Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі


Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!



бет26/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

Қайыңды ауылдық округінің  2018  ЖЫЛҒЫ 

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Елбасының барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі Жарлығына сәйкес жыл басында өздеріңізбен кездесіп, ауылдық округте атқарылған жұмыстарды,алдағы маңызды деген бірқатар міндеттерді сіздердің назарларыңызға ұсынамын.

Өздеріңізге белгілі, әр өңірдің эканомикалық даму басымдықтары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауларында қойылған міндеттер мен қабылданған бағдарламаларға сай айқындалады.

Қайыңды ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар ( Қайыңды, Сөгеті,Мамай). Жалпы түтін саны 357, 1911 тұрғын; ( оның ішінде Қайыңды ауылында 240 түтін, 1249 тұрғын; Сөгеті ауылында 66 түтін, 355 тұрғын; Мамай ауылында 51 түтін , 307 тұрғын орналасқан)

Округте Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппартаты,Р.Смайлов атындағы орта мектеп, 2 бастауыш мектеп, 3 кітапхана, 2 Клуб, почта және 2 дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетуде.

 

Ауылшаруашылығы

Ауылдық округте барлығы 115 ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген.Шаруашылықтар негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Округте барлық егістік алқабы 7300 га. құрайды. 2018 жылдың өніміне 955 га. бидай, 736 га. арпа, егіліп мерзімінде орылып алынды,Ауыл тұрғындары 35 га суармалы жерге бақша дақылдарын(қарбыз,қауын,картоп т.б.), егіп өнімдерін алды және 20 га жер теліміне қант қылшасын егілді.Сонымен қатар 3893 га жер теліміне күздік бидай егіліп, 838 га сүдіргі жыртылды..Шаруалар қысқы мал азығына 1802 тонна табиғи шөп, 486 тонна сабан, 92 тонна жем дайындады. Ауыл округте малдар саны бойынша ірі қара 1161 бас, қой 20595 бас, жылқы 565 бас, құстар саны 2252 құрайды.

Ауылдық округ әкімшілігінің ұйымдастыруымен жеке шаруашылық басшыларымен бірнеше мәрте шаруашылықтарды ірілендіру мақсатында жиналыстар өткізілді.Нәтижесінде 69 шаруашылық өздерінің жер үлестерімен «Луговой жылқы заводы» ЖШС-нің құрамына өтіп,өз үлестерін алуда.

Ветеринария саласы бойынша 3 мал дәрігері жұмыс атқарады.Мал емдеу орталығымен,кабинетпен,керекті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Жыл бойын 20595 бас ұсақ мал,1161 ірі қара малдары және 565 бас жылқы дәріленді. 96 бас иесіз иттер жойылды.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары шеңберінде ауылдық округ тұрғындарымен бірнеше мәрте түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиналыстар өткізілуде.Нәтижесінде бірнеше тұрғындар мен шаруашылық жетекшілері ниет білдіріп несие алатын мекемеге барып,аталған бағдарламалар бойынша кепілдік заттары жетпеуіне байланысты кері қайтуда.Жұмыс жалғасын табуда.


         



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет