Денсаулық сақтау саласы
Ауылдық дәрігерлік емхана ұжымымен халыққа сапалы қызмет көрсету, ана мен бала өлімін болдырмау мақсатында кешенді шаралар іске асырылуда.
Өрнек ауылдық округ аймағы бойынша денсаулық сақтау саласында 1 дәрігер, 2 акушерка, 4 фельдшер, 9 мейірбике жұмыс істейді. Аурудың алдын алу іс шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. 2018 жылы 5160 адам қабылдауда болып, ем алды. Оның ішінде 65 жүкті әйел есепке алынды, оның 59-і аман есен босанды. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.
Сонымен қатар шешімін таппай отырған мәселелер де жоқ емес.
Олар:
- Әбжапар, Жарлысу, Сәлімбай ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету;
- Өрнек ауылына мәдениет үйін салу;
- Сәлімбай ауылына медициналық пункт салу.
Алдағы уақытта осы мәселелердің шешімін табуға бар күшімізді саламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |