Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна ақШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері


АҚШ-ТЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ КӨРСЕТУ КЕШЕНІН ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ



бет5/13
Дата05.11.2016
өлшемі3,76 Mb.
#948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2 АҚШ-ТЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ КӨРСЕТУ КЕШЕНІН ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

2.1 АҚШ университеттеріндегі академиялық қолдау көрсету бағдарламалары – студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудың механизмдері ретінде

АҚШ университеттеріндегі АҚК орталықтары, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттырудың, оңтайландырудың, студенттің жеке оқу траекториясы мен білім алушы ретіндегі белсенділігін қалыптастырудың бірден бір механизмі ретінде қарастырылады. ҚР университеттеріне бейімдеп тәжірибеге қолдану мақсатында, жоғарыдағы бөлімде айқындалған, АҚК орталықтарының уақыт талабында бәсекелестіктен көрінетін, озық бағдарламаларының мәнін, ұйымдастырылу ерекшеліктерін, университеттің оқу-тәрбие үдерісінде алатын орнын, студент, оқытушылар үшін маңыздылығын, қажеттілігін анықтауды міндет еттік. Себебі, ҚР кредиттік оқыту технологиясына көшу нәтижесі ретінде, еліміздің ЖОО-да эдвайзер, тьютор сияқты қызметтер ендірілуде. Бұл бағдарламаларды АҚШ тәжірибесінің негізінде жан-жақты талдау, студентке академиялық қолдау көрсету үдерісінің қазақстандық моделін негіздеуге мүмкіндік береді деп тұжырымдаймыз. Осы орайда, академиялық эдвайзер, тьютор, ментор бағдарламаларына, бірінші курс білімгерлеріне арналған бағыт-бағдар беруші курстарына жан-жақты теориялық талдау жүргізілді.



  1. Академиялық эдвайзер (Academic Advisor) бағдарламасы.

1.1 АҚШ университеттеріндегі эдвайзерлер іс-әрекетінің басым бағыттары. АҚШ университеттеріндегі академиялық эдвайзер бағдарламасы, 19 ғасырдың аяғында, Чарльз Элиоттың (Charles Eliot) оқу пәндерін таңдауға мүмкіндік беретін, ашық-құрылымды оқу жоспарының инновациялық жүйесін енгізуімен қарқынды тәжірибеге енгізілді. Дегенмен, 1972 жылы АҚШ ғалымдары B.B. Crookston және Т.O’Банион академиялық эдвайзерлердің, студенттің тек қана оқу пәндерін таңдау іс-әрекетінің бет-бейнесін түбегейлі өзгеріске ұшыратқан, «дамытушы» (developmental) эдвайзер моделін көпшілік академиялық қауымға таныстырды. Ұсынылған модельдер академиялық эдвайзерлердің кеңес беру үдерісін кәсібилендіруге, оны студенттің дамуы мен кәсіби қалыптасуына жауапты маман тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік берді.

Т.O’Банион өзінің «Академиялық эдвайзер моделі»(An academic advising model) атты классикалық мақаласында «дамытушы» эдвайзердің моделін теориялық тұрғыдан негіздеп, оның жоғары оқу орындарындағы кәсіби іс-әрекетінің келесі бес өлшемін (the dimensions of the process of academic advising):

1.білім алушылардың өмірлік мақсаттарын зерттеу;

2. мамандық бойынша (карьералық) мақсаттарын анықтау;

3. негізгі (major) және қосалқы (minor) мамандандыруды іріктеу;

4. оқу курстарын жоспарлау;

5.студенттің сабақ кестесін құру ажыратып, оның академиялық кеңес беру үдерісінің үш бағытын:

1. студенттің құзіреттілігін дамыту (competence);

2. автономиялығын дамыту (autonomy);

3. студенттің белсенділігін (purpose) дамыту айқындады [57,63-64б.].

Ондаған жылдар өтсе де, Т. О’Баньон ұсынған академиялық эдвайзердің теориялық моделіне сүйеніп, әрбір университет өзіндік эдвайзер қызметін ұйымдастыратынын айтып кеткен жөн.

Эдвайзердің ең басты міндеті - академиялық кеңес беру болғандықтан, біздің зертеулеріміздегі «академиялық кеңес беру» термині тікелей эдвайзердің іс-әрекетіне қатысты болатынын айтып кету маңызды. Осылайша, студент пен эдвайзердің қарым-қатынасында гуманистік педагогиканың элементтерінің орын алғанын аңғарамыз. АҚШ педагогикасының мақсаты, әрбір жекетұлғаға деген сыйластық, оны жан-жақты дамытуға жағдай жасау [114].



АҚШ-тың, жоғары білім беру жүйесінің үрдісін, қазіргі білім беру стандарттарына қойылатын талаптардың өзгеруін, жаңа әлемдегі студенттердің тұлғалық қасиеттерін, қазіргі әлеуметтік мәдени жағдаяттардың ерекшеліктерін талдау, академиялық кеңес беру үдерісінің ішкі қарым-қатынастарын анықтауға мүмкіндік берді (сурет 8).

Cурет 8 - Академиялық кеңес беру субъектілерінің негізгі қарым - қатынастары

S2 – оқыту үрдісінде студенттің қажеттіліктеріне бағыт – бағдар; студенттің өмірлік және кәсіби жоспарларын талқылау, нақтылау; студенттің академиялық мүмкіндіктерін айқындау; студенттің мүддесін қорғау; проблемаларды шешуге көмектесу; студенттің тәжірибесін қайта қарастыру.Университет тарапынан студенттің кәсіби дамуына жағдай жасау үшін ұсынылған барлық академиялық құралдар мен ресурстарды қолдануға әсер ету.

S2-S1 - студенттердің академиялық қиындықтарын шешу және білім алу көрсеткіштерінің нәтижесін анықтау, білім алушының жеке оқу траекториясын жобалауда көрініс табады.

S2, S2, S2 …- S1 – бұл байланыстардың жүзеге асуы академиялық эдвайзерлермен бірге жұмыс атқаратын, АҚК орталықтары (тьютор, ментор, дамытушы курстары бағдарламалары), оқытушы-профессор құрамы, басқа да университеттің қызметкерлерімен іскерлік қарым-қатынас орнату арқылы, студенттің кәсіби дамуына ұжымдық әсер етуде байқалады.

S2-S2 - академиялық эдвайзердің білімін дамыту, өз қызметіне педагогикалық рефлексия жүргізуде әріптестерімен қарым-қатынас жасауға дайындығынан көрінеді.

Қазіргі таңда, АҚШ университеттерінің академиялық қолдау көрсету ресурстары арқылы студенттерді «сақтап қалу», оқу үлгерімі, білім беру сапасы, ғылыми көрсеткіштер, бойынша салыстырмалы университетаралық көрсеткіштерде, жоғары нәтижеге қол жеткізу мәселелеріне байланысты, Т O’Banion ғылыми негіздеген эдвайзердің «дамытушы» моделінің ауқымы кеңіп, жоғары білім беру жүйесінде академиялық эдвайзерлердің қосымша іс –әрекетіне «ақпаратты жеткізуші», «бағыттаушы тұлға», «тәлімгер» функциялары енгізілді.

«Ақпаратты жеткізуші» функциясы студенттің қызығушылығы, құндылықтары, мамандануы (специализация) бойынша әртүрлі болып, студенттің тұлғалық, кәсіби көзқарастарына сай жекетұлғаға бағытталған оқыту арқылы жүзеге асады.Оған қоса, студенттің қажеттіліктері мен мақсаттарын, психикалық, эмоционалдық, іс - әрекеттік ерекшеліктерін анықтау, студенттің дамуына араласу стратегиясын жасау жатады. «Бағыттаушы тұлға» ретіндегі функциясы кәсіби бағыт–бағдар беру, оқу дағдылары, жекетұлғалық қарым-қатынастан туындайтын дау-дамайлы жағдайларды шешу туралы ақпаратты білу жауаптылығымен түсіндіріледі. «Тәлімгер» функциясына студентті ынталандыру, қолдау, оның жеке басын сыйлау, студенттің өзі туралы берген ақпаратты құпия түрде сақтау және т.б. жатады. Мұнда, эдвайзерлердің, студенттерге кампус өмірі туралы қосымша кеңес беруден бас тартатын оқытушылардың рөлін алмастыратыны белгілі болды.

Зерттеу барысында, біз эдвайзердің академиялық кеңес беру іс-әрекетінің нәтижелік көрсеткішіне қатысты бір топ американдық авторлардың көзқарастарын қарастырдық. Мысалы, АҚШ ғалымы A.G. Reinarz академиялық эдвайзерлердің қызметінің мәнін толық қарастыру нәтижесінде, «академиялық кеңес беру үдерісі - студент пен эдвайзер арасындағы сенімді қарым-қатынас негізінде, университеттің ресурстары мен АҚК орталықтарының бағдарламаларын ұтымды қолдану арқылы, студенттің академиялық, кәсіби, жекетұлғалық мақсаттарына жетуге көмектесетін үздіксіз, жүйелі үдеріс»- деген анықтама берді [115].

Академиялық эдвайзер моделінің негізін қалаушы ғалым, B.B. Croukston [56, 14б.] «жоғары білім, білім алушыларға өмірде өзін-өзі анықтауға, мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал ондағы эдвайзердің кеңес беру іс-әрекетін, студенттің дамуына әсер ететін оқыту үдерісі, ал эдвайзерді оқытушы»- деп қарастырса, ғалым S. Frost [58, 167 б.] зерттеу барысында «эдвайзердің басты мақсаты – білім алушының дербес оқу танымдық іс-әрекеті мен шешім қабылдай алуына ықпал ету» - деп қорытындылады.

АҚШ-тың педагогика ғылымында, академиялық эдвайзер ұғымына, оның негізгі міндеттеріне, функцияларына әртүрлі анықтамалар, теориялық тұжырымдамалар берілген. Мысалы, тәжірибелі педагог M.C. King «академиялық эдвайзерлер қызметі – студентті, психологиялық немесе академиялық кеңес беру, қаржылық көмек, тьютор, ментор сияқты басқа бағдарламалармен байланыстырушы «орталық шеңбер» -деп анықтады [116]. Бұдан, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, эдвайзерлердің білім алушының университеттің академиялық және әлеуметтік жүйесінің ерекшеліктеріне бейімделуінде, маман ретінде қалыптасуында шешуші рөл атқаратынын байқалады.

Заманауи американдық әдебиеттерге сәйкес, білім алушылар академиялық эдвайзерлерді, студенттің білім алу тәжірибесінің маңызды компоненті, оқыту-тәрбие үдерісінің сапасын жетілдіруші деп те қабылдайтын ұстанымдар да бар.Мысалы, B.B. Chickering [117], академиялық эдвайзерлердің фундаменталды мақсаты, студенттің өмір бойы білім алуы (LLL-lifelong learning) мен жекетұлғалық дамуының жетекшісі болу десе , W.R. Habley [59,88 б.] студенттің білім беру ортасына деген үміті мен, сол үміттің орындалуы арасындағы «делдал» деп айқындайды.

Академиялық эдвайзер қызметінің тиімділігі жөнінде, американдық ғалымдар, бірқатар теориялық тұжырымдамалар да жасаған. Мысалы, С. Self [118] өзіндік зерттеу жүргізу барысында, «егер, эдвайзерлер университет ұсынған білім алу мүмкіндіктері мен студенттің оқу үрдісін жетілдіруінің арасындағы байланыстырушы құрал деп шешім қабылдасақ, онда кеңес берудің мазмұны осы мақсатқа сай болу керек» - деп қорытындылайды.

Кейбір АҚШ – ғалымдары, эдвайзерлерді оқытушылар санатында да қабылдайды. Мысалы, D.Appleby [119] академиялық эдвайзерлер мен оқыту үрдісінің арасындағы байланыстылықты орнатты. ЖОО-да оларды арнайы дайындау, біліктілігін үнемі арттыру, студенттің даму теориялары бойынша білімдерін жетілдіріп отыру, сапалы академиялық кеңес берудің негізі болады деп тұжырым жасады.

Америка университеттерінде, эдвайзердің кеңес беру үдерісі, студенттің қосымша білім алу бағдарламасы да болып та қарастырылады. Мысалы, Лоренс университетінің (Lawrence University) профессорлары Martha K. Hemwall, Kent C. Trachte [120], «Академиялық эдвайзер – білім алу үдерісі ретінде: ұйымдастырудың 10 қағидасы» (Academic Advising as Learning: 10 Organizing Principles) атты мақаласында академиялық эдвайзерлердің кеңес беруін, студенттерге қосымша білім беру, оларды қажетті ақпараттармен қаруландыру іс-әрекетіне теңестіріп, оны ұйымдастырудың 10 қағидасын ғылыми негіздеді:

1. академиялық эдвайзерлер, білім алушылардың университеттің миссиясы туралы ақпарат алуын жеңілдетуі тиіс;

2. ЖОО- мен студенттің жеке мақсаттарын байланыстыру қажет.

3. студенттің жеке мақсаттарына жетуде, дербес оқу-танымдық іс-әрекетін оңтайландыру қажет;

4. студенттің жауапты азамат, жан- жақты дамыған, ақыл- парасатты тұлға ретінде қалыптасуына өзіндік педагогикалық әсерін тигізуі қажет;

5. студенттің өзіндік оқу стилі туралы білімдерін толықтырып, анықтап отыру керек;

6. студенттің әлеуметтік тәжірибесінің, білім мазмұнын түсініп, қабылдауына әсерін анықтауы қажет;

7. студенттің университет қабырғасында жетістікке жетуіне, оның білім алу тәжірибесі мен көрсеткіштерінің әсерінің маңызы зор екенін түсінуі қажет;

8. кеңес беру уақыты, білім алушылардың жеке - дара мақсаттары мен идеяларын баяндауға негізделген, пікірлесуге мүмкіндік беретін диалог ретінде өтуі қажет;

9. академиялық эдвайзер кеңес беру барысында оқытуға жетекші, «бағдар беруші» позициясын ұстауы қажет;

10. студенттердің қателіктері, жөнсіз қылықтары мен қарама-қайшылықтарын мойындатып,тиісті қорытындылар жасауға әсер етуі қажет.

АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, академиялық эдвайзерлердің қызметін «оқыту үдерісі» ретінде қарастыру, оның функциясын кеңейтуге, факультеттің мүшесі ретінде, оқыту үрдісіне жауаптылығын арттыруға, әкімшілікпен бірлесе отырып, студенттерге кеңес берудің жаңа жолдары мен әдіс -тәсілдерін, техникаларын қолдануға мүмкіндік беретінін аңғарамыз.

АҚШ ғалымы, Richard Light атақты «Making the Most Out of College: Students speak their minds» [121] еңбегінде, эдвайзердің бірінші курс студентінің кәсіби, жекетұлғалық мақсатын анықтауға бағытталған, өмірлік оқиғаны баяндайды. Эдвайзер, студенттен алғашқы кездесу барысында, «Университетте білім алуыңның себебі неде?» деп сұрақ қояды. Студент терең ойланып, «жоғары деңгейдегі гуманитарлық білім алу» деп жауап береді. Ал оның, «жоғары деңгейдегі гуманитарлық білім» дегенді қалай түсінесің деген қарсы сұрағы, студенттің төрт жылғы білім алу үдерісінің көкейкесті мәселесіне айналып, оған жауап іздеу, білімін жетілдіруге, оқу іс-әрекетіне үнемі кері байланыс жасап отыруына әсер еткенін бейнелейді. Осы тәжірибеде болған мысалдан, эдвайзердің қызметінің АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, студент кәсіби дамуына ерекше әсер ететін мамандарға айналғанын аңғарамыз.

Соңғы онжылдықта, академиялық эдвайзер бағдарламасы жоғары білім беру жүйесінде қайта қарастырылып, ғалымдар жаңа педагогикалық көзқарастар қалыптастыруда. Мысалы, Оңтүстік Коралина (South Coralina) университетінің профессоры, Jennifer L. Bloom «Ықыласты эдвайзер революциясы» (Appreciative Advising Revolution) моделінің негізін қалады [122]. Оның анықтамасы бойынша, «Ықыласты эдвайзер» - студенттің білім алу тәжірибесін жетілдіру мен мақсатына, арманына, әлеуетіне жетуге кешенді әсер ететін, алдын –ала қарастырылған жағымды, ашық сұрақтар қою арқылы кеңес беруші. Автор «Ықылысты эдвайзер» қызметінің алты функциясын айқындады: 1. Қарусыздандырушы (disarm) – студентпен кездесудегі, алғашқы әсер қалдырудың маңызды екенін ескере отырып, ашық, позитивті кездесулер жүргізу; 2.Танушы (discover) – студент тұлғасының қызығушылықтары мен құмарлықтарын, күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін ашық сұрақтарды қолдану, студенттердің жауаптарын ықыласпен, аса ұқыптылықпен тыңдау; 3. Арманына жеткізуші - студенттің кім болғысы келетінін анықтау арқылы, кәсіби және өмірлік мақсаттарына жетуге әсер ету; 4. Жоспарлаушы (design) – студентке нақты, қадамды (пошаговый), қолжетімді мақсатқа жетуге көмектесу; 5.Жеткізуші (deliver) – студент өз жоспарын орындау барысында қиындықтарға, кедергілерге кезіккенде, мақсатын қайта қарауға, жаңартуға, оған деген сенімін арттыруға әсер ету; 6. Келіспеуші (don’t settle)- эдвайзердің студенттің өзіндік мақсаттарына жету жолындағы ішкі кедергілерін жеңуге бастайтын қарсы қадамдар жасауы.

Сонымен АҚШ-тың академиялық эдвайзер ұғымын, оның қызметін, университеттегі алатын орнын жан-жақты теориялық зерделеу, академиялық эдвайзер-студенттің оқу-танымдық, жекетұлғалық, кәсіби дамуына байланысты сұрақтарды шешуге мақсатты бағытталған, студенттерге академиялық қолдау көрсетудің маңызды компоненті» деп нақтылаймыз.

Қорыта келе, АҚШ-тың педагог-ғалымдарының анықтамаларына, Ұлттық Академиялық Эдвайзерлер Ассоциациясының (Nacada) ережелерін талдау жасау барысында эдвайзерлер академиялық қолдау көрсету іс – әрекетінде келесі мәселелерге жауапты болады деп тұжырымдама жасадық:

- академиялық кеңес беру арқылы, білім алушылардың жетістігіне;

- кеңес беру үрдісіне университет мүшелерін (профессор-оқытушы құрамы, инструктор, әкімшілік),университеттің академиялық қолдау көрсету ресурстарын (жазу, оқыту - кеңес беру орталықтары) қатыстыруына;

- жоғары оқу орнының саясаты мен ерекшеліктері туралы ақпарат беруге;

- жалпы жоғары білім беру жүйесінің қызметіне;

- кәсіби эдвайзерлер қауымдастығының бет - бейнесіне (имидж);

- өзінің кәсіби өсуі мен тәжірибесіне.



1.2 АҚШ университеттерінде эдвайзердің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі. АҚШ университеттерінде, академиялық эдвайзердің оқу-әдістемелік құралдармен, ғылыми негізделген әдебиеттермен факультеттің әкімшілігі, университеттің АҚК орталықтары тарапынан қамтамасыз етілуі ерекше назарымызды аудартты. Әрбір университет, өзіндік институционалдық мақсатының негізінде, эдвайзерлерге арналған әдістемелік құралдар жасайды. Онда академиялық кеңесші қызметінің мақсаты, міндеті, жұмысының ерекшеліктері, студентпен қарым-қатынас жасау философиясы сияқты талаптарымен қоса, студенттің академиялық тәжірибесін қанағаттандыру жолдары бойынша әдістемелік ұсыныстар, дидактикалық материалдар беріледі.

Мысалы, Шығыс Мичиган университетінің Білім беру колледжінде (Eastern Michigan University, College of Education) оқу жылының басында эдвайзерлер, студенттермен жүргізілетін психологиялық тесттер, сұрақтар, анкеталар, студентпен қарым - қатынас жасау ережелері, жас және дербес ерекшеліктері және т.б. тұратын «Эдвайзер пакетімен» қамтамасыз етіледі. Студенттердің эдвайзермен кездесуі белгіленген кесте, жеке кездесулер, электрондық пошта, академиялық қолдау көрсету орталығында, немесе студент пен эдвайзердің шешімі бойынша кез келген кампустың территориясында өткізілуі мүмкін. Әкімшілік бекітілген кездесулер кестесін орнатып, қадағаламайды, бірақ эдвайзерлердің жұмысының нәтижелілігі, студенттің жетістіктері мен қанағаттануында көрініс тауып, арнайы сауалнама жүргізу арқылы анықталып, бағаланып отырады. Эдвайзерлермен барлық студенттер, магистранттар, докторанттар, коммюнити колледжінен (community college) келген студенттер қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, білім алушы эдвайзермен әрекеттестігінде, кездесулерге уақытында келу, өзінің академиялық сұрақтары, мақсаттары туралы пікірталасуға дайындығы, тиісті оқу материалдарын беру (емтихан нәтижелері, бағалау формалары т.б.), кеңес алу уақытын саналы өткізу, университеттің саясаты мен талаптарына қатысты пәндер каталогы, арнайы факультеттің материалдары, академиялық дәрежелерді иелену талаптары, қазіргі, болашақтағы білім алу және кәсіби мүмкіндіктері туралы ақпараттар алу, эдвайзердің жеке басын сыйлауға, талаптары мен нұсқаулықтарын орындауға, арнайы оқу кестесінің тиімділігі, өмір құндылықтары, белгілі бір академиялық емес шешім қабылдауда эдвайзердің сараптама жүргізуін бағалауға, оған курс бойынша жетістіктерін хабарлап тұруға жауапты болады.

Франклин & Маршал (Franklin & Marshall College) колледжінде эдвайзерлер, оқу-тәрбие үдерісінің бір бөлігі ретінде саналып, оқытушылар санатына теңестірілген. Эдвайзерлер электронды әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, онда кеңес беру үдерісінің мақсаты, міндеттері, студенттердің жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға жағымды әсер ету, оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері қарастырылған. Ал, әдістемелік құрал академиялық кеңес беру сессияларын, топтарын ұйымдастырудің технологияларымен қорытындыланады. Сонымен қатар, эдвайзерлер білім алушыларға арналған, жеке оқу траекториясын құрастыруға басшылық болатын оқыту-әдістемелік пакетін әзірлеп, онда колледждің саясаты, оқу пәндерін таңдаудың ерекшеліктері, сонымен қатар бірнеше бөлімдер студенттің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға және т.б. арнаған дәріс, практикалық сабақтар кешенімен қамтамасыз етеді. Бұдан, АҚШ университеттерінде, студент пен эдвайзердің әрекеттестігін екі жақты пайдалы үдеріс етуге, кәсібилендіруге бағытталған оқу-әдістемелік құралдардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айқындаймыз.

Шетелдік ғалым-педагогтардың еңбектерін, қазіргі АҚШ университеттеріндегі академиялық эдвайзер маманына қатысты теориялық, практикалық тәжірибені саралау, сонымен қатар халықаралық эдвайзерлер Ассоциациясы ұйымының (NACADA) тұжырымдамалары мен қорытынды есептерін, ЮНЕСКО ұйымының «Жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің рөлі» баяндамасын (2008) жан- жақты талдау, сызықты емес оқыту жүйесінде студентке эдвайзерлер арқылы академиялық кеңес беру, АҚШ университеттерінің оқыту-тәрбие үдерісінде, студенттің жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ететін міндетті құрылымы, студентке бағытталған оқыту үдерісін ұйымдастырудағы маңызды академиялық қолдау көрсету компоненті деп қорытындылауға мүмкіндік береді.



  1. Тьютор бағдарламасы (Tutoring program)

2.1 АҚШ- тың білім беру жүйесіндегі тьютор ұғымының мәні .Әлемдік білім беру жүйесінде «тьютор» кең таралған ұғым. Тьютор жүйесі- студенттерді пән бойынша оқытушы-профессор құрамынан басқа, белгілі бір академиялық кеңесшілерге бекітудің университеттік жүйесі; шағын топта кеңесші- оқытушымен жүргізілетін интенсивті жеке-дара сабақтар, ал орта білім беруде белгілі пән бойынша «репититор» деген мағынаны білдіреді.

Тьютор сабақтары - оқыту формасының ең көне түрі. Ежелгі Грецияда Сократ (б.э.д. 470-399 ) ақсүйек, жоғары тап балаларын осы әдіс арқылы тәрбиелеген. Сократ кейде оқушыны шатастыруға дейін алып баратын логикалық сұрақтар қою арқылы, оның дербес ойлау қабілетін арттырған, мәселені түсінуіне бағыттаған. Тьютор сабақтары бастауында, тек қана элита тап өкілдерінің басымшылығында болса да, қазір Европа, Американың мектеп, коммунити колледждері мен университеттерінде білім алушыларға қол жетімді қосымша сабақтың бір түрі. Сократтың еңбектерінде негізделген оқыту әдістері Американың колледж деңгейіндегі тьютор бағдарламаларында кеңінен қолданылады.

Бұл ұғымның АҚШ-тың білім беру жүйесінде жеткілікті таралғанына қарамастан, біржақты анықтамалар берілмеген. Мысалы, R. Ali Khuwaja «Тьютор моделі: әр саладағы модельдерді интеграциялау, білімді жетілдіру негізі» атты докторлық диссертациясында, «тьютор бағдарламасы пән оқытушысы, академиялық профессорлардан, факультет мүшелерінен басқа, студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын колледж студенттері, инструкторлар, университет түлектері (graduate), магистранттар немесе докторанттар арқылы жүргізілетін, студенттің белгілі бір пән бойынша өздік жұмыс тапсырмаларын, тақырыптарды, жазба жұмыстарын орындауға көмектесетін, білімін жетілдіруге бағытталған ақылы немесе ақысыз жүргізілетін қосымша сабақтар жүйесі»-деп анықталған [123].

АҚШ-тың «Дамыта оқыту және алдын алу зерттеулері орталығының» (Center for Prevention Research and Development (CRD, 2009) мәліметтеріне сай, тьютор сабақтары, формалды және формалды емес, шағын топта немесе жеке- дара жүргізіліп, көбіне университеттерде белгілі бір пәндер бойынша «артта қалушы» студенттерімен жүргізіледі [124].

Тьютор бағдарламасының, жоғары білім беру жүйесіндегі тиімділігі жөнінде педагогикалық ортада әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Мысалы, АҚШ ғалымы, K. Topping [125] өзінің мақаласында пэр–тьютор бағдарламасы, студенттің университетте әлеуметтенуін мақсат ететін қосымша білім беру жүйесінің көрінісі деп қорытындылады.

T. Jenephrt және L. Dominique [126] бірлескен авторлықта жазған мақаласында, тьютор бағдарламасын студентті, университетте сақтап қалу (retention) мен оқу үлгерімін арттыруға әсер ететін дамыту оқытудың негізгі компоненті деген оң тұжырымдар берілген.

Көптеген педагогикалық зерттеулерде тьютор сабақтары білім алушының академиялық дағдысын, оның білім алуға деген оң қарым-қатынасын арттырады деп ой тұжырымдаған [127]. Бұдан АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде тьютор болу тек қана белгілі бір пәнді теориялық тұрғыдан білуді ғана емес, пән бойынша оқыту әдістерінің негізін меңгеруді, арнайы кәсіби сынақтан өтуді қажет ететін академиялық қолдау көрсету кешенінің маңызды компоненті екенін анықтаймыз.

2.2 Жоғары білім беру жүйесіндегі пэр-тьютор бағдарламасының рөлі. Пэр-тьютор (peer-tutoring) бағдарламасы, АҚШ университеттерінде АҚК орталықтарымен ұйымдастырылып, жоғары курс студенттері, магистранттар мен докторанттарының төменгі курс студенттеріне пән бойынша қосымша сабақтар жүргізуімен ерекшеленеді. Яғни білім алушылар институционалдық тұрғыда ұйымдасқан академиялық қолдау кешені арқылы, студент–студент арасында коллегиалдық оқыту қарым-қатынастарын орнатады. Ағылшын тілінен «peer» сөзі, «тең» деп аударылса, ғылыми мақалаларда «peer tutoring» (пэр-тьютор) – «тең дәрежеде оқыту», ал «peer tutor» - «тең дәрежеде үйретуші» деген мағынаны білдіреді. Пэр-тьютор сабақтары, белсенді оқыту формасы ретінде, АҚШ университеттеріндегі «оқыту арқылы оқу» (learning by teaching) парадигмасы аясында да дамып келеді. Мысалы, Noel-Levitz «Математикада студенттің жетістігі: бастапқы кедергілерді жою стратегиясы» мақаласында, «АҚШ университеттері академиялық көрсеткіштері бойынша «қауіп-қатер» тобындағы студенттердің университетте сақтап қалу, бейімдеу мақсатында тьютор бағдарламасын кеңінен қолданады, жеке-дара пэр-тьютормен дайындалу, білім алушылардың математикалық білімдерді меңгеру қабілетін, өз-өзіне деген сенімділігін, оқудағы жетістігін арттырады»- деп жазды [128].

Сонымен қатар, АҚШ ғалымдары, S.Turkel және T. Abramson [129] еңбегінде, «тьютор мен білім алушының шағын топта әрекеттесуі, олардың арасындағы серіктестік, жолдастық қарым - қатынасын орнатады, белгілі бір ғылым бойынша академиялық дағдылары мен жетістіктері, дербес оқу іс- әрекетін дамытып, білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер етеді»- деген қорытындыға келді.

Ғалым N.Falchikov [130] болса, пэр-тьютор семинарлары, шағын топта аудиториялық дәріс, практикалық сабақтардың жалғасы болып, студенттің оқу дағдысынын арттыру, өздік жұмысына баға беру, белгілі бір оқу проблемасын шешу, дербес оқуды жетілдірудің, оқыту сапасын арттырудың үздік тәжірибесі деген жоғары баға берсе, Janet W. Colvin [131] мақаласында, пэр-тьютор сабақтары, білім алушылардың тек қана өзінің ғана емес, басқалардың білім алуына жауаптылық сезімін арттырып, оқыту үдерісін жекеден қоғамдық іс- әрекетке айналдырады деп жазды.

Ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау жүргізуден, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, пэр-тьютор бағдарламасы, АҚК орталықтарында орын алған, білім алушылардың белгілі бір пән бойынша артта қалу мәселелерін шешу мақсатымен ұйымдастырылатын, колледж студенттері, инструкторлар, университет түлектері (graduate) және т.б. жүзеге асатын АҚК компоненті деп қорытындылаймыз [132].

Дегенмен, пэр-тьютор жүйесінің Америка университеттерінде кең таралуы бірнеше себептермен түсіндіріледі. Соңғы 20 жылдың ішінде, АҚШ-тың білім беру саясатында, студенттің дербес білім алу үдерісі мен дәстүрлі жоғары білім беру жүйесін арттырудың альтернативті стратегияларын іздестіруде. Пэр-тьютор бағдарламасын енгізудің тағы бір себебі, студент пен университеттің қаржысын үнемдеу деп те тұжырымдауға болады. Себебі, Американың жоғары білім беру жүйесінде, әрбір университеттен шығып кеткен студент, тек қана өзінің ғана емес, сонымен қатар университеттің де қаржылық-экономикалық жағдайын төмендетеді деген ұстаным бар. Ал, оқыту сапасын төмендетпей, студенттерді университетте «сақтап қалу» академиялық қолдау кешені арқылы жүзеге асырылады. Екінші себеп, пэр-тьютор ретінде артта қалған білім алушылармен қосымша сабақтар жүргізген студенттің әрбір сағатына профессорға төлегеннен әлдеқайда төмен төлемақы төленеді.

Бірқатар зерттеушілер, пэр-тьютор бағдарламасының студенттердің оқудағы жетістігіне, көрсеткіштеріне жағымды әсер еткенін анықтады. Мысалы, пэр-тьюторлардың іс-әрекетін зерттеумен айналысатын американдық ғалымдар, S.Goodlad және B.Hirst [129, 181-184 б.] «Пэр – тьютор: оқыту арқылы оқуға жетекшілік» (Peer Tutoring: A Guide to Learning by Teaching) атты еңбегінде, пэр-тьютор бағдарламасының төрт жағымды көрсеткіштерін айқындады:

1. пэр-тьютор, студенттің оқу іс-әрекеті мен дағдыларын, оқу үдерісіне толықққанды қатысу белсенділігін жоғарылатады;

2. оқыту екі жаққа пайдалы үдеріс: пэр-тьютор – оқытушы- білім алушы ;

3. пэр-тьютор, білім көрсеткіштері мен қабілеттері аралас студенттермен, оқытушының жеке- дара жұмыс жасау жүктемесін жеңілдетеді.

4. пэр-тьютор сабақтары, көп мөлшерде қаржыны талап етпейтін, жалпы университетттік білім беру үдерісінің кемшіліктерінің алдын алатын академиялық қолдау көрсету түрі.

D.Saunders [133] өз еңбегінде жоғары деңгейде ұйымдасқан университеттік пэр-тьютор бағдарламасының төмендегідей негізгі сипаттамасын берді:

- қауіпті зонадағы студенттерді пэр-тьютор сабақтарына тарту, оқыту іс -әрекетін ментор ретінде өткізу, студентке көмек қажеттілігі психологиялық стигмасын (жапсырма), кедергілерін төмендетуі;

- пэр-тьюторлардың жұмысын ынталандыру, белсендіру, олардың маңызды жұмыс атқарып жатқанын сезіндіруі;

- пэр-тьютор сабақтары тиімді болу үшін, қосымша оқыту әдістері, жас, жеке тұлға ерекшеліктері және т.б. мәселелер бойынша семинарлардың жүргізілуі;

- қауіпті зонадағы студенттерге тұлғааралық қарым - қатынасқа негізделген жеке дара пэр-тьютор сабақтарының тиімділігі;

- жергілікті колледждер, университеттер мен кәсіби мекемелермен жақын қарым- қатынас орнату, пэр-тьютор бағдарламасына қатысты жаңа идеялар, зерттеу жұмыстары жасауға мүмкіндік беруі.

АҚШ студенттерінің университетте пэр-тьютор cабақтарын жүргізуінің басты себептеріне, материалдық-қаржылық жағдайын көтеру, оқу пәні бойынша кредиттер жинау, университетті аяқтау (graduation) талабын орындау жатады. Кейбір американдық студенттер университеттің талабынсыз ерікті түрде (волонтер) тьютор болып, артта қалушы студенттердің оқу үлгерімін арттыруға өз үлесін қосады.

2.3 АҚШ-тың ЖОО-да тьютор бағдарламасының ұйымдастырылу тәжірибесінен. Кентукки университетінде бакалавр студенттерінің оқу үлгерімін арттыруға арналған пэр-тьютор бағдарламасы «Академиялық жетілдіру» (Academic Enhancement Center) орталығының бір бөлігі. Басты мақсаты - белгілі бір пән бойынша студентің оқу үлгерімін арттыру, академиялық артта қалушылықты жою, студентті университет қабырғасында «сақтап қалуға» мүмкін болатын дамыта оқыту аймағын қалыптастыру. Тьютор сабақтары, белгілі бір оқу кестесі бойынша, шағын топта (4 студенттен арттық емес), немесе жеке–дара ұйымдастырылып, көбіне, статистика, химия, биология, математика, физика, физиология, экономика, психология және т.б. пәндердің силлабусы негізінде жүргізіледі. Пэр-тьютор болуға үміткер студент, арнайы сауалнамаларға жауап беріп, қосымша сабақтар жүргізетін пән бойынша жоғары оқу үлгерімін көрсетіп, пән профессорынан ұсыныс хат әкелуі қажет. Кентукки университетінде, тьютор бағдарламасы, Л.С. Выготскийдің «оқыту арқылы дамыту», Сократтың сұрақ қою әдістеріне сүйенеді. Тьютор студенттер, оқытудың педагогикалық, психологиялық әдістері бойынша арнайы семинарлардан өтіп, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіледі.

Кентукки университетінде (University of Kentucky) 2012 жылы өткен ғылыми тағылымдама барысында тьютор бағдарламасының тиімділігі мен студенттің оқу үлгеріміне әсерін анықтау бойынша АҚК орталығының қызметкерлерінің жылдық қорытынды есептерін талдау, олармен сұхбаттасу, сауалнама жүргізуден тьютор бағдарламасына қатысқан студенттердің санының 2004-2012 академиялық жылдарда 271-ден 17590-ға артқанын (сурет 9), студенттердің оқу үлгерімінің орташа балына (сурет 10) әсері бар екенін анықтадық.



Сурет 9 - Студенттердің тьютор бағдарламасына қатысуы


Сурет 10 - Студенттердің оқу үлгерімінің орташа балына (GPA) әсері
Оған қоса, білім алушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелерін қорытындылау, 91% респонденттердің пэр-тьютормен қосымша дайындалу нәтижесінде пән бойынша оқу үлгерімінің, 85,3% - оқу мотивациясының артқанын көрсетсе, ал 92.3% білім алушылар, басқаларға жарнамалайтынын мәлімдеді. Қорыта келе, Кентукки университетінде пэр-тьютор бағдарламасына сұраныстың ұлғаюы, оның педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, жарнамалық, техникалық жағынан, жоғары деңгейде ұйымдасқанын, осы мәселеде, «студент – оқытушы - әкімшілік» қарым-қатынасының ынтымақтастығы, бағдарламаның студенттердің академиялық жетістігіне, мотивациясына, сенімділігіне әсері, тиімді «оқыту арқылы оқу» айналасының құрылуына жағымды әсер еткенін көре аламыз.

Огайо штатының Синнсинати университетінде оқыту ассистенті, колледж деңгейіндегі пэр-тьютор және пэр-ментор міндеттерін атқаратын студенттер, «Колледжде Оқыту ассоциациясы» ұйымы арқылы, халықаралық пэр-тьютор сертификатының иегері болады. Бұл сертификат, студенттерге шетелде пэр-тьютор тәжірибесінен өтуге мүмкіндік береді. Білім алушыларға пэр-тьютор бағдарламасының аясында, «Оқытуға көмек көрсету» орталығы арқылы 400-ден астам пән бағдарламалары ұсынылады. Сонымен қатар, қашықтан оқыту түрін таңдаған студенттер үшін де , пэр-тьюторлықтың онлайн түрі де қарастырылған.

АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі пэр-тьютор ұғымының мәні мен, университеттегі рөлін анықтау, әртүрлі университеттердегі тәжірибесін жан-жақты талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  1. тьюторлық жүйе-студенттерді пән білімін жетілдіруге бағытталған оқытушылардан басқа белгілі бір кеңесшілерге бекітудің университеттік жүйесі;

  2. пэр-тьютор бағдарламасы аясында, студентердің мотивациясын, жауапкершілігін арттыру үшін «оқыту арқылы оқу» (learning by teaching), «оқыту арқылы екі рет оқу, қайталау» - (to teach is to learn twice) сияқты идеялары қолданылады.

  3. пэр-тьютор қосымша сабақтары, белсенді оқыту формасы ретінде «оқыту арқылы оқу» парадигмасы аясында дамиды.

  4. пэр-тьютор бағдарламасы университеттік білім сапасын арттырады, студенттердің оқу үлгеріміне жағымды әсер етеді, оның жеке оқу траекториясын саналы түрде жүзеге асыруына, өзіндік ықпалын тигізеді.

  1. Ментор (тәлімгер) бағдарламасы (Mentoring program)

    1. Ментор бағдарламасының оқу-тәрбие үдерісіндегі рөлі. «Ментор» сөзінің этимологиясы, ежелгі грек тілінен «тәлімгер» немесе «тәрбие беруші» деген ұғымды білдіреді. Қазіргі кезде, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде ментор бағдарламасы университеттің білі алушыларына қол жетімді болып саналатын академиялық қолдау көрсетудің кешенінің бір бағыты. АҚШ –та ментор бағдарламасын қолдану, 18 ғасырдан бастау алады. Университет және колледж кампустерінің бакалавриат студенттері бір - бірінің аудиториялық оқу үлгерімін арттырудың шешімін табудың альтернативті жолдарын іздестіріп, өз тәжірибелерімен бөліскен. Ал оның жаппай АҚШ университеттерінде қолданылуы, 20 ғасырдың 60-70 жылдарында басталды.

Алғашында, АҚШ-та жас оқытушыларға тәлімгер ретіндегі аға буын өкілдерінен менторларды тағайындаудың классикалық моделі қолданды. Оған қатысты, ғалым M. Gardiner [134] өз еңбегінде, ментор үшін жаңа идеялар, көзқарастар алу, үлгі болу мүмкіндігі болса, жас буын үшін кәсіби байланыс жасау, кәсіби мақсатын қайта қарау және жетілдіру болып табылады деп қарастырса, S.C.Payne және A.H. Huffman [135] еңбегінде, ментор бағдарламасы дұрыс ұйымдасқан болса, онда білім беру институттарының ғылым саласы бойынша көрсеткіші, ғылыми мақалалар саны арта түседі деп ой түйіндейді.

АҚШ-тың педагогика ғылымы cаласында, пэр-ментор ұғымына, оның негізгі міндеттеріне әртүрлі анықтамалар, теориялық тұжырымдамалар берілген. Жалпы ағылшын тілінен «peer» сөзі, «тең» деп аударылса, ғылыми мақалаларда «peer mentoring» (пэр-менторлық) – «тең дәрежеде тәлімгерлік», ал «peer mentor» - «тең дәрежеде тәлімгер» деген мағынаны білдіреді.

Студент-студент қарым-қатынасындағы, пэр-ментор бағдарламасының коллегиалдық жүйесінің нәтижелілігін зерттеген, бір топ ғалымдардың пікірлерін қарастырдық. Мысалы, E.S. Reid [136] өзінің зерттеулерінде студенттік ментор қызметі - оқу үлгерімі бойынша «қауіп-қатер» тобындағы студенттердің ортақ балы (GPA) мен оқу мотивациясын арттырады деп қорытындыға келсе, L.A. Daloz [137] өзінің «Тиімді сабақ беру және тәлімгерлік» (Effective teaching and mentoring) еңбегінде cтуденттің тәлімгер болуы, білім алушылардың интеллектуалдық дамуына әсер етуші үдеріс деген қорытындыға келеді.

Ғалым David W. King [138] өз еңбегінде, «пэр- ментор үдерісі - студенттің академиялық және тұлғалық дамуына тиімді әсер етуге арналған қарым - қатынас формасы, студенттің дербес жауапкершілігі мен кәсіби, жекетұлғалық бағыттылығын, мақсаттарына жетуіне итермелейтін күш» - деген анықтама береді.

K.E. Kram [139] зерттеулерінде, пэр-ментор ұғымын жасы, өмірлік, академиялық тәжірибесі шамалас студенттердің формалды немесе формалды емес сызба негізінде, болашақ кәсіби мақсаттарына қатысты (ақпарат алмасу, кәсіби өзін-өзі айқындау стратегиясы), психологиялық мәселелерге қатысты (эмоционалдық қолдау, жеке тұлғалық кері байланыс жасау,достық) тәжірибе алмасу формасы деп анықталған.

Студент-студент қарым-қатынасындағы пэр-ментор модельдері, бағдарламалары тек қана АҚШ–та ғана емес, Англия, Австралия университеттерінде кеңінен қолданылуда. Мысалы Австралияның Виктория университеті АҚШ – тың «пэр- ментор» моделін тәжірибесіне енгізген. АҚШ-та ментор-студенттер төлемақы, мадақтамалар, сыйлықтар, сертификаттар арқылы ынталандырса, Англия университеттерінде бағдарламаға қатысқан білім алушыларға академиялық кредит жинау мүмкіндігі бар. Америка университеттерінде, соңғы 20 жылда студенттер санының артуына, білім беруге жұмсалатын қаржылардың федералдық штаттың тарапынан қысқаруына байланысты институттар, дәстүрлі аудиториядағы сабақтарды толықтыру, студенттердің пайдалы еңбекпен шұғылданудың әртүрлі жолдарын іздестіруі мақсатында, пэр-ментор бағдарламасын кеңінен қолдануда [140].

АҚШ педагог-ғалымдарының анықтамаларынан, «пэр-ментор»- жаңадан қабылданған білім алушылардың академиялық және әлеуметтік бейімделуі мен жетістігіне бағыт-бағдар беретін, академиялық қолдау көрсету орталықтарымен ұйымдастырылатын, студент-студент қатынасындағы тәлімгерлік түрі деп нақтылаймыз.

Студенттерге арналған пэр-ментор бағдарламасының үш негізгі мақсатына, университетке жаңа түскен студенттердің жатсыну сезімдерін азайту, студенттерге оқытушы - профессор құрамымен формалды емес әлеуметтік байланыс құруға мүмкіндік беру, студенттердің академиялық жетістігі мен университеттерді бітірушілердің санын арттыру жатады. АҚШ-та, бұл АҚК элементін, бірінші курс студенттері, магистранттары, докторанттары, шетелден келген білім алушылар, мүгедек студенттер аса қажет етеді. Пэр – ментор, тәжірибесі аз студенттердің жалпы білім алу өнімділігі, жекетұлғалық өсуіне баса назар аударады. Кейбір жағдайда, Қазақстандық университеттердегі кураторлардың функцияларын орындайды. Мысалы, студент белгілі бір себептермен аудиториялық сабаққа келе алмаса, өзінің пэр- менторына айтып, дәріс оқытушысына хабарлауын сұрайды.

J. W. Colvin and M. Ashman өзінің «Жоғары білім беру жүйесіндегі пэр- менторлықтың рөлі, зияны, пайдасы» атты мақаласында, студент-менторлар басқа студенттерге қатысты, университеттің өзіндік ерекшеліктеріне жетелеуші, көшбасшы жолдас, оқудағы жаттықтырушысы, студенттердің қорғаушысы, сенімді дос сияқты рөлдерін атқаратынын, студент-менторлар, басқаларға көмек көрсету арқылы академиялық тәжірибесін қайта қарастырып, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік алатынын айқындады [141].

Мәселеге қатысты, АҚШ ғалымдарының еңбектерін жан - жақты талдау, пэр-ментор бағдарламасын жүзеге асыру университет, тәлімгер, қамқорлықтағы студенттерге де жалпы пайдалы үдеріс екенін байқаймыз.



Қамқорлықтағы студент үшін артықшылығы:

  • жоғары білім беру жүйесіне өту, бейімделу іс- әрекетін жеңілдету; студенттермен байланыс жасауды жеңілдету;

  • академиялық қауымның бір мүшесі сезімін қалыптастыру;

  • достық қолдау және көтермелеу;

  • оқу мәселелері бойынша кеңестер алу;

  • өз-өзіне деген сенімділігін арттыру болса,

Пэр-ментор (тәлімгер) міндетін атқарушы студент үшін артықшылығы:

  • көшбасшылық, қолдау көрсету, басқару дағдыларын арттыру;

кәсіби түйіндемесіне (резюме) жағымды әсер ету;

  • жекетұлғалық қанағаттану;

  • академиялық қауымдастықпен тығыз байланыс орнату;

  • оқыту және оқу тәжірибесі;

  • жекетұлғалық білімдері мен дағдыларымен бөлісі мүмкіндігі екенін анықтаймыз.

Алайда, пэр-ментор бағдарламасының қатысушыларының арасында болатын қарама-қайшылық жағдайлары да кездеседі. Оларға, студенттердің менторлардың берген тапсырмаларын орындамауы, коммуникативті, жекетұлғалық, ұлтаралық барьерлер, дау-жанжалдар, студенттердің көмекті қажет етпеуі, ментор студенттердің ақпаратты жеткізуінің дұрыс ұйымдастырылмауы жатады [142]. Бұдан студент-студент қарым-қатынасындағы ментор бағдарламасының психологиялық, педагогикалық, адамгершілік тұрғысынан аса жауапкершілікпен, дайындықпен, ұйымдастырылу қажеттігін байқаймыз.

Қорыта келе, АҚШ университеттеріндегі ментор бағдарламасына қатысты негізгі ой қорытындыларды келесі түрде нақтылауға болады:

- білім алушыларды университеттік кезеңге бейімделуіне әсер етеді;

- студенттің академиялық, әлеуметтік жетістігінің қозғаушы күші;

- студенттер арасында, бір-біріне жәрдемдесуге негізделген адамгершілік, толеранттылық қарым-қатынасты қалыптастырады;

- пэр-ментор бағдарламасының мақсаттары айқындалып, оның құрылымы кампус және студенттер үшін белгіленеді, жарнамаланады



- пэр-ментор бағдарламасының нәтижелілігін бағалау жүйелі жүзеге асады.

3.2 АҚШ университеттерінің пэр - ментор бағдарламасының жүзеге асыру тәжірибесінен. Пэр–ментор бағдарламасының, АҚШ-тың беделді университеттерінде жүзеге асыру ерекшеліктерін сараптау, мәселенің мән-жайын толықтай түсінуге мүмкіндік береді. 2012 жылы зерттеу тақырыбы бойынша Кентукки университетіндегі (University of Kentucky) ғылыми тағылымдама барысында пэр-ментор бағдарламасы, барлық бірінші курс студенттерін үшін институционалды түрде ұйымдастырылғанын анықталды. Пэр-менторлардың іс-әрекеті, «Академиялық қолдау көрсету» орталығымен басқарылып, әрбір департамент (факультет) бұл мәселеге өз үлесін қосады. Кентукки университеттегі пэр-ментор бағдарламасының жүзеге асу құрылымын келесі суреттен көруге болады:

Сурет 11 - Пэр - ментор бағдарламасының орталықтандырылған құрылымы


Академиялық оқу жылында саны 350-400-ге жететін пэр-менторлар арнайы дайындықтан, семинар, тренингтерден өтіп, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіледі. Әрбір пэр-менторға, бірінші курстың 4-5 студенттімен жұмыс атқару жүктеледі. Жаңа тәлімгер міндетін атқарып жатқан студентке, тәжірибесі бар оқытушы немесе студент жетекшілік жүргізеді. Кентукки Университетінде пэр- ментор бағдарламасын жүзеге асыру жыл бойы бірнеше кезеңнен тұратын жоспарлы күнтізбе негізінде жүргізіледі (кесте 7).
Кесте 7 -Пэр- ментор бағдарламасының ұйымдастырылу жоспары


Кезең-дері


Орын-далу

мерзімі


Іс-әрекет мазмұны

1

2

3

1 кезең

Қаңтар

Ерікті ниет білдірген (волонтер) студенттерден өтініш жинақтау, іріктеу.

2 кезең


Ақпан-Наурыз

Пэр-менторларға міндетті дайындық курстары жүргізіледі. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері, жекетұлғалық қауіпсіздігін сақтау, академиялық және кәсіби кеңестер жүргізудің негіздері айқындалады

3 кезең

Мамыр-Маусым

Пэр-менторлар департамент (факультет) координаторларына «Студенттікке көпір» аптасының жоспарын құруға көмектеседі

4 кезең

Қыркүйек

Әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді, менторларды топ ішінен ажырататын арнайы киімдер (футболка) беріледі.

7- кестенің жалғасы


1

2

3

5 кезең

«Студенттікке көпір» аптасы (Student bridge)

Менторлар осы аптада факультетте, әртүрлі әлеуметтік іс - шараларда 15 сағаттан артық уақыт өткізеді.

6 кезең

Оқу жылы аралығында

«Студенттікке көпір» аптасынан кейін пэр - менторлар жыл бойы бірінші оқу жылындағы студенттерге бетпе бет, немесе электронды пошта арқылы академиялық кеңестер өткізеді. Карьера және мүмкіндіктер орталығы, факультеттегі координаторларымен бірлесіп, қоғамдық іс - шаралар ұйымдастыруға атсалысады. Ментор қызметі күшпен міндеттелмейді, ерікті негізде жүзеге асады.

7 кезең

Қаңтар-ақпан

Марапат-тау



Пэр-менторлардың жыл бойғы қызметін марапаттау рәсімі өткізіліп, оларға болашақ кәсіби порфолиосына қажетті сертификаттар беріледі.

Кестеден, пэр-менторлардың жұмысының «Студентікке көпір» (Summer Bridge) деп аталатын бірінші курс студенттеріне арналған бағыт -бағдар беру аптасында өткізілетін іс-шаралардың жоспарын жасаудан басталатынын аңғарамыз. «Студентікке көпір» аптасының мерзімі оқу басталмастан бұрын университет әкімшілігімен анықталып, әрбір факультеттің жаңа түскен студенттерінің бейімделуі бойынша интенсивті жұмыс жасауға бағытталған. Ондағы пэр-менторлардың басты міндеттеріне, қамқорлықтағы студенттерімен жеке-дара кездесулер ұйымдастыру, барлық студенттердің қатысуымен жүргізілетін әлеуметтік кештер, университет ресурстарымен, корпустарымен, таныстыру, семинарлар өткізу болып табылады. Сонымен қатар, өздеріне бекітілген студенттердің академиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін анықтау, олармен бетпе - бет, электрондық пошта арқылы байланыстар орнату. Осындай іс - шаралар арқылы жаңа түскен студенттердің академиялық қауыммен байланыс жүйесі дамиды, студенттің шығармашылық белсенділігі, білім алуға деген ынтасы оянады, университет туралы ақпараттық құралдармен қаруланады, оқу үдерісіне дейін алдын - ала бейімделеді. Білім алушылар «Студенттікке көпір» аптасында университет,студенттің міндеті мен құқығы, оқу тәртібі, плагиат, жастар және оқу орнындағы спорттық, мәдени шаралар туралы ақпарат алады.

2011-2012 оқу жылында аталған оқу орнында «Академиялық қолдау көрсету» орталығымен жүргізілген сауалнаманың қорытындысында 75% студенттер пэр-менторлардың жұмысын «өте жақсы» деп бағаласа, 56% респонденттер олардың тұрмыстық, әлеуметтік, академиялық мәселелер бойынша маңызды ақпараттармен қамтамасыз етіп, шешім табуға жол көрсеткендерін мәлімдеген. Респонденттер менторлардың әдептілігі, энтузиазм, сенімділігі, тыңдау білу, қолдай білу, достық, қол жетімділік, тұлғаның жеке қасиеттерін сыйлай білу, білікті, тапқырлық, қиын жағдайлардан шыға білу, жетекшілік, болжамдық, қайраттылық (энергичный) қасиеттеріне де аса назар аударған.

АҚШ тың жоғары білім беру жүйесінде пэр - ментор бағдарламасының тарихын, сұрыпталуын, дамуын, университеттердегі тәжирибесін жан - жақты талдау келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:

- жоғары білім беру контексінде пэр - ментор бағдарламасы, университеттің академиялық мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы тәжірибесі бар студенттердің, жаңа келген білім алушыларға ЖОО-ның әртүрлі аспектілері бойынша ұсыныстар, кеңестер, тәжірибе алмасу іс – әрекеті;

- студенттерге арналған пэр-ментор бағдарламасының университеттің, факультеттің шешімі бойынша әртүрлі моделдері қолданылады;

- студенттердің университет қабырғасына дер кезінде бейімделуіне, академиялық жетістігі мен университеттерді бітірушілердің санын арттыруына жағымды әсер етеді.



IV. Бірінші курс студенттеріне арналған бағыт-бағдар беруші курстар кешені.АҚШ–тың 70% университеттері мен колледжері, академиялық эдвайзер, пэр-тьютор, пэр-ментор бағдарламаларымен қоса, студенттің жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыру механизмі ретінде, бағыт-бағдар беруші курстар кешенінде қолданады. «Бірінші курс студенттеріне арналған бағыт–бағдар беруші (First Year Orientation Course) курстары, Америка университеттерінде институционалдық дәрежеде студенттің тұрақтылығы мен академиялық жетістігіне жауапты болып, бакалавриаттың оқу жоспарындағы міндетті пәндер (obligatory disciplines) ретінде қарастырылады. Оның әр университетте алуан түрлі атаулары бар: «Университет 101» (University 101), «Сақтап қалу курстары» (Retention Courses), «Бірінші курс семинары» (First- Year Seminars), «Бірінші курс тәжірибесі» (First Year Experience).

Алғаш рет, американың жоғары білім беру жүйесінде осындай курстардың тиімділігін ғылыми дәлелдеп, нақты жобасын енгізген оқытушы Джон Гарднер (John Gardner,1986) болатын. E.Pascarella және P. Terenzini [62, 139 б.] зерттеулерінде, Джон Гарднер 1972 жылы «Университет 101» атты бірінші курс студенттеріне жүргізілетін бейімдеуші курстың бағдарламасын педагог қауымына ұсынды, қазіргі таңда олар, Американың 95% төрт жылдық университеттері мен колледждері оқу жоспарларында орын алған деп жазады.

АҚШ-тың педагогика ғылымы cаласында, бірінші курс студенттеріне арналған бағыт-бағдар беруші курстар кешенінің тиімділігі туралы әртүрлі ғылыми-теориялық ой-пікірлер орын алған. Мысалы, R. B. Nelson және т.б. [143] зерттеулерінде «Бағыт-бағдар беруші» курстарын жүргізу, жаңадан келген студенттерді университет қабырғасында бейімдеу, сақтап қалу, академиялық жетістіктерін нығайту үшін қолданатын әдістің бірі болып анықталса, ал G. D. Kuh [144] университеттер бағыт-бағдар беруші курстар кешенін, студенттердің бейімделуіне әсер ететін, негізгі механизм ретінде қолданады деп қорытындылады.

Студенттік кезеңнің акдемиялық, әлеуметтік мәселелерін зерттеуші, американдық белгілі ғалым V.Tinto [145], өз мақаласында бағыт-бағдар беруші курстардың, студенттің мектептен, университетке өтпелі кезеңіндегі қолдау көрсетудің көшбасшысы деп жазды.

АҚШ –тың педагог- ғалымдары Stephen R. Porter және Randy L. Swing 45 университеттен іріктеп алған, 20 мың бірінші курс студенттерімен жүргізілген сауалнаманың қорытындысында, оның әртүрлі мәселелерге қатысты нәтижелілігін анықтады. Респонденттердің жауаптарының нәтижесі оқу дағдысының элементтеріне қатысты: аудиториялық дискуссияларға қатысу, өздік жұмыстарды уақытында орындау, басқа студенттермен бірігіп дайындалу, тиімді оқу кестесін жасау, сабақ соңында дербес кері байланыс жасау, маңызды академиялық тапсырмаларды анықтау; оқу үрейлілігінен, кедергілерінен арылу мәселелерін жетілдіруге; кампус саясатына қатысты академиялық әділдік (academic honesty), плагиат ережелері, баға қою жүйесі, академиялық сынаушы мерзім, курстарға тіркелу, жеке байланыстарды орнату маңыздылығы, қаржылық көмек процедуралары, дәрігерлік қызметтер, оқытушылардың студентке үміт арту мәселелері, академиялық эдвайзердің рөлі, негізгі мамандануды таңдай процесі, жеке оқу мақсатын қоюдың маңыздылығы, академиялық көмек алу (ментор, тьютор және т.б.), туралы түсініктерін арттыруға, кампус өміріне, қоғамдық іс шараларға қатысты волонтер болу, кампустың мәдени іс -шараларына қатысу іс - әрекеттерінің жақсарғаны, басқа студенттермен байланыс жасауға қатысты аудиториядағы студенттерді танып-білуге, жаңа адамдармен танысу, жақын достық қарым - қатынас жасау, тұлғааралық коммуникация жасау мүмкіндіктерінің дамығаны, салауатты өмір салтын ұстануға қатысты университетте дұрыс тамақтану, спорт секцияларына қатысу, алкоголь, шылым шегу, есірткі зияны туралы жаңаша ойлардың қалыптасқанын анықтады [146].

A.К. Corella, АҚШ-тың Аризона университетінің базасында эмпирикалық нәтижелер жинаған , «Колледж студенттерінің жетістігін анықтау: Бірінші курс студенттерін бейімдеу курстары мен пэр-менторлықтың рөлі» атты докторлық диссертациясында, респонденттермен жүргізілген сандық және сапалық әдістердің нәтижесінде, бағыт-бағдар беруші курстардың білім алушылардың келесі мәселелеріне жағымды әсер еткенін анықтаған: «университетке бейімдеу», «GPA балын арттыру», «дос табуға әсер ету», «қажетті кампус ресурстары бойынша білімін арттыру», «университеттік өмір туралы пікірталасқа түсу мүмкіндігі» , «тьютор табуға әсер ету» [147] .



Бағыт-бағдар беруші курстарының, силлабустары оқу дағдысы, сыни тұрғыдан ойлау, уақытты басқару модульдерін қамтып, студенттің оқу іс -әрекеттін элементтері, оқу стилі, мақсат қоя білу мен оған жету жолдары, қиыншылықтан шыға білу, жұмысқа қабілеттілігін, өзін-өзі реттеу, басқару дағдыларын дамытуға бағытталған. Мысалы, Калифорния университетінде бағыт - бағдар беру курсы «Бірінші курс студентінің жетістікке жету кешені» (First Year Success Series) деп аталып, академиялық жетістік, мамандық бойынша кеңес алу, көшбасшылық, жекетұлғалық және қаржылық жауапкершілік және т.б. тақырыптар бойынша жүзден астам семинарларға бөлінген [148].

Кентукки университетінде (University of Kentucky) 1 курс студенттеріне арналған екі бағыттағы оқу пәні ұйымдастырылған, біріншісі «UK-101», университет студенттерін қажетті оқу дағдыларын дамытуға, бейімдеуге арналған міндетті курс, екіншісі, «Колледж студентінің жетістікке жету теориясы» (EPE 174 Theories of College Student Success) 3 кредиттен тұратын, Американың жоғары білім беру жүйесінің миссиясы, ондағы университеттер мен колледждердің рөлі, тарихы, студент сәттілігінің теориялары, оқу стильдері, студент сәттілігін концептуальдық тұрғыдан қарастыратын күрделі, бірақ тәжірибеге бағытталған элективті оқу пәні. Кентукки университетінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдамадан өту барысында «EPE 174 Колледж студентінің жетістікке жету теориясы» пәніне бақылаушы-зерттеуші есебінде қатысып, пәнді оқытудың ерекшеліктерін, саясатын, студенттердің қабылдауын, өздік жұмыс тапсырмаларының, оқу - әдістемелік кешенінің ұйымдастырылуын қарастырдық. 2011-2012 жылдың көктемгі семестрінде пәнге, жазылған студенттердің саны 125-ке жетіп, пән 6 топта жүргізілді. Курс аптасына 3 рет практикалық сабақтар ретінде өткізіліп, өздік жұмыс тақырыптары бойынша оқуға қажетті мақалалар мен кітаптар берілді. Сонымен қатар, курс барысында студенттерге, университет студенттеріне қатысты, екі шағын зерттеу жұмыстарын жазу міндеттелді. Оқу пәнінің силабусы «Қазіргі колледж студенттерінің бет-бейнесі», «Жоғары білім беру жүйесінің құрылымы», «Жоғары білім беру жүйесінде зерттеу жүргізу», «Университеттің академиялық қолдау көрсету орталықтары», «Студент сәттілігінің теориялары: А. Остин», «Университеттегі бюрократизм», «Студент сәттілігінің факторлары», «Академиялық жетістік: Әлеуметтік-эмоционалдық факторлар», «Кампус мәселелері: адалдық, достық, қоғамдастық , «Когнитивті даму: Пэрристің интеллектуалды даму сызбасы», «Когнитивті даму: әйел және ер адамдардың қабылдау ерекшеліктері», «Кампус мәселелері: Кампустың нәсілдік климаты» және т.б. соны, әрі студенттерге қажетті де қызықты тақырыптарға бөлініп, онда жоғары білім беру мен қоғамның жоғары білікті мамандарға деген сұранысы, Америка экономикасына университеттердің әсері, оқу үлгерімін арттырудың әртүрлі маңызды мәселелері, әртүрлі жыныстағы адамдардың таным процестерінің ерекшеліктері, когнитивті дамудың психологиялық жақтары қарастырылған. Көбіне сабақтар пікірталас, семинар-тренингтер, іскерлік ойындар, топтық зерттеу жобалары түрінде өткізілді. Пән бойынша оқу үдерісінде студенттің ынталылығын, белсенділігін арттыруға байланысты дидактикалық құралдар, жаңа ақпараттық технологиялар, видео, Интернет сайттары кеңінен қолданылды. Әрбір сабақтың мақсаты айқын, түсінікті, оның көлемі мен мазмұны пәннің оқу мақсатына сай, студентті орындауға ынталандыратындай, орындауға деген студенттің жағдайы мен мүмкіндігі ескеріліп жүргізілді. Әдістемелік тұрғыдан студенттің танымдық іс - әрекетін қалыптастыру үшін аудиториядағы және одан тыс өздік жұмыс түрлері: пән бойынша білім алушының өзіндік жұмыс орындауға қажетті оқу - әдістемелік кешені, оқулықтар, белсенді үлестірме материалдары (hand-outs) дұрыс ұйымдастырылды.

Зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми еңбектерді талдау, университеттер сайттарын интернет желісінің көмегімен тікелей онлайн режимде қарастыру, Америка жоғары білім беру жүйесінде бірінші курс студенттеріне арналған бағыт- бағдар беруші курстар академиялық қолдау жүйесінің маңызды элементі ретінде теориялық тұрғыдан негізделіп, оны ұйымдастырудағы келесі ерекшеліктері анықталды:

- жоғары білім беру жүйесінің академиялық еркіндігі, орталықтандырылмаған қағидатына, әрбір жеке жоғары оқу орындарының білім беру саясатына сай курстардың атаулары, саны, кредит мөлшері, оқу бағдарламасы, бағынатын университеттік ұйымдары әртүрлі болғанымен, мақсаты мен міндеттері ортақ;

- университеттердің басым көпшілігінде бағыт- бағдар курстарына қатысу бірінші курс студенттері үшін міндетті компонент;

- курстарға жазылу академиялық эдвайзердің көмегімен жүзеге асады;

- курстардың оқу - әдістемелік кешендері жоғары деңгейде ұйымдасқан;

- университет сайттарында бағыт-бағдар курстарының жарнамалық жолақтарында студенттердің бейімделуіне әсері бойынша ақпарат ұсынылған;

- университеттің студенттерді бейімдеу саясатына байланысты бағдарламаларының тиімділігі бойынша зерттеу жұмыстарының үнемі жүргізілуі.

АҚШ университеттеріндегі оқыту үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған академиялық қолдау көрсету бағдарламаларының мәні мен ұйымдастырылу ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жүргізу, олардың белгілі бір орталық деңгейінде институционалдық деңгейде ұйымдастырылғанын, студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға, белсенді білім алу позициясын дамытуға орасан үлесі бар екенін анықтаймыз. Кешенді түрде жүргізілетін эдвайзер, тьютор, ментор, бағыт –бағдар беру курстары сияқты академиялық қолдау көрсету бағдарламалары арқылы АҚШ университеттері, студентің қажеттілігі мен жекетұлғалық, кәсіби дамуына бағытталған оқыту-тәрбие үдерісін қалыптастыруды мақсат етеді деп қорытынды жасаймыз.

Осыған орай, келесі бөлімде, ҚР жоғары білім беру жүйесінің жаңаруымен келген, студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыру, белсенді субъективтік оқу позициясын жетілдіру үшін университеттердің оқу-тәрбие үдерісіне енгізілген академиялық эдвайзер, тьютор бағдарламаларына салыстырмалы талдау жүргізуді қажет етеді.


Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет