Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет136/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


90 
ӘОЖ 82(547.4) 
 
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ 
 
Қуатқызы Г. 
Ғылыми жетекші:Садыкова Д.О.
 
 
КеАҚ
 
«Семей медициналық университеті», Семей қ. Қазақстан Республикасы
 
 
Өзектілігі: 
Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен тіл көркемдігі ерекше 
өзіндік қырлары арқылы ұрпақтан
-
ұрпаққа аманат болып келеді. Ақынның кез
-
келген 
шығармашылығын алып оқысақ та, ондағы образдарды, айтқысы келген негізгі ойын анық 
әрі қилы түрде көруге болады. Оны дәлелдейтін шығармашылығының бір түрі 

қара 
сөздері.
Жұмыстың мақсаты
: Абай Құнанбайұлының қара сөздерін тереңірек зерттеп, мән
-
мағынасын ашу.
Мәліметтер және зерттеу әдістері: 
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің өзіндік 
ерекшелігін түсініп, мағынасын ашу арқылы қорытынды жасау.
Зерттеу нәтижесі: 
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845
-
1904) 

бұрынғы
Семей 
губерниясына қарасты Шыңғыс болысындағы Құнанбай Өскенбайұлының отбасында 
дүниеге келді. Ол 

ұлы
ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың 
реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. 
Ұлы
Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары 
көп ойландырған. Ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға 
тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, 
жан
-
жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда 
адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де 
толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық 
шығармаларында, оның ішінде қара сөздерінде адам баласының өмір сүру мақсатын, сол 
мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы 
заңдылықтарын терең түсіндіріп көрсетеді.
Абай көзі тірісінде 170 жуық өлең жазған. Ең танымалы 
– 
9 жыл бойы жазған «Қара 
сөздері». 45 қара сөзден құралған бұл шығармасы әлі күнге өзектілігін жойған емес. Абай 
қазақ поэзиясында бұрын болмаған жаңалық ашып, өмірінің соңғы
кезеңінде қара 
сөз(ғақлия) жаза бастаған. Барлығы 45 сөз және «бірер сөз қазақтың түбі қайдан 
шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласынан тұрады. Ақынның қара сөздері ең алғаш 
1918 жылы, хәкім қайтыс болған соң 14 жылдан кейін Семейден шығып отыратын «Абай» 
журналында жарық көрді.
Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні жайлы 
талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу 

қажып, жер ортасы жасқа келгенде бұлардың ешбірін кәсіп қылғысы келмеді. Осы 
уақытқа дейін қылып жүрген істерінің байлаусызын, баянсызын, барлығының қоршылық 
екенін бірінші қара сөзінде атап көрсетеді. Қорытындысында ойына келген нәрселерді 
қағазға жазып, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылуды жөн көреді: «Кімде
-
кім ішінен 
керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын ,керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, 
ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ»,

деп ойын түйіндейді.
Абай Құнанбаев оқу
-
білім, ғылым тақырыбына да ерекше көңіл бөлген. Өз 
заманындағы халықтың надандығы мен сауатсыздығына күйіне отырып, ішкі 
жанайқайынан туған ойларды Абай қара сөздерінде шебер суреттей білген. Оған бір дәлел: 
жиырма бесінші қара сөзді ала аламыз. Жиырма бесінщі қара сөзде: «Балаларды оқытқан 
да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады. Ол 
үшін бұл жер дарулхарап, мұнда әуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны 
аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап
-
ішімге 
малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына уә әртүрлі пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, 


91 
сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. 
Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына 
жақсы түседі. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да 

бәрі орыста тұр.»,
-
делінген. Бұл қара сөзінде: Баланы жеті жасқа дейін жеті тіл үйретуге болады демекші, 
балаң адам болсын десең, дүние жинамай, бар малыңды сатсаң да оған білім беріп қалуға 
тырыс. Егер дүние қуып, дүниенің қызығына батып кетсең, онда өзіңнің де, балаңның да 
болашағы қараң қалады және орысша оқып үйрену керек деген ой қозғайды. Білімдінің 
көзі ашық демекші, ұлы Абай атамыз бұл қара сөзінде жастарды білімге шақырады. 
Халқымыздың үлкен мұрасы Абайдың қара сөздері ұлы ақынның сөз өнеріндегі 
көркемдік қуатын, даналық дүниетанымын даралап көрсетеді. Негізінен сұрақ
-
жауап 
немесе өзімен
-
өзі кеңесу болып келеді. Абай қара сөздерінде адал еңбек ету, егін салу, 
саудамен айналысу, өнер мен ғылымды игеру, адамгершілік,имандылық сияқты 
мәселелерді кеңінен талқылайды.
Қорытынды: 
Қара
сөзде
тек бір халықтың не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді 
айтумен ғана шектелмеген, онда ғұламаларды жылдар бойы толғандырып келген 
мәселелерге талдау жасалған. Сондықтан да Абайдың қара сөздері 

әлемдік өркениетте 
өзіндік орны бар қайталанбас мәдени мұралардың бірі болып табылады.
Абай қозғаған бірлік, ізгілік, адамгершілік, білім жайлы мәселелер бүгінгі күнде де 
болашақта да маңызын жоймақ емес.Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек келешегіміз 
жарқын

болшағымыз баянды болары сөзсіз. Қазақ халқының әдебиетін биік шыңға 
көтеруші Абай данамыздың шығармашылығының ұмыт болуына ешқашан жол бермеуіміз 
қажет, қатарластар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет