68
ӘОЖ 82(574.4)
ҚҰНАНБАЙ БЕЙНЕСІ
Иканова А.Т.
Ғылымижетекшісі: п.ғ.к М Жороқпаева
КеАҚ
«Семей медицина университеті»
,
Семей қ. Қазақстан
Республикасы
Өзектілігі:
Қазіргі
таңда
Абайдың
әкесі
Құнанбайды
зерттеуге
қызығушылық
танылуда,
өйткені
М.Әуезов
айтқандай, Құнанбайдың
кім
болғанын
білмесең, Абайдың
кім
екенін
білу
қиын. Сол
себепті, Құнанбайдың
бейнесі
әлі
күнге
дейін
өзекті
.
Мақсаты:
Құнанбай
бейнесін әр
қырынантану. Құнанбай
Өскенбайұлының
өмір
деректерін
зерделеу.
Материалдаржәнезерттеуәдістері:
жинақтау, талдау.
Зерттеунәтижесі:
дана ақын
Абайдың
әкесі
Құнанбай
туралы
ғалымдардың
пікір,
көзқарастары
сараланды. Құрбанғали
Халидтың «Тауарих
Хамсасы», Әрхам
Ысқақовтың
«Абайдың
өмір
жолы», Турағұлдың «Әкем Абай туралы» естелігі,
Көкбай
ақынның
жазғандары, Әрхам
Ысқақов пен Ниязбек
Алдажаровтың
шежірелері, әсіресе
,
Ахат
Шәкәрімұлының «Құнанбай
туралы» және «Менің
әкем, халықұлы
–
Шәкәрім» естеліктері
Құнанбай
жөніндегі
алғашқы
дереккөздері. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман
-
эпопясында
Құнанбай
кеңестік
идеологиялық
ықпалына
сай
бұрмаланғанымен‚ жан
-
жақты
сипатталып, шебер
сомдалған. Қазақ
елі
үшін
қаншама
еңбек
еткенін
білдік. Жұртының
өзіндік
дәстүрлеріне
сүйене
отырып, әділ
әрі
уақтылы
шешім
қабылдайтын
би, төре
болғаны
жайлы
мәліметтер
келтірілді. Балаларға
орысша
сауаттылықты
үйретіп
,
орысшабілімберіп, біруақытта ислам дінін уағыздаушы болғаны туралы да аталды. Ахат
Шәкәрімұлының Құнанбай туралы айтқан ойлары, келтірілген дәйектеріне сүйенсек,
қазақтың қасиетті, ұлы адамының бірі
–
Құнанбай Өскенбайұлы дейді.
Бала
кезінен бастап, Құнанбай өте ұғымды, зерек, алғыр, бір естігенін, оқығанын
ұмытпайтын
болған. Ол ес біле бастағаннан әкесінің қасында отырып,
көп әңгіме
оқиғаларды биліктерді естіп, қазақтың өткір сөздерін, мақал
-
тақпақтарын нақыл
-
сөздерін,
батырлар, эпостық жырларын, тарихи оқиғаларды жадына сақтап алатын болған. Жас
күнінен шешендік өнерге, сөз тапқыш әдіске бейім болады. Адамдық
борышты қалай
ақтау керек деген сұрақ Құнанбайдың ойынан ерте кезден орын алған. Құнанбай да 15
жасынан бастап күреске түсіп, ел арасындағы өзі құрбы балуан дегендерді жығып, балуан
атанған. Құнанбай билік айтқан дамынау би, мынау жуан, мынау аталы деп, олардың
ажарына мансап
–
дәрежесіне қарамайды, тек істің ағына қарайды.
Сондықтан, ел
Құнанбайды әділ мырза деп атандырады. Құнанбайды қашан қажыға барғанша халық
«Мырза» деп атаған. Құнанбайдың уәдеге берік, ұстамдылығы, қайратты, жігерлілігін,
сабырлы, шешен, болжампаздығын ел аңызетеді.
Құнанбай
бейнесін ашу, Абайдытану. Міне, Абайтанунегізіқайдажатыр.
Әрбір
тарихты жандандыру үшін, жасалған игі істер әрі қарай жалғаса береді. Біз үшін қызық
болған тақырыптың түп
-
тамыры да осында.
Қорытынды:
Халық Құнанбай айтқан көптеген дана сөздерді сақтап қалды.
Құнанбай бейнесі арқылы өскелең ұрпақ батырлық, батылдық, шыншылдық, діндарлық
т.б. асыл қасиеттерді бойларына дарыта алады.
Құнанбайдың
асыл сөздерін Ахат Шәкәрімұлының естеліктерінен көп таныдық.
Қазіргі кездегі қазақ халқы үшін олар маңызды екенін көрдік, әсіресе
,
біз
секілді
жастар
үшін
! «
Абайтану» секілді
«
Құнанбайтану» деген
ғажап
дүние
шығаруға
болады. Бұл
тақырыпты
қозғай
берсек, білеріміз
көбейетіне
көзіміз
жетеді. Құнанбай тек дана Абай
әкесі
емес, қазақтың
Құнанбайы! Өз
халқының
нағыз
көрнекті
ұлы! Әрқашанда
тарихта
үлгі
тұлға
ретінде
қала
бермек.
Достарыңызбен бөлісу: