Кәсіптік тәжірибе – студенттерде білімнің, дағдылардың және медициналық қызметке кәсіби дайындықтың кәсіби бағытын қалыптастыруды мақсат ететін білім беру бағдарламаларының құрамдас бөліктерінің бірі.
1. Клиникалық пәндерді оқу кезінде қалыптасатын базалық және кәсіби құзыреттерді дамыту.
2. Практикалық дағдыларды жетілдіру.
3. Медициналық құжаттаманы жүргізумен (КМАЖ-да жұмыс істеу), есептілікпен, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырумен танысу.
4. Жекелеген адамдардың және олардың отбасылары денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту мақсатында үйде күтім жасау үшін тиімді санитариялық-ағарту іс-шараларын жүргізу.
1. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті ұйымдастыруды зерделеу.
2. Мамандықтың білім беру стандартының біліктілік талаптарына сәйкес базалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дамыту.
3. Теориялық оқытуда алынған практикалық дағдыларды бекіту.
4. Қоғамдық, ұйымдастырушылық және тәрбие жұмысының тәжірибесін алу.
5. Пациенттермен тиімді коммуникация, кәсіби аралық өзара іс-қимыл және командада жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру.
Студенттің практикадан өту кезіндегі міндеттері:
Кәсіптік практиканы өткізуге жауапты практика бөлімі мен практика тьюторы өткізетін клиникалық практика жөніндегі анықтамалық конференцияға қатысу;