Практика бағдарламасын орындамаған, бағалау сұхбатында «практика есептелмеді» деп бағаланған студент колледж әкімшілігі белгілеген мерзімде клиникалық практикаға қайта жіберіледі. Кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу Практиканы ұйымдастыруға және өткізуге үш тарап қатысады:
1. тьютор-оқытушы, ол практиканы ұйымдастыруды жүзеге асырады, нұсқаулық береді, бақылайды және ментормен бірге бағалау сұхбатына қатысады;
2. ментор – клиникалық практикадан өту кезеңінде студенттерге теориялық білім мен практикалық дағдыларды клиникалық базада бекітуге ықпал ететін білікті медицина қызметкері.
3. студент.
Тьютордың міндеті:
медициналық ұйым қызметінің құрылымын, түрін және көлемін біледі;
әр білім алушы үшін клиникалық практикадан өту уақыты мен ұзақтығын клиникалық базамен алдын ала келіседі;
практика жетекшісіне қажетті құжаттарды ұсынады;
клиникалық практиканы дамыту мәселелерінде әртүрлі қатысушылармен өзара іс-қимыл жасайды;
ментормен бірге білім алушының білімі мен іскерлігіне бағалау жүргізеді;
клиникалық практиканы бағалауға жауапты.
Ментордың міндеті:
практика бағдарламасына сәйкес клиникалық практиканы өткізуді қамтамасыз етеді;