Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз



бет36/58
Дата02.02.2023
өлшемі164,75 Kb.
#167189
түріПоэма
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Байланысты:
, Создать Документ Microsoft Word, проведение челленджа видеороликов Мой тревожный чемоданчик

 Жалпы, Жаяу Мұса өзегін өртеген өртті өз шығармаларының бойына сіңіре білген. Ол үшін түрлі музыкалық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланған. Скрипкада ойнаған сазгердің музыкалық білімі де жетік болғаны даусыз. Оған Ахмет Жұбановтың жазған жазбаларындағы деректері де дәлел бола алады. Атақты музыкатанушы: «Ресейдің шеткері қалаларының бірі болған Омбы секілді қалада ең болмағанда бастапқы музыкалық білім алудың өзі орындалмас арман болатын. Дегенмен Омбы Мұсаның музыка мектебіне айналады: ол орыс классиктерінің шығармашылығын мұқият зерттеп, сыни әдебиет оқып, концерттерге қатысты. Бұл қалада Мұса бірінші рет үрлемелі аспаптар оркестрінің ойынын естиді, орыс халық аспаптары оркестрімен танысып, кәсіби музыка туралы алғашқы мәлімет алады. Егер ол бұған дейін тек ән мен күйді ғана есітсе, енді басқа музыка жанрлары — марш, вальс, мазурка және т.б. болатындығын білді» дейді Жаяу Мұса туралы. Яғни қазақ топырағына шетелдік стильдерді әкелуші деп танысақ артық емес. Ал ақынның жиеншары, ақын Арман Қани «Ақ сиса» Жаяу Мұсаның ең күрделі шығармаларының бірі екенін айтады. Кез келген әншінің жеріне жеткізе орындауына жүректері дауалай бермейді. Жалпы, ақын әлемдік музыканы меңгергендіктен, аталмыш шығарма марш түрінде шығарылған. Бірнеше нұсқасы бар. Дегенмен қай-қайсысын айтуға да әннің жілігін шағып, майын ішкен өнерпаз керек. Рухпен айтылатын рухты ән болғандықтан ол ырғалта жөнелетін жеңілдікпен орындауға келмейді.
Жаяу Мұсаның «Ақ сисасы» — қазақ топырағындағы теперішті тағдырдан хабар беретін сом туынды. Мұндай маңызы терең әнді орындау үшін бірінші кезекте салмақ керек және иірім-қайырымдарын меңгерген өнерпаз айтса, құба-құп. Сол себептен де «апам тойға барады, мен де барамын» дегенге салынбаған абзал. Ол әннің қадірін қашырмаса, арттырмайды. Сондықтан да «Ақ сисаға» аңсары ауған әуесқой әншілер бірінші кезекте мәтін мен музыкалық қырының тереңдігіне үңілгені жөн.
Тағы бір дерек…

1860 жылы жаламенен 12 жылға Тобылға жер аудартады. Осы уақытта Жаяу Мұса «Ақ сиса» әнін шығарған. Бұл ән Мұсаға өлгенше қажымайтындай қайрат бергендей, Мұстафада кеткен кегі қайтқандай әсер етті. Тобылда айдауда болғанда емдеуші фельдшер Меньшиков пен адвокат Рубановтың ақылымен ақ патшаға: «Бұйрығыңның бәрін орындаймын, әскеріңде адал қызмет етемін» деп арыз жазады. Сөйтіп, Жаяу Мұса әскер қатарына алынды. Оны Орта Азия жорығына даярлап, Литвада құрылып жатқан генерал М.Г.Черняевтың отрядына жібереді. 1863-1865 жылдары осы отрядтың құрамында болып, Литва, Латвия, Польша, Украина мен Белоруссияда, Қазақстанның оңтүстігінде, Әулиеата, Шымкент, Верный жорығына қатысты. Ақыры генерал Черняевтың қазақтарға көрсеткен қиянатына шыдай алмай, Мұса туған еліне қашады. Бірақ барған соң да ата жаулары тыныштық бермей, тағы қуғынға салады. Біраз уақыт Қазанда тұрады, сол уақытта «Қазан қыздары» деген әнін шығарады. «Ақ сиса» шырқалып шыққанда-ақ төбесінен жай түскендей болған Мұстафа Шорманов Жаяу Мұсаға неше түрлі жала жауып, Құсайын Боштаевқа Жасыбай көлінің тұсынан жер алып береді. Төбет, Шымыр ауылдарын алды-артына қаратпай, көшіріп жібереді. Жаяу Мұсаның туыстары Далба тауындағы Ақшоқы деген жерге көшіп келеді. Мұсаның:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет