Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:
Ар-ұят, адамгершілік:
5, 9, 11, 18, 24, 40, 33
Надандық, жалқаулық т. б. сынау:
3, 6, 8, 11, 18
Дүниенің тылсым сырларын тану:
7, 19, 31, 38, 43
Ғылым, білім, өнер:
23, 32, 33
Қазақтардың мінез-құлқы:
4, 10, 12, 15, 22, 24, 35, 3 ,8
Еңбек:
2, 4, 25, 42
Қазақ мақалдары:
5, 6, 37, 39
Ақын отыз алтыншы сөзде иман, ұят деген ұғымдардың бірлігін, ар-ұятсыз иман-инабатының жоқтығын айтып, «ұят» деген ұғымға тоқталады:
«Ұят деген адамның өз бойындағы, адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнəрсені көрмейді. Мұндай қылыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар».
Абай: «Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да», — деп қынжылады.
Қара сөздердің үздік үлгісі, өрнекті өнегесі — отыз жетінші сөзде жинақты, жүйелі беріледі. Кемеңгер ақын мұнда өмірдің өрнекті тағылымдарын, тəлімді тəжірибелерін барынша қонымды, қысқа-ңұсқа үлгіде жеткізеді.
Абайдың ойынша, білім, ғылым, ізгілік, сезім, махаббат, ақыл мəселелерінің барлығы мінезге келіп тіреледі. Бұл жөнінде ол отыз жетінші сөзінде: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»— деп ой түйеді.
Отыз сегізінші сөздің негізгі идеясы туралы Абай: «Ғұмыр өзі — хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кəмəлат жоқ»— дейді. Нақтылы ой. Бар мəселенің кілті — ғұмыр. Тек ғұмыр болған соң ғана, өзге нəрселер туралы мазмұнды əңгіме жасауға болады.
Ол отыз сегізінші сөзінде былай дейді: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нəрсе бар. Сонан қашпақ керек: Əуелі — надандық, екінші – еріншектік, үшінші — залымдық деп білесің.
Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнəрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бəрі осыдан шығады.
Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады»
Хакім Абай ақиқат хақында айтқанда: «Хақтың бір аты — Алла, ғылым — Алланың бір сипаты» дегенді баса көрсетеді. Иман ісін алға шығарады. Оның пайым түсінігі бойынша, оқыған жастардың өз Отанына пайдасы тиюі үшін, олардың бойында басты адамгершілік сапа имандылық болуы шарт
Достарыңызбен бөлісу: |