Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет153/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

Негізгі бөлім.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі 

қара сөздері.Абайдың қара
сөздері (Ғақлия) 
– 
ұлы ақынның сөз
өнеріндегі көркемдік 
қуатын

философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде 
жазылған прозалық
шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын 
Абайдың қара
сөздері тақырыбы жағынан бір бағыттажазылмаған, әр алуан болып келеді. 
Сонымен қатар жоғарыдағы айтқанымыздай
педагогикалқ, әлеуметтік, философиялық 
жағынан ғана емес психологиялық жағынанда өте маңызы болып табылады.
Абайдың"отыз бірінші сөзінде"айтады Адам естілген нәрсені ұмытпастыққа
төрт түрлі 
себеп бар дейді. Оның әуелгісі
– 
көкірегі байлаулы берік болуы керек;
Екінші 
– 
сол
нәрсені 
естігенде, я көргенде ғибрәтлану
керек, көңілденіп, тұнышып, ынтамен ұғу
керек; Үшінші 

сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайталап,
ойланып, көңілге бекіту керек Төртінші 

ой 
кеселді нәрселерден қашық
болу керек. Абайдың осы айтып кеткендерінің барлығы 
адамның психологиясын суреттеп, ашып, жеткізіп бергендей. Сол сөзінің ақырында
ой
кеселдерінен уайымсыздық, салғырттық, күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге 
құмарлық пайда болатыныайқын көрсетілген.Осылардың барлығы психологияның кері 
баламаларын айқындайды

Абайдың « жетінші қара сөзінде »тән жанның қонақ үйі делінген яғни тән болмаса 
жан өспейді,қуат таппайды.Содан келе "жанның азығы" және " тәннің азығы" деген 
күрделі философиялық ұғымды
алып баяндайды. Жан азығы дегені адамның бойында туа 
пайда болатын жан құмары үшін негізінен өзін тануы, білім іздену кітап оқу арқылы 
ғылымға ғашық болып білсем, көрсем, үйренсем деп түсіндіріледі. Тән азығы дегені тәннің 
қажеттіліктері ұйқы,тамақ,киім яғни ішсем,жесем,ұйықтасам болып табылады бұларсыз да 
адамның өмір сүре алмайтыны және де жан қажеттіліктері
орындалмайтыны белгілі. Осы 
жоғарыдағы айтылған жан қажеттіліктері
және тән қажеттіліктері
тұрғысында айтылған 
әрбір
сипаттаманың адамның тікелей психологиясы жайында
баяндалып тұрғанын ашық 
түрде байқай аламыз. Абай атамыз " Тәннен Жан артық " яғни жан қажеттіліктері тән 
қажеттіліктерінен үстем болуы керек деп түсіндіреді. Оның мағынасы 


101 
білсем,көрсем,үйренсем деуі арқылы білімге және ғылымға жақын болу,солар арқылы 
бірінші жанын кемелдендіру деп түсіндіреді.
Абай атамыз " отыз жетінші сөзінде" нақыл сөздерін тізе жазып былай дейді "Адам
баласын заман өсіреді, кімде
-
кім жаман болса, оның замандасының бәрівиноват", 
– 
деп әр 
адамның заманға, заманның адамға әсерін сөз қылып айтады. Осылайша, Абай заманды 
қалыптастыратын адамдардың өздері екендігін, сондықтан,
әр адам өзін дамытуға, өзін 
тәрбиелеуге күш салу керектігін меңзеп білдіреді. Ол, сонымен қатар, "Мен егер 
законқуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеугеболмайды деген кісінің тілін 
кесер едім", 
– 
деп, адамның кез келген уақытта өзін қолына алып, түзеле алатындығын 
және адамның мінезін де өзгеретіндігін айтады. Бұл жерде де біз Абайдың адамның ішкі 
жан дүниесі, мінезі, психологиясы әр кезде өзгерісте болатынын және жақсы жағына даму 
керек екендігін біле аламыз.
Абай атамыз тағы бірде яғни
“жиырма тоғызыншы cөзінде” Әуелі
«Жарлы болсаң, 
арлы бол»
дейді. Олай дегені адамнан Ар кетсе тірі болып жүргені құрысын дейді, ар
әр 
адамның ең басты құндылығы болып табылады. Егер адам арынан айырылытын болса 
барлығынан айырылады.Ондай адам дегеніміз адал еңбегімен өмір сүру, адал еңбегіменас 
тауып жеуденде мақұрым болады. Сонымен қатар
бұл сөздегі тағы бір айтылып тұрған ой 

ең басты мәселе
адамның психологиясының тыныштықта болу маңыздылығын меңзейді.
Абай атамыз осы « төртінші сөзінде » өте
маңызды іргелі тақырыптарды көтеріп
айта келе “Күлкі өзі бір мастық” дейді. Осы сөзін ашып бағамдай келетін болсақ күлкіге 
салынған адам осы дүниеде де, ахиретте
де көп ғафил (бос өткізу) етіпалады дейді. 
Сонымен Абай атамыз жалпы күлкіні екі түрге бөліп қарастырады.Олар “арзан күлкі және 
қымбат күлкі” делінеді. Мұндағы арзан күлкі дегені бойама күлкі,жағымпаз 
күлкі,өтіріккүлкі т.б адамға еш пайда бермейтін жалған түрдегі күлкі болып табылады.Ал 
қымбат күлкі дегені бұл адамның шынайы,табиғи күлу ол күлкі сондай жаны,рухы таза 
адамнан ғана шығады деп түсіндіреді. Ақынныңайтуы бойынша,күлкі адамның сапасын 
анықтайды.Абай атамыз бір сөзінде біреудің кемшілігіне күлсең ыза болып күл 
дейді.Ызалы күлкінің өзіде қайғы дейді, ол сені мастыққа (ғафилдікке) жібермейді дейді. 
Cонда негізгі ой адамды мастықтан сақтандыру екенін тісінеміз.Абай осы сөзінде
«Уайым 
-
ер қорғаны, есі барлық. Уайым адамның тіршілік теңізіндегі мәселесін (проблемасын) 
көрсетіп береді.Бірақ ол сол уайымға кіріп алып шыға алмай қалатын болса, ол нағыз 
антұрғандық болады. Ал сол уайымды тапқаннан кейін оны азайту керек » дейді .Бұл 
сөздеде психологиялық тұрғыдан алып қарайтын
болсақ адамның күлкісінде сондай 
түрлерге бөліп қарастырылуы
адам үшін соншалықты маңызды екендігі және адамның 
психологиясына тіпті өміріне
әсер
ететіндігі айтылуда.
Абай атамыз өзінің «отыз екінші сөзінде» Білім
-
ғылым үйренбекке
әуелі
білмек 
керек дейді. Талаптың өзінің
біраз шарттары бар екенін айтады. Әуелібілім
-
ғылым 
табылса, ондай 
– 
мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің қызықтары
үшін
іздемекке керек. 
Оның себебі білім
-
ғылымның өзіне ғана
құмар, ынтық болып, әр білмегеніңді білген 
уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил (тыныштық ) болады. Cол білгеніңді берік ұстап

тағы да білмекке үміт қылар болсаң сонда махаббат пайда болады. Егер дін көңілің өзге 
нәрседе болса, білім
-
ғылымды бірақ
соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең ондай білімге 
көңіліңнің мейірімі шала болады. Егер адамңның көңілі шын мейірленсе, білім
-
ғылымныңда өзі де адамға мейірленіп тезірек қолға түседі. Екінші

ғылымды үйренгенде, 
ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.Бахасқа (талас) бола үйренбе, себебі әрбір 
бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. 
Мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адамды шатастырып, жалған сөздерге 
жеңдірмекші болады. Үшінші

әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе соны
тұт, өлсең айырылма дейді. Жалпы Абай атамыз осы сөзінде ғылымды, ақылды 
сақтайтұғын мінез деген сауыты болады дейді.Сол мінезден айырылма дейді, егер одан 
айырылсаң оқып үйренудің
керегі болмайды.Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде 
тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын 


102 
деген. Бұл сөздеде түсініп, қарайтын болсақ психологияға байланысты, яғни оның шынайы 
бір қалыпта болуы керектігі жайында меңзеліп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет