Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет149/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

Материалдар мен тәсілдер
: Ғылыми жұмыстарды іздеу дәлелді қазақ 
әдебиетінің мәліметтерінен, мамандандырылған іздеу жүйелерінде және басқа да 
ақпарат көздерінде жүргізілді. Ақпаратты іздеу тереңдігі : 5
-
10 жыл
 
Зерттеу нәтижесі: 
Абай 
– 
ұлы ақын, композитор, қазақ жазба әдебиетінің 
негізін салушы аудармашы, философ ғалым. Ол өзінің шығармаларында адамның 
тұлға болып қалыптасуын, адам бойындағы ерекше қасиеттерді және адмға аулақ 
жүру тиіс қасиеттерді басты назарда ұстаған. Сол себептен Абай атамыздың 
мұрасын қазіргі жастарға насихат ету олардың болашақта өз бойларынан сол 
қасиеттерді іздестіруге ұмтылдырады
Абай өлеңдері өзіндік бір ізі бар ерекше қайталанбас ою іспетті. Атамыздың 
қай
шығармасын, қара сөзін алып қарасақта ішінде беретін ойы мен терең мән 
жатыр. Мысалға Хакім Абайдың 17 қара сөзінде келтірілген ақыл, қайрат, 
жүректіңталасы жайлы айтып кетсек. Атамыздың шығармаларында толық адамның 
бойында осы үш қасиет болуы абзал делінген. Бірақта егер сол үш қасиетті жүрекке 
бағындырар болсақ, қайратта бар қарулы күш, ақылда бар білгірлік жүрекке келіп 
тоғысып адам үшін рухани байлық ашылатыны жайлы айтылған. Демек, Абайдың 
қай шығармасы болмасын ол адам үшін қажетті тағылым мен насихатқа толы.[2,3]
Абай өз шығармаларында бала тәрбиесіне де мән берген. Себебі қазіргі жас 
ұрпақ
еліміздің келешегі, ал біздің жастарымызға, ұрпағымызға салғырт 
қарағанымыз 

біздің еліміздің болашағына салғырт қарағанымыз. Сондықтан біз 
қазіргі жастарды, Абай атамыздың «толық адам» модуліне ұмыла сусындырар 
болсақ нұр үстіне нұр болар еді, өйткені жастарды тәуелсіз руханилыққа байыта 
отыра біз өз еліміздің болашағынада нық сеніммен қарай аламыз.[4]
Абайдың өлеңдерінің, шығармаларының, қара сөздерінің басты берер ойы мен 
идеясы адамгершілікке тән бағалы қасиеттердің сол заман адамдарының бойынан 
табылмауы, Абайдың оны жеккөруінен емес керісінше сол адамдардың бойынан 
табылуы тиіс қасиеттердің болмауынан іштей қынжылғанын және сол қасиеттерді 
сіңіріп өсу керек деген ой қалыптастырғанынан аңғаруымызға болады.[5]
Әрбір
ғасырда кедейдің жоғын жоқтап, мұңын тыңдап, жағдайын жасауға 
атсалысқан елі үшін, халқы үшін
жанын қиюға дайын перзенттер болған. 
Абайшығармаларында да осындай кісілердің бойындағы қасиеттер де айтылған 
олар: сүйіспеншілік, қайырым, қанағат, таза ниет, имандылық, еңбекқұмарлық, 
адалдық, ұят, бауырмашылдық. Сол себептен де халқымыздың менталитеті, тілі, 
сенімі жайлы айтқанда Абай туралы айтпай кету қиын.[6]


99 
Хакім Абай атамыздың толық адам идеологиясымен жантану идеологиясын 
қазіргі
жаңа заманда одан сайын тереңдетіп зерттеу қажет.Себебі бұл қос ілім 
қазағымыздыңғана емес барлық түркіелдерінің тіпті әлем адамдарының рухани және 
моральдік құндылықтарын жоғарғы деңгейге көтеретін ілімдер. Сондықтанбарлық 
күшті осы мәселелерді шешуге салып, тезірек зерттеу нысаны ретінде қою керек деп 
санаймыз. [7]
Әр
адам ойында тарихи сана болу керек. Әрбір қоғамдағы адамда өзіндік 
санасы мен тарихи санасы қалыптасқан болуы қажет. Тарихи сана жойылмайтын 
болса аяғында рухымыз оянып, кейіннен халықымыздың ұлттық санасын күшейту 
үшін қызмет етеді. Абай атамыз осы айтылғандардың барлығын зерртеп, қорытып 
бір тұтас ойды бізге мұра етіп қалтырған адам. Абайдың басты идеясы ұлттының 
мақсат мұратына қызмет қылатын ой қалдыру болды.Қазіргі таңда шынымен
Абайдың идеясы ұлттымыздың қазынсына айналып отыр. Егер қазіргі ұрпақ, 
болашақ ұрпақ өз заманының тұтқасын Абайдың шығармаларынан іздейтін болса, 
еліміздің келешегі де жарқын болады. Себебі Абай айтқан намыс пен сырды, өнер
-
білімді және осы қасиеттердің басын біріктіріп отыратын ақыл,қайрат,жүректі 
иеленген жастар Еліміздің айқын болашағы болатыны сөзсіз.[8]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет