О. Көшеков атындағы
Атырау аграрлы техникалық колледжі
2этм1 оқу студенті
Қабақбай Аян Сейілұлы
Жетекшісі: Абитов С.К.
КӨПТІЛДІЛІК – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ
Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды. Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар ролі өте маңызды. Жер бетіндегі адамға баласына қатысты дүниенің негізі кілті тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер танысып ұғысады [1].
Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер екі тілді немесе көптілді болып табылады. Қазақстан Республикасында шартты турде қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл және ағылшын тіліне беталыс күннен күнге ұлғаюда.
Өз кезегінде орыс тілі елімізге үлкен қозғалыс пен мүмкіндіктер берді. Айта кетсек ол өзге елдермен байланыста болу, ақпараттық алаңға «көпір» қызметін атқарғаны ақиқат. Біз оны жоққа шығармай, мойындап, өткен күннің «ескерткіші» ретінде қабылдауымыз қажет. Бір мәселеге зер салуымыз керек – ол әуесқойлық пікірлер. Негізсіз жастарды орысша сойлейді деп әшкерелеу. Шынына келгенде бұл ересек қауымның мәселесі. Жастардың біршама бөлігі орысша сөйлейтіні рас, дегенмен өте төмен деңгейде. Керісінше бұл адамдарға тілдерін дамытуды ұсыну қажет.
Сонымен қатар тек ағылшын тілін емес қазақ тілінде сойлеу шеберлігін де дамытқан жөн. Елімізде орыс тілін үйрету білім жүйесінің қолынан жақсы келеді. Әдіс –тәсілдері жақсы. Тек оқушылардың немқұрайлығы мен талпынысы аздау болғаны болмаса. Онымен қоса медиа алаңымыз орысша контентке толы.
Тәуелсіздік жылдарында қазақтілді халықтың үлесі 1991 жылғы 37%-дан 2015 жылы 76,3%-ға дейін өсті, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 82,3%-ды құрады. Сонымен қатар, тіл үйренушілер саны өсуде – 2015 жылға қарай плюс 22,3%. Орыс тілді халыққа келетін болсақ, олардың үлесі 2015 жылға қарай 0,6%-ға азайып, 89,4%-ды құрады. Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай елімізде қазақ тілін білу басым болады деп күтілуде: халықтың 95 пайызы қазақ тілін, 90 пайызы орыс тілін еркін меңгереді [2].
Шетел тілін оқу арқылы сіз ойлау күшімен мида физикалық өзгерістер тудырасыз. Бұл нейропластикалық құбылысқа байланысты – мидың құрылымды өзгерту, зақымдануды қалпына келтіру, жаңа нейрондық байланыстарды құру қабілеті артады. Олардың арасында біздің жадымыз, сезімдеріміз және қиялымыз жұмыс істейді. Егер сіз миды жақсы күйде ұстасаңыз, адамның өмір бойы жоғары нейропластикалық қасиеті сақталады [3].
Тіл мәселесіне оралсақ. Әрине, ағылшын тіліне орын болмайтын болашақты ешкімнің елестетуі екіталай. Ағылшын тілінің әлем халқына әсері жыл сайын арта береді деп сеніммен айта аламыз. Сондықтан ағылшын тілін болашақтың тілі деп атауға болады. Ағылшын тілі конференциялардың, мәжілістердің, техникалық құжаттамалардың, ғылыми прогрестің т.б. тілі болуына байланысты сахна сыртындағы халықаралық тілге айналады. Тіпті басқа тілдер де ағылшын тілінен, соның ішінде орыс тілінен алынған кірме сөздермен үнемі толықтырылып отырады.
Қазақстандықтар жаһандану үдерістерінің әсерінен ағылшын тілін белсенді түрде үйренуде. Егер 1991 жылы ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі небәрі 2%-ды құраса, 2012 жылы ол 11,6%-ға дейін өсті, ал бүгінде олардың үлесі 23,7%-ды құрайды. Осының аясында елдегі үш тілді меңгерген халықтың үлесі өсуде – 2015 жылғы 16 пайыздан 2016 жылдың соңында 20 пайызға дейін. Еске салайық, 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне үштілділік қағидасы енгізілді [2].
Көптеген елдерде балалар мектепке барған бойда ағылшын тілін үйрене бастайды. Көптеген отбасыларда бұл процесс ана тілімен бірге әлдеқайда ертерек басталады. Оның үстіне кейбір елдерде тіпті бір жасар балаларға арналған сабақтар да бар. Мұндай процестер ағылшын тілін кеңінен танымал етеді. Жас ата-аналардың көпшілігі бүкіл отбасымен бірге курстардан өтіп, белгілі бір деңгейде ағылшын тілін біледі. Ағылшын тілінің жалпы тіл болып саналуының бір себебі де осы. Көптеген мекемелерде ағылшын тілі бір-бірінің тілін білмейтін адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретінде оқуға ұсынылады және бұл ең маңызды фактор. Кім өзін осылай орналастырса, сол ең тиімді орынға ие болады. Бұл өз тілінің мәдениетіне ешқандай әсер етпейді және ағылшын тілін өте тиімді құрал ретінде пайдалану еркіндігін береді.
Әрине, жұмыс іздеген кезде көптеген адамдар сізден ағылшын тілін білесіз бе деп сұрамай, осы тілде қай деңгейде сөйлейсіз деп сұрайтын жағдайға тап болады.
Қоғамды сандық технологияландыру ағылшын тілінің әлемге таралуына ықпал етеді. Себебі, негізгі ақпараттық технологиялар бізге ағылшын тілді елдерден келеді. Операциялық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің алғашқы нұсқалары әдетте ағылшын тілінде шығарылады. Олар кейінірек аударылады.
Ағылшын тілі әмбебап болып саналады, сондықтан ағылшын тілін негізгі интерфейс ретінде пайдаланбайтын бағдарламалар жоқ. Әрине, кез келген адам электронды жаңалықтарды, гаджеттерді, тұрмыстық техниканы пайдалана отырып, ағылшын тілін үнемі кездестіреді [2].
Жаһандану заманында өмір сүріп жатып ағылшын тілін уйренбеу бассыздық. Жалпы ағылшын тілі- жаһандық тіл, халықаралық бизнес тілі. Біз қаласақ та, қаламасақ та көптілділік сөзсіз орнайтын сыңайлы. Егер сіз амбициялы болып, кабіліттілігіңіз жоғары болып Кембридж, Гарвард секілді оқу орындарына түсуді мақсат қойып жатсаңыз бұл тілді білу міндетті.
Егер айналамызда орысша контент коп десем, ағылшын тілінде тіптен көп. Сонымен, ағылшын:
Білім алу
Жумыска тұру
Саяхаттау
Акпаратты түп нұсқасында қабылдау үшін қажет [4].
Жаһандануға қарамастан, ағылшын тілі ешқашан адамдар сөйлейтін жалғыз тіл болмайды. Әр ұлт өзінің ана тілін, мәдениетін, құндылықтарын, салт-дәстүрін одан әрі дамыта береді.
Әдебиеттер
Көптілді және көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру. Ғылыми жоба 2019 жыл. Нурсейтова М.Ж. Ахмет Байтұрсын атындағы ҚМУ-дегі баяндамасынан алынды.
А.Қ.Әлімов. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. Алматы, 2012.
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы. /Егемен Қазақстан. 15 желтоқсан 2012ж.
https://e-history.kz/kz/seo-materials/show/31151/ © e-history.kz
ranking.kz
Достарыңызбен бөлісу: |