«Абайдың сырлы әлемі» атты Абайдың «Қара сөздеріне», лирикалық табиғат шығармаларына облыстық қашықтық иллюстрациялар сайысының ережесі



Дата07.06.2020
өлшемі23,62 Kb.
#72637
Байланысты:
Абайдың қара сөздеріне байқау14042020152531



15.04.2020 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы) ЭЦҚ-ны тексерудің нәтижесі оң.



14.04.2020-ғы № 3-10/1837 шығыс хаты

15.04.2020-ғы № 721 кіріс хаты



«Абайдың сырлы әлемі» атты Абайдың «Қара сөздеріне», лирикалық табиғат шығармаларына облыстық қашықтық

иллюстрациялар сайысының

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ережелер

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Абайдың сырлы әлемі» атты Абайдың «Қара сөздеріне», лирикалық табиғат шығармаларына облыстық қашықтық иллюстрациялар сайысының өтуін басшылыққа алады. Білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығы» қашықтық байқауды ұйымдастыруды және өту барысын жүзеге асырады.

2.Сайыстың мақсаты:

Облысымыздағы мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтау, құқықбұзушылықты алдын-алу. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету. Абайдың шығармашылығын насихаттау, философиялық-адамгершілік тәрбие беру, адами құндылықтарды қалыптастыру, дарындарды анықтау.


3.Сайыстың мазмұны мен шарттары

1.Байқау жұмысына қойылатын талаптар:

1.1.Суреттер А3 форматты қағазда орындалуы тиіс (гуашь, акварель, графикалық материал);

1.2.Жұмыс эстетикамен рәсімделуі тиіс жұмыстың атауы, Т.А.Ә., жасы, сынып, ұстаздың Т.А.Ә, мектептің атауы;

1.3.Қатысушының байланыс телефоны және жеке электронды адресі (немесе байқауға қатысушының мұғалімінің /ата-анасының байланыс телефондары);



1.4.Байқауға ұсынылған жұмыстар JPEG немесе GIF форматында электронды түрде ұсынылады. Ол үшін жұмысты суретке түсіріп немесе сканерден өткізу шарт (өлшем бірлігі 5 МБ артық емес). Жұмыстар А3 бетінде салынған болуы керек.

Қатысушыларды тіркеу үшін қатысуға өтінім нысан бойынша ұсынылады.


4.Сайысқа қатысушылар:

2.1.Сайысқа жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатыса алады.

2.2.Қатысушылардың жас санаты:

- 1-7 сынып

- 8-11 сынып

2.3.Білім беру мекемесінің жұмыстар саны: әр жас санаты бойынша 3-тен аспауы тиіс.



5. Бағалау критерийлері:

- жұмыстардың байқау тақырыбына сәйкестігі;

- сурет және бейнелеу ойлаудың өзіндік ерекшелігі;

- материалды ұсынудың эстетикалық мәдениеті, шеберлік және орындау сапасы.



6.Сайысты өткізу мерзімі:

Байқау 2020 жылдың 20-29 сәуір аралығында өткізіледі. Жұмыс өтініммен бірге 2020 жылдың 25 сәуіріне дейін daryn_uralsk@ mail.ru электронды поштасына қабылданады, байланыс телефондары: 8 (7112) 21-75-33.



7.Қорытындылау және қатысушыларды марапаттау:

Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды



анықтайды. Әділқазылар шешімі өзгермейді және қайта қарауға жатпайды.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстар облыс әкімінің алғыс хатына және сыйлықтарына ұсынылады. Жеңімпаз жұмыстар www.zkodaryn.kz сайтында жарияланады.

Қатысушыларды тіркеу үшін қатысуға өтінім нысан бойынша ұсынылады:

Ауданы, білім беру ұйымының атауы

Қатысушының Т.А.Ә

Жасы

Сыныбы

Жұмыстың атауы

Мұғалімнің Т.А.Ә




















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет