Халық шаруашылығы келісім шарты және мемлекеттік бюджеттік тапсырма бойынша орындалатын жұмыс;
Дәріс беру жұмысының ғылым және техника саласындағы арнайы білім беру;
Студенттер конференциясына және олимпиядаларға қатысу. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты:
жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттыру;
таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру;
бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік үдерістерді қамтамасыз ету;
әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстардың әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.с.с. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту.
«Биотехнолог»ғылымиүйірмесі.Ғылыми үйірме биотехнология, нанобиотехнология, биохимия, молекулалық биология, өсімдіктер физиологиясы саласында белсенді қызмет атқарады: студенттер ғұлама ғалымдармен кездесу жүргізеді, дөңгелек үстел ұйымдастырады, жаңа технологияларды, ғылыми әдістерді қолдана отырып маңызды ғылыми мәселелерді талқылайды. Студенттер бір-бірінің зерттеу жұмыстары бойынша докладтарын тыңдап, дебаттар ұйымдастырады. «Биотехнолог» ғылыми үйірмесінің мақсаты:
студенттердің жан-жақты және толық дамуы мен шығармашылық және ғылыми әлеуетті ұйымдастыруға жағдай жасау;
студенттердің магистратура мен доктарантурада ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша бағытын құру.
Ғылыми үйріменің тапсырмасы:
ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша қызығушылық тудыратын студенттерді үйірменің жұмысына тарту;
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
студенттердің таңдаған пәнін терең зерттеу;
ғылыми тақырып, сондай-ақ басқа да ғылыми іс-шара бойынша семинарлар, конференциялар, симпозиумдар өткізу;
ең талантты және қабілетті студенттерді табу;
практикалық қызмет және әртүрлі білім саласы бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
«Тағамдық биотехнология» кафедрасында экологиялық биотехнология, өсiмдiктер және жануарлардың биотехнологиясы мен физиологиясы, тағам биотехнологиясы бойынша зерттеулер жүргізіледі. «Тағамдық биотехнология» кафедрасында бiлiм алған студенттер тағамдық, экологиялық, өнеркәсiптiк, аграрлық кәсiпорындар мен өндіріс салаларында жұмыс iстей алады.
Конференция – зерттеушілер (тек ғалымдар немесе студенттер емес) өз жұмыстарын ұсынып, талқылайтын ғылыми жұмысты ұйымдастырудың түрі. Конференциялар зерттеулер нәтижесін түрлі материалдар түрінде (баяндама, тезистер, сөз сөйлеу, стендтік баяндама) қоғамдық ғылыми талқылаулар арқылы айқындалады. Конференциялар қойылатын талапқа сәйкес көптеген түрлерге бөлінеді. Бағытына қарай:
ғылыми-теориялық (ҒТ) – зерттеулер мен тәжірибелер барысында пайда болатын түрлі ғылыми мәселелер мен сұрақтарды шешу амалдарын теориялық тұрғыдан талқылайтын конференция түрі;
ғылыми-тәжірибелік, егер іс-шараға тек университет қызметкерлері, студенттері мен магистранттары қатысқан жағдайда іс-шара университеттік болып саналады.
Жұмыс тілі – қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде болуы мүмкін. Ғылыми мақсаты мен тұрпатына қарай конференциялар келесідей болып бөлінеді:
ғылыми конференция – педагогикалық қызметкерлердің, Қазақстандық және шетелдік ғылыми ұйымдардың профессорлы-оқытушылар құрамы, ғылыми – зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлерінің жетістіктері мен пікірлерін қоғамдық талдау немесе алмасуды ұйымдастырудың түрі;
оқу-ғылыми конференция – студенттердің нақты бір тақырып аясында дискуссиялық, аргументациялық және қоғамдық сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған бір немесе бірнеше пәндердің шеңберінде оқытушы тарапынан жүргізілетін оқу пәнінің ұйымдастырылған түрі;
ғылыми-тәжірибелік конференция – ғылыми немесе тәжірибелік жұмыстың нақты бір аясында мамандардың қоғамдық пікір алмасуының қоғамдық ұйымдастырылған түрі.
ғылыми-әдістемелік конференция – оқытушылардың, білім беру саласындағы қызметкерлердің қоғамдық пікір алмасуы және жетістіктерімен бөлісуі. Бұл іс шара түрі білім беру үрдісін, педагогикалық технологияларды, ғылыми-зерттеу әдістемесін, білім беру жұмысын басқаруға қатысты мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды талқылауды көздейді. Конференциялар талқыланған сұрақтарға қатысты ұсыныстарды талқылап, қабылдайды.
Тақырыптарына қарай конференциялар бірнеше түрге бөлінеді: нақты бір тақырыпқа арналған конференциялар: қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары және кең тақырыпты, ғылыми сұрақтарды жалпылайтын конференциялар.
Конференцияларға қатысудың бірнеше түрлері бар:
тікелей қатысу – қатысушы міндетті түрде коференцияға қатысуы керек;
сырттай қатысу – қатысушы өзінің өтініші мен мақаласын ұйымдастырушы комитетінің электронды поштасына жібереді, конференцияға келіп қатысуы міндетті емес;
қашықтықтан қатысу – қатысушы өз жұмыс орнында отырып, заманауи технологиялардың көмегімен қатыса алады.
Қолданылып отырған заманауи телекоммуникациялық технологиялардың түріне қарай конференциялар келесідей болып бөлінеді:
-интернет-конференция, яғни, жеке тұлғаның интернет желісі арқылы мақсатты интернет аудиториямен байланыс орнатуы;
-веб-конференция, яғни, нақты уақыт аралығындағы интернет арқылы онлайн-байланыс құру. Вебконференцияларда онлайн-презентацияларды жасауға, құжаттар және қосымшалармен жұмыс жасауға, сайттарды, бейнефайлдарды және суреттерді синхронды түрде қарауға мүмкіндік болады.