатысып, жоспарларымды тексертiп отырдым.
Тәрбие жұмысын толығымен бағдарламаға сай орындадым.
Қорытынды эссе
"Мен педагогикалық практикадағы тәрбие жұмысынан қандай әсер алдым? Педагогикалық дайындығым қалай екен?"
Мен, Жаңабай Дариға Төлбайқызы 25.09.2020 - 30.04.2021 жж. аралығында Ғ. Мүірепов атындағы №86 мектеп-гимназия педагогикалық практикадан өттім. Практика түрінде тәжірибе жинау болашақ мамандарды даярлаудағы оқу процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Практикадан өту барысында өз мамандығыңмен тереңірек танысып, қызығушылығың артып, сен ол жұмысты істей алатыныңа көз жеткізесің. Мен бұл практиканы өту барысында, өз бойыма көптеген тәжірибелер жинақтадым. Практиканың алғашқы аптасында мектеп ұжымымен, бөлінген сыныппен, сынып жетекшісімен және физика пән мұғалімінен танысып, практикада жасалатын жұмыстың жоспары мектеп әкімшілігімен бірлесіп жасадық. Маған 7 «Г» сыныбы бөлінді. Біз сыныппен танысып, оқушылармен тез тіл табысып кеттік. Бірінші аптада маған бөлінген сыныптың барлық сабақтарына қатысып, оқушылардың педагогикалық – психологиялық мінез-құлқын, сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін анықтадым. Екінші аптадан бастап оқушыларға сабақ бере бастадым. Сынып жетекшілік қызметті атқару барысында сыныпқа «Интернет желісінің зияндылығы» және «Ауғанның от жалыны» тақырыптарына интербелсенді сынып сағаттарын өткіздім. Сынып сағатын өткізу барысында мен ұстазым Жұмашева Светлана Сатыбалдықызының үйреткен барлық әдіс-тәсілдерін қолдандым. Практика барысында Светлана апай бізге әрдайым көмектесіп, сынып сағатын өткізуге бағыт бағдар беріп, оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін нақты түсіндірді. Ұжымдық іс-шара өте жоғарғы деңгейде өтті, себебі бұл іс-шараны ұйымдастыруда Светлана апайдың көмегі көп болды.
Ұстаз әлемдегі ең ардақты, сыйлы, ешкіммен тең келмейтін ұлы тұлға. Мен осындай ардақты ұлы ұстазым Жұмашева Светлана Сатыбалдықызының қолынан білім нәрімен сусындап, өмірлік мамандығымды жақсы меңгеріп шыққаным үшін ұстазыма деген алғысым шексіз.
Қорытындылай келе, мен болашақ ұстаз ретінде педагогикалық процесстің негізгі мақсат, міндеттерін, мазмұнын, формаларын, әдіс, тәсілдерін, құралдарын жақсы меңгеріп, педагогикалық практикада дұрыс қолдана алдым деген ойдамын. Төрт аптаға созылған бұл педагогикалық практика маған ерекше әсер қалдырды. Оқушыларға сабақ беріп, ойларымен бөлісіп, жақсы қарым-қатынаста болып, олармен жұмыс жасаған қатты ұнады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет