Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі»



бет1/5
Дата22.11.2023
өлшемі100,5 Kb.
#193035
түріКонкурс
  1   2   3   4   5

Хабарландыру
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 14.11.2023 -22.11.2023ж аралығында қазақ сыныптарындағы бастауыш сынып мұғалімі уақытша декреттік демалыс орнына лауазымына конкурс жариялайды.
23.11.2023ж сағат 10:00де бастауыш сынып мұғалімі лауазымына үміткерлердің құжаттарын қарау бойынша конкурстық комиссия отырысы өтеді.
Өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Әуезов даңғылы 17.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 14 қарашасынан 2023 жылдың 22 қарашасына дейін.
Абай облысы, Семей қаласы Әуезов даңғылы 17 мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. мектеп поштасына электронды форматта semey_sosh27@mail.ru
Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мектеп әкімшілігі




Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Абай облысы, Семей қаласы, Әуезов даңғылы 17, т. 32-77-71, электрондық адрес: semey_sosh27@mail.ru
Мемлекеттік білім беру ұйымының қазақ сыныптарындағы бастауыш сынып мұғалімі уақытша декреттік демалыс орнына ваканттық қызметке қазақ тілінде оқытатын, лауазымдық жалақысы педагогикалық өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.
Бастауыш сынып мұғалімінің негізгі функционалдық міндеттері:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасы негізінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
- білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарлар, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын жасайды;
- электрондық журналдарды толтырады;;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді
- оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарын және кестеге сай оқу процесінің толық көлемде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
- әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
- ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады, ата-аналарға кеңес береді;
-кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды;
- білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
- ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
- білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
- тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
- білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет