«Ана тілі» газеті



Дата29.01.2018
өлшемі31,08 Kb.
#35943
«Қазақша кітаптарды көбейтуіміз керек»

тақырыбындағы мақалаға талдау



(«Ана тілі» газеті, «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» айдары)

25- ақпан 2016 жыл


Елімізде қазақ тілінің қолданыс аясы неліктен төмен екендігіне ой жүгіртсек, бұған қатысты біраз мәселелерді ортаға салуға болады. Біз сондай мәселелердің шешілу жолдарына көбірек ден қойып, нақты ұсыныстарды жүзеге асыруымыз керек сияқты.

Қоғамда «Қазіргі жастар кітап оқымайды» деген түсінік бар. Меніңше, олай емес, жастар оқиды, бірақ өкінішке орай, қазақ тілінде емес. Ол қазақтілді жаңа кітаптар таралымының аз болуына байланысты. Сондықтан қазақ тіліндегі кітаптар туралы көп жастарымыз біле бермейді. Өйткені жарнама жасалмайды, кітап дүкендерінде де аз. Ғылыми еңбектер туралы осыны айтуға болады.Тағы бір мәселе ғаламтордағы қазақ­тілді сайттардың көп еместігі. Қазір адамдар ақпаратты негізінен ғаламтордан іздейді, бүкіл әлемнің жаңалықтарын да ғаламтор арқылы біліп отырады. Мысалы, шетелде жарық көрген кітаптарды да сонан табады. Ал қазақтілді шығармалар туралы ғаламтордан ақпарат табу қиын, бұл бағытта бір жүйелілік жетіспейді. Тек кітаптар мен кинолар емес, өмірдің басқа да салаларына байланысты арнайы сайттар жоқтың қасы. Балаларға арналған қазақтілді мультфильмдердің де аздығы өз әсерін тиігузеде. Мәселен, Ресей шетел мультфильмдері мен бағдарламаларын өз тілдеріне аударып алады. Ал біздің ел орыстілді аудармаларды пайдаланады. Қазақша да бар, әрине, бірақ аз. Осындай себептің салдарынан жас балалар қазақ тілін емес, орыс тілін үйреніп өседі.


Келесі маңызды мәселе – қазақ тілінде ғылыми еңбектердің, оқулықтардың аз болуы. Ол да орыс тілінде беріледі. Сондықтан, әрине, жаңа ғылым үйренгісі келетіндер орыс тілін немесе ағылшын тілін үйрене бастайды.
Қазақ тілінің дәрежесін көтергісі келетіндер тілді барынша қолданысқа енгізулері қажет. Әрине, кітап, ғылыми еңбек жазу, кино мен сериалдар, мульт­фильмдер түсіру көпшіліктің қолынан келмейді, бірақ ол туралы пікір айтып, рецензия жазуға кез келген адамның шамасы жетеді. Одан басқа, қазақтілді сайттар ашу, оларды арнайы бір тақырыпқа бағыттау, аударма ісін жақсартуды қолға алу қажет. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып,бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдыратын асыл мұрамыз. Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда Қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, Қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы. «Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.

Қорытынды:
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – Қазақ тілі. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».

Қазақ тілі және мәдениеті



кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет