Абай мұрасының танымдық – тағылымдық МӘні кіріспе



бет6/8
Дата22.12.2021
өлшемі55,3 Kb.
#127560
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жоба (1)

Абайтану.

Жиырмасыншы жылдардың басында Абай шығармаларын жариялау қолға алынды. Қазақстан Оқу комиссариаты Абай шығармаларының толық жинағын құрастырып басып шығаруды ресми түрде ақын Бернияз Күлекеевке тапсырды. Абай өмірбаяны мен шығармалары «Еңбекші қазақ»,»Ақжол», «Степная правда» газеттеріне жарияланды. Қазақ қаласында 1922 жылы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын (1909) қайтадан басып шығарды. Дәл осы жылы Ташкент қаласында Абайдың өлеңдер жинағы да осы қалыпта басылым көрді. Абайтану тарихында С.Мқұқановтың Абай жөнінде жазылған тұңғыш «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер» деген сын мақаласынан бастап ұлы ақын мұрасын танып бағалау, таныту жолындағы ой – пікірлер Абай мұрасын таза халықтың таным тұрғысынан танып бағалауда Ғ.Сағди , І Жансүгіров , Б. Кенжебаев т б болды. Абай мұрасын танып бағалауда 20-жылдардың басы мен 30- жылдардың аяғында саяси- әлеуметтік жжағдайға байланысты туындаған , әрі айқын көрініс берген үш түрлі бағытты байқаймыз:



  1. Тұрпайы социологиялық танымдағы ағым;

  2. Абай мұрасын тіршілік (формалистік ) тұрғыдан танып бағалау әрекеті;

  3. Абай мұрасын тануда компаративистік таным тұрғысынан бағалау.

М.Әуезов ұзақ жылдар бойы Абайдың әдеби мұрасы туралы үздіксіз ізденудегі әрекетін бір- бірімен іштей байланысты 4 салаға бөле қарауға келеді.

  1. Абай шығармаларын жинауы текстологиялық жағынан сұрыптауы, жариялауы туралы еңбектері.

  2. Абай өмірбаянын қайта жазып, қызметі мен дәуірі ,заманы жайында деректер жинап , естеліктер жаздырып, жоғалуға айналған өлең жолдарын қалпына келтірумен айналысуы.

  3. Абай өмірі мен шығармалары туралы арнайы зерттеу жұмысын жүргізуі.

  4. Жоғары үш саланың негізінде Абай мұрасын ақын туралы көркем шығармалар жазу арқылы танытуы.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап абайтану саласында жазылған зерттеу еңбектерінің бағыт- бағдары да өзгеріп, ғылыми тұрғыда ұлттық таным негізі шешуші орынға шыға бастады. Мысал ретінде атап өтер болсақ, А Машановтың «Әл- Фараби және Абай»,Ғ.Есімовтың «Хакім Абай», М Орынбековтың « Абайдың философиялық көзқарасы », М.Мырзахметовтың «Абайдың адамгершілік мұраттары» (1994) деп аталатын еңбектері Абайдың дұние танымы туралы күрделі мәселлерді шығыстан ажыратпай қазақтың ұлттық философиясы негізінде қарастыру арқылы абайтану саласында жаңа бағыт- бағдарды ұсынып отыр. Абай шығармаларын көшірген Бикейұлы Мүрсеиіттің үш қолжазбасы бар.

Оның 1905 жылы жазылған дәптері 232 беттен тұрса, ал 1910 жылы жазылған дәптері 204 беттен тұрған. Осы қолжазбалар (1905- 1910 ) Қазақ ССР Ғылым академиясында сақтаулы. М Әуезовтың кітапханасында 1907 жылы жазылған қолжазбасы сақталған.Көшірменің үшеуі де араб емлесімен жазылған.Мүрсейт Бикеұлы Абай өлеңдерін оқитын жастарға , қарттарға кітап етіп көшіргендерін сатып,кейде арнайы тапсырған кісілердің айтуы бойынша Абайдың қара сөздерін көшіріп берген.Сонымен қатар,Абайдың шәкірттері Көкбай, Ақылбай, Мағауиялардың шығарған поэмаларын да қосып көшірген. Абайдың өз қолымен жазылған нұсқалары жоғалып кеткен, сондықтан Мүрсейттің қолжазбаларын нақтылы жазба дерек есебінде пайдаланып келеміз.

Абай шығармаларының ішінде тәлімдік- тәрбиелік мәні зор өлеңі- «Дүние де өзі, мал да өзі ».

Абай поэзиясының көкейкесті мәселесі 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінде анық көрінеді. Бұл - санаға ойтүрткі салар нақыл, өсиет, тағылым айту тақырыбындағы тұңғыш шығармасы болуымен қатар ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым- білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.

1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба!», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа өсиеті түрінде жазылған .

Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы – ғалым болу керектігін түсіндіреді. Білімнің адам үшін таусылмас кені,бақытқа бөлер дәуірдің ұл- қыздарына сенім мен үміт қоса үн тастайды.

Өзі билеуші тап ортасынан шықса да, тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады. Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп, дос тұта сөйлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет