Абдигалиева



бет52/60
Дата28.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#182861
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
Байланысты:
МНИ КО

Рефераттар мен баяндамалар

Ғылыми биотехнологиялық зерттеулер жүргізу кезінде (әсіресе тақырып бойынша жұмыстың бастапқы сатысында) сараланатын мәтінді дұрыс рефераттау дағдыларын қалыптастыру - маңызды мәнге ие болып табылады.


Реферат - бұл биотехнология саласында берілген тақырып бойынша ғылыми еңбектердің (монографиялардың, оқу құралдарының, ғылыми мақалалардың) мазмұнын жазбаша түрде қысқаша баяндайтын ғылыми-зерттеу жұмысы. Реферат көлемін әрбір нақты жағдайда оқытушының өзі анықтайды. Рефератта студент бірнеше дереккөздерде қамтылған негізгі ережелерді (идеяларды, шешімдерді, ұсыныстарды және т.б.) баяндайды, әртүрлі көзқарастарды келтіреді, олар бойынша өз пікірін негіздейді.
Таңдалған (берілген) тақырып бойынша жұмыс келесідей кезеңдерден тұрады:

  • дерек көздерді іздеу және оқу;

  • библиография жасау;

  • жоспарды әзірлеу;

  • реферат жазу.

Реферат келесідей құрылымдық бөліктерден тұрады:

  • титулдық парақ;

  • мазмұн (жоспарға сәйкес);

  • мәселенің даму тарихы мен оның мәні қысқаша баяндалатын кіріспе;

  • зерттелінетін жұмыстардың мазмұны, негізгі идеялары мен қорытындылары қисынды дәйектілікпен баяндалатын негізгі бөлім;

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Рефераттағы баяндау стилі қысқа және дәл болуы тиіс. Мысалы, «Көптеген ұзақ тәжірибелер нәтижесінде авторлар келесідей тұжырым жасаған ..." деген ұзақ сөйлемді бір сөзбен «Анықталғандай...» деп қысқартып жазған абзал. Алдыңғы жұмыстарда баяндалған мәселенің жалпыға мәлім фактілері мен тарихынрефератта жазудың қажеті жоқ. Рефераттың негізгі бөлігінің мәтіні, әдетте, жұмыстың мәнінен басталады. Дайын реферат оқытушыға тексеру үшін тапсырылады. Рефератты бағалай отырып, оқытушы студенттің ғылыми - техникалық әдебиеттермен жұмыс істеу, даулы мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастарды талдай білу, өз пікірін дәлелдеу, сілтемелерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу дағдыларын ескереді. Егер реферат оң бағаланса, ол өткен тақырыптарды толық меңгергені бойынша сынақ тапсырды деп есептелінеді. Студент рефератты оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы қосымша сабағында қорғайды. Реферат А4 форматындағы стандартты парақтарда қолжазба немесе компьютерлік жазба түрінде рәсімделеді. Реферат тезтікпесі бар папкаға салынады және белгіленген мерзімде оқытушыға тапсырылады.
Баяндама - белгілі бір тақырыпқа ауызша хабарлама жазу. Ол семинар сабағында, ғылыми конференцияда оқуға арналған еңбек түрі. «Ғылыми зерттеулер әдістемесі» пәні бойынша студенттердің баяндамалары сынақ жұмыстары да болып саналады. Ғылыми конференцияда баяндамамен (хабарламамен) сөз сөйлеу курстық жұмыс үшін есепке алынуы мүмкін.Баяндама мәтіні реферат сияқты немесе презентация түрінде рәсімделеді және оқытушыға белгіленген мерзімде тапсырылады. Баяндаманы дайындау кезінде сөз сөйлеуге берілген уақытты ескеру қажет. Сондықтан, баяндаманы таныстырмас бұрын, алдын-ала мұқият дауыстап оқып, асықпай алдын ала дайындалу керек. Егер сіз белгіленген уақытта баяндаманы оқып үлгермесеңіз, онда баяндаманы қысқартып, қажет деп таныған бөлімдері мен қорытындыны оқып таныстыру керек. Студенттік баяндамалар, әдетте, үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Бірінші бөлімде тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы негізделеді, екінші бөлімде негізгі ғылыми ережелер, үшінші бөлімде – қорытындылар мен ұсыныстар жазылады.

    1. Дипломдық жұмысты жазуға арналған жалпы нұсқаулар

Дипломдық жұмыс - бұл биотехнология саласындағы өзекті тақырыптарда теориялық немесе тәжірибелік зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылатын бітіру біліктілік жұмысы.Онда бітіруші кәсіби міндеттерді өз бетінше шешуге мүмкіндік беретін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгеру деңгейін көрсетеді.


Дипломдық жұмыс:

  1. Өзекті практикалық деректерді, патенттік және технологиялық құжаттарды пайдалана отырып, шығармашылық сипатта болады;

  2. Материалды логикалық және нақты баяндау, фактілердің дәлелдемесі мен шынайылығы талаптарына жауап береді;

  3. Студенттің ақпаратты іздеудің, іріктеудің, өңдеудің және жүйелеудің ұтымды тәсілдерін меңгеру, ғылыми-техникалық құралдармен жұмыс істеу қабілетін көрсетеді.

  4. Дұрыс рәсімделу қажет (нақты құрылымы, аяқталуы, библиографиялық сілтемелерді, әдебиеттер мен нормативтік құжаттардың тізімін дұрыс рәсімдеу, орындалу ұқыптылығы).

Дипломдық жұмыс ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмысы болуы керек, онда теориялық ережелер мен қорытындылар тәжірибені талдау және қорытумен, өндірістегі биотехнологиялық процестерді жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеумен сипатталады. Жұмыстың ғылыми дәрежесі әр түрлі концепцияларды, қандай да бір мәселелер бойынша көзқарастарды талдаумен, оларды салыстырумен, өз ұстанымын дәлелдеумен, теориялық және практикалық міндеттерді шешумен, жаңа идеялар мен т.б. ұсынумен ерекшеленеді. Дипломдық жұмыс - өзіндік, шығармашылық зерттеу жұмысы. Оны орындау нәтижесінде студент өзінің біліктілігін арттырады, атап айтқанда:

  • тақырып бойынша негізгі теориялық ережелер мен ғылыми мәселелерді біледі;

  • күрделі технологиялық үрдістерді ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін көрсетеді;

  • теориялық талдау және практикалық қорытынды жасау біліктілігін көрсетеді;

  • нормативтік және патенттік әдебиетте еркін бағдар ала білуді көрсетеді;

  • практикалық тәжірибені оң немесе терістігін саралай алады;

  • өндіру саласын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдай алады.

Дипломдық жұмысты орындау келесі кезеңдерден өтеді:

  • тақырыпты таңдау;

  • әдебиеттік көздерді іздестіру және оқу;

  • жоспарды жасау;

  • зерттеу әдістерін анықтау;

  • кәсіпорындағы технологиялық үрдістерді зерттеу;

  • мәтінмен жұмыс істеу және безендіру жұмыстары.

Бұдан әрі қорғауға дайындық және жұмысты қорғау жүреді. Өз құрылымы бойынша дипломдық жұмыс келесі элементтерден тұрады:

  1. титулдық бөлігі;

  2. мазмұны;

  3. кіріспе (өндірістің, өңделетін өнімнің қазіргі жай-күйі);

  4. негізгі бөлім;

  5. қорытынды;

  6. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  7. қосымшалар (қажет болған жағдайда).

Инженер - биотехнологтың дипломдық жұмысында (жобасында) түсіндірме жазбаның негізгі бөлімінде өндірістік өнімі (әзірленетін өнім) туралы мынадай ақпарат болуы тиіс:

  1. Тиісті өндіріс (өңделетін өнім) үшін нормативтік-техникалық құжаттаманың, ерекшеліктің сипаттамасы (сыртқы, салалық, жоғары оқу орны ішіндегі құжаттар).

  2. Тиісті өндірістің (әзірленетін өнімнің) техникалық-экономикалық негіздемесі (маркетингтік зерттеу және негіздеме).

  3. Кәсіпорынның құрылымы және оның жұмыс тәртібі.

  4. Өндірістің соңғы өнімінің сипаттамасы.

  5. Технологиялық сұлбаны таңдау негіздемесі.

  6. Биологиялық объектінің сипаттамасы.

  7. Өндірістің технологиялық сұлбасы.

  8. Өндірістің жабдықтық сұлбасы.

  9. Шикізаттың, материалдардың және жартылай өнімдердің сипаттамасы.

  10. Технологиялық процестің сипаттамасы.

  11. Азық-түлік есебі, жылу және материалдық баланс туралы мағлұмат.

  12. Технологиялық жабдықтың санын есептеу және таңдау.

  13. Өндірісті бақылау, технологиялық операцияаралық бақылау әдістемесі.

  14. Өнімді стандарттау және сертификаттау.

  15. Өндіріс қалдықтары.

  16. Жобаның құрылыс бөлігі.

  17. Жылумен жабдықтау.

  18. Желдету.

  19. Сумен жабдықтау.

  20. Кәріз.

  21. Энергия тұтыну және энергия үнемдеу.

  22. Еңбек қорғау.

  23. Қоршаған ортаны қорғау.

  24. Жобаның экономикалық тиімділігі.

  25. Технологиялық жобаны автоматтандыру және т.с.с.

Инженер - биотехнологтың бітіру біліктілік жұмысы графиктер, кестелер, сызбалар, плакаттар, схемалар және жұмыстың мазмұнын бейнелейтін басқа да материалдармен қоса берілген мәтін түрінде рәсімделеді. Бітіру біліктілік
жұмысының оңтайлы көлемі 3,5–4 баспа парағы (компьютермен басылған 70- 100 бет, арасы 1 интервалмен басылған). Дайын дипломдық жұмысқа оның орындаушысы қол қояды және жоспар - кестемен белгіленген мерзімде ғылыми жетекшіге тапсырылады. Оны оқығаннан кейін жетекшісі оған жазбаша түрде пікір жасайды. Пікірде дипломдық жұмыстың оң және теріс жақтары көрсетіледі. Содан кейін дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне және факультет деканына беріледі, ол студенттің қорғауға жіберілуі туралы мәселені шешеді, титулдық параққа өз қолдарын қояды. Дипломықд жұмыс келесі жағдайларда қорғауға жіберілмейді:

    • жұмыс плагиат болған кезде;

    • жұмыс оқулықтар, бір монография немесе басқа да арнайы әдебиетті пайдаланбай бір оқу құралы негізінде ғана орындалған;

    • жұмыстың барысында технологиялық тәжірибе материалдары жоқ немесе тәжірибелік материал оқулықтан, оқу құралынан, монографиядан немесе ғылыми мақаладан алынған;

    • жұмыстың мазмұны тақырыпқа сәйкес келмейді немесе тақырып толық ашылмаған;

    • жұмыста көптеген қателер, грамматикалық қателер, дереккөздерге сілтемелер және пайдаланылған әдебиеттер тізімі дұрыс рәсімделмеген кезде.

Кафедрада қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыс рецензиялауға жіберіледі. Рецензенттер ретінде басқа ЖОО кафедраларының профессорлары мен оқытушылары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, халық шаруашылығы мен әртүрлі ұйымдардың жоғары білікті мамандары болуы мүмкін. Дипломдық жұмысты ғылыми жетекші жұмыс істейтін кафедра мүшесіне рецензиялауға бермейді. Себебі қызметтік қарым-қатынастардың әсері дипломдық жұмыстың бағасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Рецензент дипломдық жұмысқа жазбаша сын-пікір жазады. Сын-пікірде дипломдық жұмыстың келесідей көрсеткіштері бойынша оң және теріс жақтары көрсетіледі:

  • өзектілігі;

  • жаңалығы;

  • жүргізілген зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы;

  • жұмыс жоспарын құрудың дұрыстығы;

  • тақырып мәселелерін толық баяндау, әдебиеттік және практикалық материалды пайдалану;

  • тақырыпты ашудағы автордың үлестік дәрежесі;

  • қорытындылардың негізділігі;

  • пікірлердің қисындылығы;

  • биотехнологияны жетілдіру бойынша ұсыныстардың болуы;

  • алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы, оларды өндіріске немесе оқу процесіне енгізу мүмкіндігі;

  • жұмысты рәсімдеудің белгіленген ережелерге сәйкестігі;

  • дәлсіздіктер, қателер, даулы жағдайлар, жұмыстың мазмұны және оны рәсімдеу бойынша ескертулер жасау (олар қамтылған беттерді көрсету керек);

  • жұмыстың қойылатын талаптарға сәйкестігі;

  • жұмысты қорғауға жіберу туралы қорытынды.

Дипломшы өзінің жетекшісінің пікірімен және рецензенттің сын-пікірімен алдын ала толық танысады. Дипломдық жұмыстарды қорғауға бітіру жұмысын (дипломдық жобасын немесе жұмысын) белгіленген мерзімде ұсынған, жұмысына оң пікірі мен сын-пікірі бар, алдыңғы аттестациялық сынақтардан сәтті өткен студенттер жіберіледі. Жетекшінің немесе рецензенттің теріс пікірі болған жағдайда студентті қорғауға жіберу туралы шешімді бітіруші кафедраның ұсынысы бойынша деканат қабылдайды.Дипломдық жұмысты қорғауға дайындала отырып, баяндама (презентация) мәтінін дайындаған жөн.Онда жүргізілген зерттеудің өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын негіздеу, оның мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау, оларды шешу әдістерін көрсету, негізгі ережелерді, қорытындылар мен алынған нәтижелерді қысқаша баяндау, жаңа деректерді, өндіріс технологиясын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды және практикалық ұсыныстарды ерекше бөліп көрсету қажет. Төмендегі баяндама жоспарын пайдалану ұсынылады:

  1. Дипломдық жұмыстың атауы (дипломдық жоба деп те аталады).

  2. Жұмыстың мақсаты (лактококктардың қышқыл түзу белсенділігін анықтау).

  3. Егер жоба болған жағдайда, оның техникалық шешімі болады (ашыту циклін қысқарту; йогурт сапасын жақсарту; қосымша жабдықты орнату есебінен қызмет көрсететін персоналды қысқарту; нақты технологиялық жаңашылдықтар есебінен осы өнімнің шығуын арттыру; т.с.с.).

  4. Жұмыстың негізгі алғышарттары (қандай бастапқы деректер, ақпарат көздері, әдеби іздеу, табылған патенттер, кәсіпорынның регламенті және т.б. – қысқаша).

  5. Негізгі жабдықтың (немесе цехтың) қысқаша сипаттамасы және оның кәсіпорынның аппаратуралық-техникалық схемасындағы орны.

  6. Биопроцессті бақылау, автоматтандыру мәселелері.

  7. Процестің биохимиясы және микробиологиясы.

  8. Негізгі есептердің қысқаша сипаттамасы (оның ішінде бизнес жоспар).

  9. Осы жұмысқа (жобаға) ерекше еңбек қорғау және экология мәселелері.

  10. Қорытынды.

Жұмысты (жобаны) қорғау шамамен 7-10 минутты аралығын құрайды. Сондықтан, баяндаманы дауыстап ырғақты қарқынмен оқып, сөз сөйлеу уақытын ескеру қажет. Дипломшы алдын ала иллюстрациялық материалды (сызбалар, үлгілер, кестелер, слайдтар және т.б.) алдын ала рәсімдеп, оны көрсету, таныстыру рәсімін ойластыру керек. Ғылыми жетекшінің пікірімен және сын-пікірмен (рецензиямен) танысқаннан кейін қорғауда олар бойынша өз пікірін дұрыс және сенімді жеткізу үшін ондағы ескертулер мен сұрақтарға жазбаша жауаптар дайындаған жөн. Дипломдық жұмысты қорғау Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының Төрағасы немесе оның орынбасарының міндетті түрде қатысуымен және комиссия құрамының кемінде үштен екісінің қатысуымен ашық отырыс түрінде өтеді. Бұл отырыста ғылыми жетекшінің өзі
де қатысуы қажет. Қорғау дипломның баяндамасынан басталады. Баяндаманың мәтінін қағаздан үзбей оқу дұрыс емес.
Баяндама аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері мен қатысушылар дипломшыға дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтарды жазуға, ойлауға және олардың әрқайсысына жауап беруге болады. Жауаптар берілген сұрақтардың мәні бойынша қысқаша және дәлелді болуы тиіс. Содан кейін жетекшінің пікірі және сын-пікір (рецензия) ескертулері мен олардың негізгі қорытындылары оқылады немесе жетекшіге және рецензентке сөз беріледі, олар диплом жұмысы және сол студент туралы өз пікірлерін айтады. Дипломшыға ескертулерге дұрыс жауап беруге, қарсылық білдірілген жұмыс бөлімдері бойынша қорғауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, әділ ескертулермен келісімдер де берілуі мүмкін.
Дипломдық жұмыстарды бағалау және қорғау қорытындылары туралы комиссияның шешімі жабық отырыста Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда Төрағаның (ол болмаған жағдайда – орынбасарының) дауысы шешуші болып табылады. Қорғау нәтижелері (бағасы) комиссия отырысының хаттамасы белгіленген тәртіппен рәсімделгеннен кейін сол күні жарияланады. Қорғау нәтижелері бойынша бағалауды анықтау кезінде: тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, орындалған жұмыстың сапасы мен көлемі, зерттеудің дербестігі, оның нәтижелерінің теориялық және практикалық маңыздылығы, практикалық материалдарды пайдалану ескеріледі, сонымен қатар, ғылыми жұмысты рәсімдеу, сұрақтарға жауап беру, студенттің зертханалық құрал-жабдықтарды меңгеру, жетекші мен рецензенттің пікірне жауап беру деңгейі де бағаланады. Осымен қатар, студенттердің өз бетінше технологиялық зерттеулер жүргізуі, шет тіліндегі әдебиеттерді меңгергендігі, компьютерлік техниканы пайдалануы, енгізу туралы анықтамамен (актімен) расталған нәтижелерді өндіріске енгізу жұмыстары да қосымша бағаланады.
Қорғау қорытындысы бойынша Мемлекеттік Аттестаттау Комиссиясы жақсы орындалған дипломдық жұмыстарды (жобаларды) үздік деп танып, оларды өндіріске енгізу немесе оқу үрдісінде пайдалануға, ал осындай жұмыстардың авторларын (студенттерді) магистратурада оқуға ұсына алады.
Егер, студент алған бағасына қанағаттанбаса, онда ол апелляциялық комиссияға өтінішін жаза алады. Мемлекеттік Аттестаттау Комиссиясы апелляцияны қарайды және өз шешімін хабарлайды. Егер, дипломшы өз жұмысын қорғау үшін белгіленген уақыттақандайда бір дәлелді себеппен келе алмаған жағдайда Мемлекеттік Аттестаттау Комиссиясының Төрағасы қорғауды басқа уақытта, бірақ комиссия жұмысы аяқталғанша кешіктірмей тағайындауға құқылы. Мемлекеттік Аттестаттау Комиссиясының отырысына қорғауға дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда дипломшыға
«қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.
Бақылау сұрақтары:

    1. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы қандай?

    2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын оқыту формаларын атаңыз.

    3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының оқудан тыс түрлері қандай?

    4. «Биотехнолог» ғылыми үйірмесі туралы не білесіз?

    5. Конференция дегеніміз не және оған қатысу қалай жүзеге асырылады?

    6. Конференция бағытына қарай қанша топқа бөлінеді?

    7. Ғылыми мақсаты мен тұрпатына қарай конференциялар қалай жіктеледі?

    8. Конференцияға қатысу қандай түрлер бойынша жүргізіледі?

    9. Реферат дегеніміз не? Оның жазылу тәртібін атаңыз. 10.Дипломдық жұмысты жазуға арналған жалпы нұсқауларды атаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет