«Абай шығармашылығы бойынша не түсіндік?»

Дата07.02.2022
өлшемі1,63 Mb.
#95264
Байланысты:
Абай шығармашылығы 2

«Абай шығармашылығы бойынша не түсіндік

Орындаған:Какенова Аяулым

10"А"сынып

.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Біз меңгерген Абай шығармалары:
  • «Сегіз аяқ»
  • «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
  • «Лай суға май бітпес қой өткенге»
  • Он жетінші қара сөзі
  • Отыз екінші қара сөзі
  • «Масғұт"поэмасы

Біз меңгерген Абай шығармалары да біз үшін өте құнды, санамызға төтелей жетер асыл қазына болды. Себебі:

Біз меңгерген Абай шығармалары да біз үшін өте құнды, санамызға төтелей жетер асыл қазына болды. Себебі:

  • «Сегізаяқ» өлеңі арқылы:артық сөз, артық ыржаң, жалқаулықтан аулақ болуды, ғылым мен білімге ұмытлып, еңбек етуді, адал болуды;
  • «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі арқылы:сараңдық, көрсеқызарлық, береке-бірліктің болмауы, шынайылық болмауы- теріс қасиеттер екенін түсініп және олардан аулақ болу керектігін;
  • «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі арқылы: Жаратушыны тану, өмірдің мәнін іздеу және тура жолдан айнымай, өмір қиындығынан шығар жолды іздеуді;
  • Он жетінші қара сөзінен:талап, еңбек, терең ой қанағат, рақым, адалдық пен әділдік, тәрбие, Ақыл, Қайрат, Жүректі қатар ұстауды;
  • «Масғұт» поэмасынан:Масғұт бейнесі арқылы адамгершілік, батырлық, қанағатшылдық және жақсылық жасауды бойымызға сіңіріп, басты адами құнлылықтардың маңыздылығын түсініп, білімімізді арттыра түстік. Абайдың шығармалары арықылы рухани байый түсеміз. Абай шығармалары- адамды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Және ел болып қалыптасуға, ұрпақтар жалғасытығының рухани бай болуына,тәрбиеге нағыз үндеу болады.

Қорыта айтсақ, Абай шығармалары арқылы Абай бейнесін байқай аламыз. Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай шығармашылығы қазіргі қазақ әдебиетінің дамуына үлкен серпін берді. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Яғни, Абай-нағыз патриот, қоғам шындығын дөп басып айтып дәлелдеген, нағыз елім деген, жерім деген нар тұлға, көптен бірегей дана, ұлы, нағыз рухты тұлға екенін байқаймыз. Абай- әлемде ойып тұрып өшпестей орын алған дара тұлға. Демек, Абай-дана, Абай-дара, оның шығармашылығы-мәңгілік өшпес рухани асыл қазына.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет