Қорытынды.
Қорыта келгенде, Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп, өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасында орын алады. «Соқтықпалы, соқпақсыз» заманда өскен , «Атаның баласы емес, адамның баласы болуды» уағыздайтын ғұламахәкім «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» деп толғанады. Оның ойынша, адамзатты, әділетті сүю- толық тұлғаға тән басты кісілік қасиет екенін түсіндіреді. Адамды сүйіп, құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясы түпкі негізі- адам, Толық адам. Абай арманындағы Толық адам өнерлі ,білімді, еңбекқор, адал, әділ , жылы жүректі , ыстық қайраттыы , ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек. Ал махаббатпен сүю, адамды сүю, Алланы сүю, әділетті сүю- Абай шығармаларының биік мұраты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н. Назарбаев «Абай и наше время». Абай, наследники на перепутье»
Аламты, 1995г.
2. М. Әуезов. Абай Құнанбаев. Алматы: Санат 1995ж.
3. Е. И. Григорьев. «Прометей великой степи».Усть-Каменогорск, 2005 год.
4. Қ. Бітібаева. Абай шығармашыларын оқыту. Алматы: Атамұра, 2003.
5. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. А, 2006ж.
6 Б. Майтанов. Абай. Тарих,тұлға, уақыт. Алматы: «Аруна» баспасы.2010.92 бет. « Шығыстың ұлылары. » топтамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |