Абай әлемі. Жаңа қазақ жазуы Тапсырма №14


Қарасөздерінің көркемдік, жанрлық ерекшелігі



бет3/3
Дата29.05.2022
өлшемі145,59 Kb.
#145418
1   2   3
Байланысты:
Данелқан А. Абай әлемі. 14 тапсырма

2. Қарасөздерінің көркемдік, жанрлық ерекшелігі
Абай Қара сөздері – ұлттық рухтың бірегей көрінісі, рухани биіктіктің өлшемі. Ұлы Абай қазақтың тілі мен ойының мәйегі, пайым-парасатының деңгейіне айналған шығармаларды ұрпаққа мұра етті. Абайдың бізге қалдырған рухани мұрасында әлемдік философиялық ой қазынасына қосылар құнды пікір-пайымдаулар мол және ол жайлы үнемі айтылып келеді. Философиялық сырын тарқатқан зерттеулер де бар. Ойы терең, мәні құнды еңбектердің қатарында Қарасөздер қомақты орын алады.
Қарасөздер де М.Монтеннің «Тәжірибелерімен», М.Достоевскийдің «Күнделіктеріндегідей» және Абайдың өзі бірінші Қара сөзінде анықтағанындай уәжді басшылыққа алады:
…»Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым».
Абай Қара сөздері этникалық сана мен оның тілдік бейнесі ретінде. Оны ой мазмұны сипатында зерделегенде ғана еңбектің сапалық қасиеті айқын көрінеді: Ол – жай ғана көркем туынды, әдеби жанр қатарындағы шығармашылық емес, көркемдік сипат иеленген қоғам өмірінің көрінісі. Ол – һакім Абайдың әлеуметтік-философиялық дүниетанымы арқылы халықтың қоғамдық сана-сезімін қалыптастыруға ықпалы зор болған еңбек. Қара сөздердің бағасы – Абай заманындағы жағдайды, тарихи шындықты бүлжытпай толық танытып бергендігінде, ол сонысымен де өміршең әрі құнды.Абай Қарасөздері өз дәуірінің әлеуметтік, тарихи-мәдени және коммуникативті контексі аясында қарастырылады. Абайдың тілдік тұлғасына қатысты алғандағы зерттеу нысанының бірі – қара сөздерінің табиғатымен байланысты
Абайдың «Қара сөздеріне» зиялы қауым мен зертеушілердің назар аударуы
Жинақтап айтқанда, Хакім Абайдың «Қара сөздері» поэзиялық туындыларынан өзіндік өзгешелігі бар, өмір тағылымы мен тəлімдік қырлары басым еңбектер қатарына жатады. Оның көпке ортақ ұнамды тұстары əркез-ақ зиялы қауым мен зерттеушілер назарын аударғаны белгілі:

  • кезінде Алаш көсемі Əлихан Бөкейхан Абай əлемінің қыр-сырына еркін енген;

  • атақты жазушылар М. Əуезов пен Ж. Аймауытұлы «Абайдың өмірі һəм қызметі» атты мақалада кемеңгер ақын мұраты мен мирасына, абайтанудың өзекті мəселелеріне ден қойған;

  • белгілі ғалым-тілші Р. Сыздықованың Абайдың «Қара сөздеріне» қатысты көзқарас-ұстанымы берік, оқып-бағалауы мəнді, танып-талдауы нəрлі; академик С. Қасқабасов қазақ руханиятындағы Абай дəстүрі назар аударарлық деңгейде болғанын жіті танып, байыпты бағалаған;

  • зерттеуші Р. Тұрысбек «Абайдың мұраты» атты құнды мақаласында: «Тұтастай алғанда, Абайдың «Қара сөздері» ондағы кеңінен айтылып, терең қозғалған мəселелер — «ел мінезінен» өзге: адам əлемі, қоғам, өмір, тұрмыс-тіршілік түйткілдері, даңқ пен даңқпырт, жалқаулық пен талапсыздық, салғырттық пен немқұрайдылық, жамандық пен зұлымдық, «дүние рақаты», ағартушылық һəм адамгершілік мұраттары, ақыл-парасат, білім-ғылым, тарих пен тағдыр, дəстүр мен дін, əдет-дағды, жан-жүрек, мінез-құлық, намыс пен сенім, сыр мен сипат, тəлім-тəрбие т.б. болып табылады»

Көрнекті ғалым, профессор Х. Сүйіншəлиев Абайдың «Қара сөздерін» өте жоғары бағалай келе, өз ойын былай тұжырымдайды:
а) Абайдың қара сөздерін негізінен прозаның шағын түрі деп атау керек;
б) Абайдың қара сөздерінде шағын прозаның мынадай түрлері бар деп білу керек
Өсиет-ғақлияға Абайдың адамгершілік, мораль, мінез-құлық туралы мысал жөнімен келетін өсиет мазмұнды эссе ретіндегі сөздері жəне діни ғибрат ретінде жазған біраз дидактикалары жатады. Олар: «Он үшінші», «Жиырмасыншы», «Жиырма сегізінші», «Отыз сегізінші» сөздері деуге болады.
Тастих, немесе философиялық трактат. Бұған Абайдың философиялық ойларын, дүниеге көзқарастарын білдіретін ғылыми пікірлер айтқан эсселері жатады. Мысалы, «Жетінші сөз», «Он жетінші сөз», «Қырық үшінші сөз», «Қырық бесінші сөз».
Бұдан басқа «Жиырма жетініші сөзі» мен «Отыз сегізінші сөзі» де трактат үлгісіне ұқсайды. Бірақ олар терең ойлылығы жағынан жақын болса да, түрі жағынан біраз алшағырақ. Соңдықтан бұл сөздерді өсиет ретіндегі диалог-кеңес сөз үлгісіне жатқызған жөн.
Нақыл тұспал сөз (афоризм). Қара сөздердің ішінде «Отыз жетінші сөзде» афоризмдер көп. Олар əр жерде шашылып жатыр, өлеңінде де, қара сөздерінде де, əркімнің еске алған сөздерінде де кездеседі. Оларды өз алдына тізсе, мол дүние болып шығады.
Публицистикалары: «Бірінші», «Екінші», «Үшінші», «Он төртінші», «Жиырма төртінші», «Жиырма алтыншы», «Жиырма тоғызыншы», «Отыз үшінші», «Отыз тоғызыншы», «Қырық бірінші», «Қырық екінші» сөздер жəне «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» мақаласы.
Əңгіме, кеңес ретіндегі диалог, монологтарында Абай кейде екі адамды не адам мүшелерін сөйлестіріп, кеңестіреді. Кейде өзі əңгіме-дүкен құрып, тыңдаушысымен не өзімен-өзі кеңесіп отырады. Біреуге сұрау қойып, жауап күтеді, не өзі екінші кісінің рөлінде толғанады. Жауабы өзінен- өзі белгілі сұрақтар қояды. Мысалы: «Төртінші», «Бесінші», «Сегізінші», «Тоғызыншы», «Оныншы», «Он екінші», «Он алтыншы», «Он тоғызыншы», «Жиырма бесінші», «Жиырма жетінші», «Отыз бірінші», «Отыз екінші», «Қырқыншы» сөздері.
Абайдың «Он бесінші», «Он жетінші», «Он сегізінші», «Жиырма үшінші», «Жиырма алтыншы», «Жиырма жетінші», «Отызыншы», «Отыз бесінші», «Отыз алтыншы», «Қырық төртінші» сөздерінің көркемдік сипаты басым; əсіресе мінезсіз адамдардың (кербез, мақтаншақ) бейнесін суреттеуі əдемі шыққан. Аталған əңгімелердің бір тобы көркем дидактика, шешен толғаныс туындылары. Олар кей тұста өткір мысқылмен де қабысады. Кейбіреулері таза диалогты əңгіме. Енді біразы автордың терең толғаныстары, монологы, ақыл айтып, кеңес жасау, толғана сөйлеу ретіндегі монолог. Бəрі де сюжетсіз, белгілі бір ойды ғана білдірерлік шебер, шешен туындылар.
Абай қазақтың болыс, билерін, байларын келеке етті, елдегі қырсыздық, еңбексіздік, надандық, тағы басқа жағымсыз істерді сынай сөйлеп, «Алтыншы», «Он бірінші», «Он төртінші». «Жиырма екінші», «Жиырма тоғызыншы», «Қырық бірінші» сөздерінде публицистиканың сын- сатира, эссе, очерк, мақала, памфлет жанрларын əдебиетке əкелді. Памфлетте ирониялы күлкінің, сатираның элементтері басым болады. Памфлет адамшылыққа жат қылықтарды мұқату, халықты оған қарсы қою, жақсылыққа шақыру мақсатын көздейтін публицистика. Əсіресе «Алтыншы», «Он бірінші», «Жиырма екінші», «Қырық бірінші» сөздері памфлетке ұқсайды.


3. М.Әуезовтің қарасөздерді жіктеуі
Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет