Бастауыш сынып мұғалімінің біліктілігіне қойылатын талаптар:
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім;
- біліктіліктің жоғары және орта деңгейінің болуы (мүмкіндігінше);;
- педагогикалық жұмыс өтілінің болуы (мүмкіндгінше).
- және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" кәсіби құзыреттіліктерінің бірі болуы тиіс.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1)педагог (жас мамандар үшін):
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуы;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруы, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеруі, цифрлық білім беру ресурстарын қолдануы;
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы керек, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;
2)педагог-модератор:
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі керек;
тәлімгерлікті жүзеге асыруы және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы айқындауы керек;
аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауы, аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болу керек;
3)педагог-сарапшы:
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сондай-ақ:
Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруі;
білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан мен қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын сындарлы айқындауы;
облыстық/республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, республикалық деңгейде тәжірибесін жинақтауы (республикалық ведомствоға бағынышты ұйымдар үшін);
облыстық/республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республикалық деңгейдегі олимпиадаларда, конкурстарда, жарыстарда қатысушыларының болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); педагог-шебер:
4) педагог-зерттеуші: педагог-шебер:
"педагог-зерттеуші", «педагог-шебер» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, басылып шығарылған оқулықтарының, оқу-әдістемелік құралдарының авторы (автормен бірлескен) болуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;
тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс деңгейіндегі кәсіби қоғамдастық желілерді дамытуды жоспарлауы;
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болуы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындауы керек.