Абайдың өмірбаяны. Саясаткер Абай



бет6/6
Дата07.11.2022
өлшемі54,42 Kb.
#156763
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Абай Құнанбайұлы
МАЗМҰНЫ
Қорытынды:
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді.
Абайдың күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрнектің арқауындай болып жарыса жүріп отыратын басты идея — бұл халыққа білім беру. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған… «Білімнен мал болушы ма еді? —деп Абай жұрттың онысына таласқан», — деп жазуы оның осы білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін, машалық қайратын сарп қылғандығын танудың дәлелі.
Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен рухани тозғандықпен күресуі оның әлеуметтік бағасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тіл, казак, кең байтақ территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, ұлы философ-Шафрат болатын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет