Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна ақШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері


Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін тәжірибеге ендірудің нәтижелері



бет9/13
Дата05.11.2016
өлшемі3,76 Mb.
#948
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін тәжірибеге ендірудің нәтижелері

Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделінің академиялық эдвайзер, бағыт-бағдар беруші курстары компоненттерін тәжірибеге ендіру Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің әлеуметтік ғылымдар, журналистика және саясаттану факультетінің базасында жүзеге асты. Эксперименттің қалыптастырушы кезеңіне 120 бакалавриат студенттері, 18 эдвайзер-оқытушылар қатысты. Бұл кезеңнің басты мақсаты, кредиттік оқыту технологиясында білім алушылардың академиялық кедергілерінің алдын алу, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ету мақсатымен АҚШ тәжірибесін талдау негізінде енгізілген университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Қалыптастырушы эксперименттің мақсаты, келесі міндеттерді шешуді талап етеді:

  1. университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделінің апробациядан өткізу

  2. эдвайзер қызметіндегі оқытушылардың біліктілігін арттыру, университет студенттеріне сапалы академиялық кеңес беру бағдарламасын жасау.

  3. Кредиттік оқыту технологогиясында академиялық кедергілердің алдын алу, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыру мақсатымен білім алушыларға академиялық қолдау көрсету, кеңес беру, бағыт-бағдар беруші курстар өткізу.

Қалыптастырушы эксперименттің бірінші кезеңінде 2.3 параграфта ұсынылған университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделі апробациядан өтті.

Қалыптастырушы эксперименттің екінші кезеңінде, академиялық эдвайзер қызметін алғаш рет тәжірибеде жүзеге асыратын әлеуметтік ғылымдар, журналистика саясаттану факультетінің 18 эдвайзер-оқытушыларының біліктілігін арттыру, оларды студенттерге академиялық кеңес беру іс-әрекетіне дайындау қажеттігі туындады.

Оқытушыларды теориялық-тәжірибелік дайындықтан өткізу үшін «Университет эдвайзерлерінің кеңес беру қызметі» (қосымша Е) атты оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттырудың модульдық бағдарламасы жасалынды.

Бағдарламаның стратегиялық мақсаты – университет қызметкерлерін академиялық эдвайзер қызметін сапалы орындауға бағыттау. Модуль университетте академиялық қолдау көрсетудің басты қызметі – «эдвайзер» ұғымының ерекшеліктерімен, негізгі түсініктерімен, кеңес беру қызметін жүзеге асыруда қолданатын тәсілдерді айқындайтын бес элементтен тұрады:



  1. «Академиялық эдвайзерлікке кіріспе. Университетте жекетұлғаға батығытталған оқыту үдерісін ұйымдастыру қажеттілігі» элементі университет қызметкерлерін жекетұлғаға бағытталған оқыту үдерісінің ерекшеліктерімен, оқу үдерісінде студенттерге академиялық кеңес беру феноменімен, оның орны мен рөлін анықтауға мүмкіндік береді;

  2. «Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету жекетұлғаға бағытталған оқыту үдерісін жүзеге асыру шарты ретінде» элементінде АҚШ ғалымдарының еңбектерінде «академиялық қолдау көрсету», «академиялық эдвайзер» ұғымдарына берген негізгі сипаттамаларына тоқталып, академиялық кеңес берудің мақсаты мен қағидаларын, модельдері қарастырылды;

  3. «Университет студенттеріне академиялық кеңес беру бағдарламасы» элементі студенттің жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруда пайда болатын академиялық кедергілерін шешуге бағытталған академиялық кеңес беру үдерісімен, қолданатын техникаларымен, әдіс-тәсілдерімен жан-жақты таныстырды, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің эдвайзердің академиялық қолдау көрсету үдерісінің мақсаты, мазмұны талқыланды;

  4. «Білім алушылардың жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруда пайда болатын кедергілерді, академиялық қиындықтарды шешу технологиясы» элементінде «IDEAL» моделінің негізінде проблемалық ситуацияларды шешу қарастырылады. Жұмыс барысында қызметкерлер академиялық эдвайзерлер рөлінде болып, шынайы сұрақтарды шешіп, алынған білімдер мен практикалық тәжірибелерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды;

  5. «Рефлексия және анализ» элементінде қатысушылармен алынған тәжірибелер қорытындыланды, жүйеленді, кері байланыс орнатылды.

Академиялық эдвайзердің іс-әрекетін орындау міндеттелген оқытушылар университеттің ұсынылып отырған мүмкіндіктері (университет құрылымы, қызметтері, кредиттік оқыту технологиясында жекетұлғаға бағытталған оқу үдерісінің ерекшеліктері), академиялық эдвайзердің қызметімен (академиялық кеңес берудің философиясы, тарихы, негізгі концептуалдық тұжырымдамалары, қағидалары студенттердің жеке оқу траекториясын жоспарлауға әсер ету, оқу үдерісінде студенттің жетістіктерін қадағалау) жан-жақты танысты.

Бірінші модуль, зерттеу проблемасымен оқытушыларды таныстыру болғандықтан, меңгеретін курстан алатын нәтижелері мен күтілімдерін, қауіптерін (күтілімдер: «осы бағдарламаның негізінде өз жұмысымды сапалы орындай аламын», «мен үшін мүлдем бейтаныс эдвайзер қызметін толыққанды танысамын», «эдвайзер іс-әрекетінде кезігетін мәселелерді кәсіби шешуге үйренемін» т.б.; қауіптер «теориялық материал басым болады», «курста эдвайзердің тек міндетін ғана теорилық негіздеп, тәжірибеге бағытталған нақты кеңестер аз болады» т.б. ), сонымен қатар бірлесіп атқаратын жұмыстың негізгі қағидаларын айқындау маңызды болды.



Екінші модульмен жұмыс істеу барысында эдвайзерлер, университет студенттеріне эдвайзердің академиялық қолдау көрсетуі, жекетұлғаға бағытталған оқыту үдерісін жүзеге асыру негізгі шарты екенін анықтап, олар үшін, бейтаныс феноменнің негізгі белгілерімен танысты. Өз кезегінде, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделі (субъектілері, қағидалары, мазмұны, формасы, құралдары) эдвайзер-оқытушылар тарапынан қызығушылық танытты. Алынған ақпараттар негізінде, бірігіп жұмыс істеу барысында, академиялық эдвайзердің іс-әрекетіне қажетті бірнеше нұсқаулар мен ережелерді қалыптастырды:

Тиімді академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыруда эдвайзерге қажетті:



1.студенттердің академиялық мәселелерін шешуде жағымды жағдай жасау;

2. ынтымақтастық, достық қарым-қатынас орнату;

3. университеттің инфраструктурасы, құрылымдық өзгерістері, оқу үдерісінің ерекшеліктері, еңбек нарығы туралы білімін үнемі жаңарту үстінде болып, студентке қажетті күнделікті ақпараттарды электронды пошта, телефон арқылы хабарлап отыру;

4. әрбір студенттің қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке-дара жұмыс жүргізу;

5. академиялық кеңес үшін жауаптылығын арттыру;

6. студенттің субъектік позициясын белсендіру мақсатымен субъект-субъект қарым-қатынасын орнату;

7. студенттің субъективті тәжірибесіне сүйену;

8. студенттің оқу-танымдық дербестігін дамыту,

9. студенттің дербес шешім қабылдауына жағдай жасау, өзіндік ой-пікірін міндеттемеу;

10. қажетті жағдайда университеттің басқа қызметтерінен, бөлімдерінен көмек сұрау;

11. студентке кредиттік оқыту технологиясының беретін мүмкіндіктерін (академиялық ұтқырлық аясында бір семестрге отандық, шетелдік университетерде білім алу, академиялық еркінділік) жан жақты және де өз уақытында жеткізу;

12. студенттің жекетұлғалық проблемаларының оның академиялық жетістіктеріне әсер ететінін түсіну;

13. студенттің қиындықтарына түсінушіліктен қарау, академиялық кеңес мазмұнын құпияда сақтау.

Эдвайзерлердің біліктілігін арттырудың келесі элементі студенттердің жеке оқу траекториясын жобалау мен жүзеге асыруда кезіктіретін академиялық мәселелерін шешудің технологиялары байланысты болғандықтан, АҚШ ғалымдары Дж. Брансфорд және Б.С. Стейн ұсынған академиялық кедергілерді шешу технологиясы (IDEAL) бойынша бірізділікпен ерекшеленетін бес кезеңнің жиынтығы: диагностикалық Identify)'>(I- Identify) (академиялық мәселелерді айқындау, белгілеу); ізденушілік (D-Define) (себептерін іздестіру); келісімдік (E- Explore) (академиялық кедергілердің шешу стратегиясын қарастыру, жауапкершілікті бөлу, қадамдық жоспарын әзірлеу); іс-әрекеттік (A-Anticipate and Act) (айқындалған жоспардың мүмкін болатын салдарын алдын-ала болжау), рефлексивтік (L- Look back and learn) (іс-әрекетке кері байланыс жасау) мәселелері қарастырылды. Эдвайзерлердің осы модудьдегі іс-әрекетіне талдау жасамас бұрын, академиялық мәселелерді шешудің технологиясын қарастырайық.

  1. Identify- (академиялық мәселелерді айқындау) диагностикалық кезең.

Бұл кезең студентте орын алған академиялық кедергілерді айқындау, деректерді түртіп алуға арналады. Академиялық кедергілерді айқындау студенттің, немесе оқытушы тютор, лектордың, куратордың көмегімен жүзеге асуы тиім. Бұл кезеңде, эдвайзер, академиялық кедергілердің маңыздылығын, оның мазмұнын түсіндіріп, оны жою студенттің жетістікке жетудің қадамы ретінде қарастырылуы қажет.

D-Define - (себептерін іздестіру) ізденушілік кезең. Айқындалған студенттің қиыншылықтарының туындауының негізгі себептеріне талдау жасап, студентпен біріге отырып, оның шешімін табудың бірнеше альтернативті нұсқаларына пікірталас жүргізу қажет.

E- Explore - (академиялық кедергілердің шешу стратегиясын қарастыру, жауапкершілікті бөлу, қадамдық жоспарын әзірлеу) шарттық кезең. Мұнда, анықталған мәселені шешудегі академиялық эдвайзер мен студенттің жауапкершіліктері, функциялары айқындалып, бірігіп әсер ету жоспары құралады.

A-Anticipate and Act - (айқындалған жоспардың мүмкін болатын салдарын алдын-ала болжау) іс-әрекеттік кезең. Академиялық эдвайзер студенттің мәселені шешу үшін жасалған жоспарын дер кезінде шешуін қадағалап, теріс құбылыстар болған жағдайда, бірнеше шешімдер беруге дайын болуы қажет.



L- Look back and learn - (іс-әрекетке кері байланыс жасау) – рефлексивтік кезеңде, академиялық кедергінің шешімін табуға бағытталған іс-әрекетке кері байланыс жасау, болашақтағы кедергілердің алдын-алуға, болжауға мүмкіндік береді.

Осылайша, эдвайзерлер, академиялық кеңес беру үдерісінің белгілі бір студенттің мәселесін шешудің бірнеше кезеңдерінің бар екенін (диагностикалық, ізденушілік, шарттық, іс-әрекеттік, рефлексивтік) айқындады.

Оған қоса, бұл кезеңде бағдарламаға қатысушылар АҚШ университеттерінде жиі қолданылатын, эдвайзердің кеңес беру іс-әрекетінің тиімді әдістемелерімен, техникаларымен («Jigsaw», «Focusing Four», «Card Sorting», «Continuum», «Carousel Brainstorming», «Номиналдық топ», «Ми штурмы» т.б.) танысты, тәжірибеде қолданып үйренді.

Осы модульді аяқтау барысында оқытушылар екі топқа бөлініп, академиялық эдвайзер жұмысын атқаруда альтернативті шешімдерін табуға атсалысатын проблемалық жағдаяттарды талдау, өзіндік шешу жолдарын беру тапсырмалары берілді. Бірінші топ, академиялық эдвайзер функциясын атқарса, екінші топ, мәселенің шешімін табу мақсатымен берілген жауаптардың дұрыстығын, берілген теориямен байланыстылығын, эдвайзер мен студенттің қарым-қатынас жасау қағидаларын ұстануын қадағалайтын эксперт ретінде болды. Кейіннен қатысушылар рөлдерін алмастырып отырды



Оқытушыларға ұсынылған жағдаяттардың үлгілерінен:

Бірінші курс студенті (Аркадий С.) таңдаған оқу бағыты бойынша білімін жалғастыруға сенімсіз, басқа мамандыққа ауысуды, тіпті оқудан шығуды жоспарлайды. Студенттік топта жалғыз ер бала болғандықтан, үнемі психологиялық дискомфорт (ыңғайсыздық) сезімінде болады. Өздік жұмыстарды орындауда қиындықтарға кезігеді, тапсырмаларды уақытында орындамайды


Бірінші кур студенті (Жанна Б.) университеттік білім беру ортасының ерекшеліктерін жете түсінбегендіктен, өзін ыңғайсыз сезінеді, керекті ақпараттарды табуда қиындықтарға кездеседі, семинар, практикалық сабақтарда жауап беруге қорқақтайды. Өз-өзіне сенімсіздігіне байланысты оқу мотивациясының төменділігі байқалады.
Берілген жағдаяттардың мүмкін болатын шешімін табу арқылы, оқытушылар «Университет эдвайзерлерінің кеңес беру қызметі» атты оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттырудың модульдық бағдарламасында алған білімдерін тәжірибеде шыңдауға мүмкіндік алды. Бағдарлама аясында алған тәжірибесіне талдау жасай отырып, оқытушылар рефлексия бөлімінде, «шынайы жағдайлармен жұмыс жасадық», «академиялық эдвайзердің жұмыс мазмұнымен толыққанды таныстым», «академиялық эдвайзер студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудағы жауапты тұлға екенін анықтадым», «бағдарлама мазмұны тәжірибеге бағытталған» т.с.с. пікірлер білдірді.

Модульдік бағдарлама барысында, эдвайзер-оқытушылардың бірігіп жұмыс атқару арқылы, келесі жұмыстар өз шешімін тапты: академиялық эдвайзердің университеттік білім ортасында мақсаты нақтылады; жеке оқу траекториясын қалыптастыруда білім алушылардың кезіктіретін мәселелерін шешудің сұрақтар жиынтығы анықталды; академиялық эдвайзер іс-әрекетінің ережелері айқындалды. Сонымен қатар, әрбір қатысушы студенттің жеке оқу траекториясын жобалау және жүзеге асыру үдерісінде кезіктіретін академиялық мәселелеріне негізделген тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік алды.

Оқытушылардың біліктілігін арттыру бағдарламасының мазмұны мен жүзеге асыруына Еуразия Ұлттық Университетінің Даму және академиялық саясат жөніндегі департаментінің Болон үдерісі бөлімінің мамандары атсалысқанын айтып кеткен жөн. Академиялық қолдау көрсету бағытындағы идеясы біріктірген инициативті топ депте айтуға болады. Себебі, 2.3 параграфта мазмұндалып кеткен, АҚШ тәжірибесінде орын алған академиялық қолдау көрсетудің қосымша (Supplementary Model) моделін ұстанамыз. Оған сәйкес факультеттің кеңесшілері, эдвайзерлері, тьюторлары студенттің оқу барысындағы қиындықтары мен кемшіліктерін шешуге тікелей атсалысады, сонымен қатар, әрекеттесу субъектілері (студент немесе кеңесші) қосымша ақпарат немесе кеңес алу үшін университетке ортақ, арнайы студентке қолдау көрсету орталығына жүгіне алады.

Эксперимент жұмысының аясында, студенттерге тікелей академиялық қолдау көрсетуді кафедра эдвайзерлері жүзеге асырса, ал ақпараттық, кеңес беруші функциясын атқаратын арнайы орталықтың қызметін Еуразия Ұлттық Университетінің Даму және академиялық саясат жөніндегі департаментінің Болон үдерісі бөлімі атқарды. Бұл бөлімнің ақпараттық функциясы, кәсіби педагогикалық білімнің, кәсіби білім беруші бағдарламалардың, кредиттік оқыту технологиясының мазмұны мен талаптарын айқындау, оқытушы мен студент арасындағы ақпарат алмасудың тиімділігін қамтамасыз етуде көрінсе, кеңес беруші функциясы, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету бағытында эдвайзер, тьютор оқытушылардың біліктілігін арттыру бағытында үнемі семинарлар, тренингтер өткізу, сайыстар, конференциялар өткізуден, эдвайзер, тьюторларға арналған оқу әдістемелік құралдар, студенттерге арналған анықтамалық әдебиеттер жасаудан тұрады.

Қалыптастырушы эксперименттің келесі кезеңінде, академиялық кеңес беру бағытында арнайы дайындықтан оқытушылар, Еуразия Ұлттық университеттінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің 1-ші курс студенттеріне академиялық қолдау көрсету үдерісін жүзеге асырды.

Осы уақытта, академиялық эдвайзер мен студенттің кездесулері арнайы дайындалған жоспар ретінде, немесе жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, студент өзіндік бастамашылығымен эдвайзерімен кездесулерді орнатуы мүмкін. Керісінше, эдвайзер, студенттің оқу үлгерімі, жалпы оқу, әлеуметтік жағдайын, әртүрлі студенттің оқу үлгеріміне қатысты құжаттармен, оқытушылармен сұхбаттасу нәтижелерін есепке алып, кездесулерді белгілеуде инициативаны өз қолына алу да орын алады.

АҚШ университеттерінің веб-сайттарына тікелей талдау жүргізу арқылы, академиялық эдвайзер мен студенттің аптасына бетпе-бет кездесуіне екі сағаттық уақыт берілетінін анықтадық. Дегенмен, субъектілердің әрекеттесуі университеттің арнайы порталдары, өзге де ақпараттық коммуникациялық құралдарымен де (электронды пошта, чат, форум) жүзеге асады, соның себебінен, эдвайзер мен студент үнемі диалогтық қарым-қатынаста болады.

АҚШ ғалымдарының академиялық эдвайзердің кеңес беру іс-әрекетіне байланысты еңбектерінен, АҚШ-тың студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарының веб-сайттарын қарастыра отырып, академиялық эдвайзер мен студенттің кеңес беру уақыты мен жиілігі, белгілі бір университеттің қабылдаған моделіне байланысты екенін анықтаймыз.

Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттеріне, оқытуды барынша жекедараландыру үшін жағдай туғызу; білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; дербес білім алу арқылы студенттің «өмір бойы» білім алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Осы міндеттерге төтеп беру үшін, студент, оқу- танымдық іс-әрекетін өзі ұйымдастырушы; өзбетімен ізденуші, шығармашылық әрекет жасаушы; білім көлемін өзіндік басқарушы, толықтырушы болуы қажет. Аталған міндеттер әсіресе бірінші курс студенттері үшін оқу жылының басында академиялық қиындықтар мен кедергілер туындатуы мүмкін.

Осыған байланысты, студенттің білім алу жетістігіне кеңейтілген академиялық кеңес беру мақсатымен дайындықтан өткен эдвайзер-оқытушылар, 1-ші курс студенттерімен «Университетте білім алу стратегиясы» атты модулдік арнайы курсын жүргізді (қосымша Ж). Бағдарламаның мақсаты: студенттің кәсіби дамуы мен жеке оқу траекториясын құруға кедергі келтіретін академиялық мәселелер мен кедергілердің алдын алу, университет ортасына бейімделуге әсер ету; студенттің өзбетімен білім алуда субъектік позициясын белсендіру болды. Сонымен қатар, арнайы курс эдвайзерлер мен студенттердің ынтымақтастығын, бірігіп жұмыс істеуін кеңейту мақсатында көздейді.

Эдвайзерлермен жүргізілген «Университетте білім алу стратегиясы» курсы 20-25 студенттерден тұратын бес білім беру қоғамдастығына бөлінді. Әрбір практикалық сабақ 50 академиялық сағаттан тұрып, аптасына бір рет бірінші семестр бойы жүргізілді. Барлығы 115 білім алушы қатысты. Әрбір топтың ішінде, 4-5 студенттен құралған шағын топтарға бөлініп, пікірталастар, академиялық кеңес беру жұмыстары орын алды. Аудиториялық сабақтардың бір ғимаратта жүргізілуі, эдвайзерлер бір-бірінің сабақтарына қатысуына, тәжірибе бөлісуіне, пікірталастар жүргізіуіне мүмкіндік берді.

Бағдарламаның мазмұны, тәжірибеге бағытталған қағидаға сүйене отырып, эксперименттің анықтаушы кезеңінде анықталған студенттердің академиялық қиыншылықтары мен кедергілерінің (университетке бейімделу; университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру; ЖОО-да студенттің өздік жұмысы; университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау) негізінде құрастырылды.

Студенттерге академиялық қолдау көрсету мақсатымен енгізілген арнайы курс бағдарламасының мазмұнын толығырақ қарастырайық:

Университет модулінде студенттің өзі туралы презентация жасауы,университет мақсаты, саясаты, іс-әрекет бағыттары, университет құрылымы (студенттің ісімен айналысатын университеттік қызметтер және олардың функциялары), кредиттік оқыту технологиясының студентке қоятын талаптары, академиялық қолдау көрсету, және оның оқыту үрдісінде алатын орны мен функциясы қарастырылды.

Университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру модулінде уақыт менеджменті. дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу, оқу барысындағы проблемалық жағдаяттар, оларды шешудің алгоритмі тақырыптары талданды.

ЖОО-да студенттің өздік жұмысы модулінде өздік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері. өздік жұмыстың формалары мен түрлері, өздік жұмысты бақылау әдіс-тәсілдері, плагиат мәселелері бойынша практикалық тапсырмалар берілді;

Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау модулінде студенттің жеке оқу траекториясы, студенттің жеке оқу жоспары, студенттің өмірлік және кәсіби мақсаттары тақырыптары қарастырылды.

Берілген модульдер университет туралы, жоғары білім беру жүйесінің мүмкіндіктері, кредиттік оқыту жүйесінің талаптары мен басымдықтары, университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау, студенттің жеке оқу траекториясы, студенттің жеке оқу жоспары, студенттің өмірлік және кәсіби мақсаттары тақырыптарына арналған өз жұмыс тапсырмаларанын тұрды.



Эдвайзердің академиялық кеңес беру үдерісін кеңейту мақсатымен жүргізілген «Университеттте білім алу стратегиясы» арнайы курсының «Университет» модулінде берілген тапсырмалардың бірнешеуіне талдау жасап өтейік.

  • Университеттің жарғысымен, үлестірме белсенді материалдарында берілген ақпаратпен танысыңыз. «Jigsaw» әдістемесіне сай топта әрбір студент ақпараттың белгілі бір бөлігіне (Студент дегеніміз кім? Студенттің құқықтары, аттестация ерекшеліктері, жүктеме, университет функциялары, кредиттік оқыту технологиясының студенттерге қоятын талаптары, университет пен мектеп білім алушыларының дербес білім алу ерекшеліктері ) жауап беруі тиіс.

  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің (www.enu.kz) ресми веб-сайтына кіріп, университеттің құрылымымен танысыңыздар. Сызба түрінде беріңіз, түсініксіз мәселелерді айқындап алыңыз, кейіннен осы мәселеге қатысты эдвайзерге қоятын сұрақтарыңызды белгілеп қойыңыз.

  • Университетте студенттердің оқу үдерісін тиімділеуге, жеңілдетуге бағытталған академиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін эдвайзерлер жұмыс атқарады. №2 үлестірме құралында берілген академиялық эдвайзерлер қызметінің ерекшеліктері, кеңес беру барысындағы академиялық эдвайзер мен студенттердің функциясы туралы мәтінмен танысып, шағын топтарға бөлініп, берілген ақпаратты талда. Мәтінмен жұмыс істеу нәтижесін келесі кластер түрінде жасаңыз.


Осындай бағыттағы тапсырмаларды 1-ші курс студенттерінің орындауы, оларға бейтаныс болып көрінетін жаңа білім беру ортасында бағыт-бағдар жасау алуға, қажетті ақпаратты дербес тауып үйренуге, білім беру үдерісінің басқа да субъектілерімен тікелей қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің жеке оқу траекториясын, жалпы дербес оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға жауапкершілігін толықтай түсінетін оқу үдерісінің белсенді субъектісі ұстанымын оқу жылының басында қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру модулінде студенттер уақыт менеджменті, дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу, оқу барысындағы проблемалық жағдаяттарды шешудің алгоритмдері ұсынылды. Студенттер, бір апталық жоспар жасау, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындауға үйренді. Студенттер белгілі бір академиялық мәселелерді қарастырып, оны бес кезеңді IDEAL технологиясын қолдана отырып шешуге тырысты.

ЖОО-да студенттің өздік жұмысы модулінде өздік жұмыстың формалары мен түрлері, плагиат айқындады, соңында білім алушылар оларды орындаудың ерекшеліктерімен танысты.

Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау модулінде студенттің жеке оқу траекториясы, студенттің жеке оқу жоспары ұғымдары талданып, студенттер өмірлік және кәсіби мақсаттары айқындауға тырысты. Студенттің оқу үдерісін құру мәселесінің анықталған ғылыми бағыттары: көлденең және тік жеке оқу траекториялары қарастырылды. Студенттің жеке оқу траекториясы тақырыбына арналған белсенді үлестірме материалдарды меңгеріп, кейіннен пікірталас ұйымдастырылды. Бұл модульдің соңында студенттер «мен неге оқып жүрмін?», «кім үшін оқып жүрмін?», «менің университетте білім алуым, өмірлік және кәсіби мақсаттарыма жетуге қалай әсер етеді?» сұрақтарына жауап іздестіре отырып студенттер рефлексивті эссе жазды.

Әрбір оқу элементінің мақсаты алдын-ала анықталып, нақтыланады. Кейін, студенттермен талқыланатын міндеттер жүйеленіп, берілген ақпараттар бағаланды, шешім қабылданды, рефлексия жүргізілді. «Университетте білім алу стратегиясы» оқу курсының әрбір модулі «не үйренгім келді?», «үйренуге қалай тырыстым?», «осы уақытта менде қандай сезімдер болды?», «сабақ барысында қандай кедергілер болды?», «Мен үшін не маңызды болды? (жаңалық, күтпеген жағдай)» сияқты рефлексия сұрақтарына жауап беруден тұрды. Студенттер өздерінің ойларын ортаға салып, пікірталас жүргізді. Мұндай сұрақтар, студенттерге де, оқу курсын жүргізіп отырған эдвайзерлерге де пайдалы болды. Студенттер, материалды тек қана пассивті түрде меңгеріп қоймай, өзіндік ой қортындыларын, тұжырымдарын жасап, топ алдында өз пікірлерін негіздеуге үйренсе, эдвайзерлер, модульдің қандай тұстары студенттер тарапынан аса қызығушылық танытқанын, студенттердің қалыптасқан көзқарастарын анықтауға, жалпы әрбір студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік берді. Әрине, мұндай жағдайлар, эдвайзердің білім алушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке - дара жұмыс істеуге жол ашады.

Эдвайзер мен студенттердің әрекеттесуі академиялық қолдау көрсету субъектілерінің ынтымақтастығы негізінде жүзеге асты. Бұл жағдайда, объекті ретінде «Университетте білім алу стратегиясы» арнайы курсы болды. Субъективті әрекеттесу адамгершілік құндылықтардың басымдылығы, еріктілік, икемділік, бірлесіп жұмыс атқару (кооперация), жекедараландыру, студенттің субъектік позициясын белсендіру, тең құқықтық сияқты академиялық қолдау көрсетудің негізгі принциптеріне сүйенді. Академиялық эдвайзер студенттің субъективті, іс-әрекетті жасаушы позициясын (мақсат қою, оған жетудің техникалары мен әдіс- тәсілдерін айқындау, олардың ішінде ең тиімдісін таңдау) ұстануына жағдай жасады, соның нәтижесінде олар іс-әрекетін жоспарын дербес әзірледі, өзіндік оқу траекториясын ұйымдастыруда дербес іс-әрекетін білім беру процесінің басқа да қатысушыларымен әрекеттесе отырып (студенттер, эдвайзер, тьютор, лектор, деканат т.б.) құрастыруға, қажетті ақпараттарды табуға, өзіндік кәсіби білім беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін айқындауға үйренді. Сонымен қатар, студенттер IDEAL технологиясының негізінде (академиялық қиыншылықтарын ажырата білу, шешімін табудың шарттары мен жағдайларын айқындау) академиялық қиыншылықтарын шешуге, университеттегі өзіндік іс-әрекетін басқаруға, жетістіктеріне сыни тұрғыдан баға беруге, рефлексия жүргізуге, оқу бағдарламасын орындау нәтижелерін жобалау, жүзеге асыру жолдарын меңгерді. Академиялық эдвайзер студенттердің оқу үдерісінде таңдау жасауға дайын жауаптар бермей, олардың өзіндік іс-әрекет жасауын ынталандырды.

Қорыта келе, «Университетте білім алу стратетегиясы» атты академиялық қолдау көрсету жұмыстарын қажет ететін ең әлсіз топ ретінде анықтаушы эксперимент кезінде анықталған бірінші курс студенттерімен жүргізілген модульдік білім беру бағдарламасының соңында, білім алушылар, университет саясаты, кредиттік оқу технологиясының ерекшеліктері, басым жақтары, студенттер үшін мүмкіндіктері, университеттік қызметтер, олардың функциялары, университетте академиялық қолдау көрсетуді жүзеге асыратын қызметтердің (эдвайзер, тьютор) міндеттері, университеттік оқу үдерісінің ерекшеліктері, өздік жұмыс түрлері, оларды орындаудың өзіндік ерекшеліктері, дәріс, семинар сабақтарына дайындалудың тиімді жолдары, сонымен қатар адресаттар, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастырудың, оқу үдерісінде белсенділік позициясын ұстанудың маңыздылығы туралы түсініктер қалыптастырып, эдвайзердің көмегімен немесе дербес шешетін мәселелер жүйесін анықтады. Оған қоса, студенттер, университет студенттерінің құқықтары мен міндеттері, оларға бейтаныс студенттің жеке оқу траекториясы, таңдау жасау, академиялық еркінділік, мобильділік ұғымдарын жете түсінді. Өз уақытын жоспарлауды, үнемдеуді, өзіндік психологиялық және кәсіби жағдайын, талдауды, ұзақ, орта, қысқа мерзімді мақсаттарын айқындауға, алынған тәжірибелерге рефлексия жасауға үйренді.

Кейіннен, академиялық эдвайзер мен студенттің кездесуі, студенттің жеке оқу траекториясын жобалау, жүзеге асыру барысында кезіккен академиялық қиындықтарының орын алған жағдайларында, сонымен қатар белгілі бір оқу кезеңдерінің соңында кері байланысты орнату үшін өткізіледі. Мұндай жағдайда, академиялық эдвайзердің басты мақсаты, жеке оқу траекториясын жобалау және жүзеге асыру барысында орын алған академиялық қиындықтарын дер кезінде көре білуін, іс-әрекет жасауға үйрету.

Әрбір семестрдің басында эдвайзер студенттің кәсіби траекториясын жобалауға мақсатымен олардың қажеттіліктері мен мақсаттарын, мотивтерін ескере отырып қолдау көрсету жағдайын жасады.

Осыған байланысты, академиялық мәселелерді шешу мақсатымен студенттер эдвайзермен электронды пошта, телефон, форум арқылы хаттар жіберу, немесе жеке кездесулерде байланыс жасады. Бірнеше студенттерде ортақ қиындықтар кездескен жағдайында, IDEAL технологиясына сәйкес эдвайзерлер топтық кездесулер жүргізді. Бірігіп жұмыс жасауды аяқтауда, студенттің проблемалық мәселелерді шешу дағдыларына диагностика жүргізілді. Экперт ретінде, олар басқа студенттердің академиялық жағдайларын қарастырды, шешуге атсалысты.

Сонымен қатар, эдвайзердің академиялық қолдау көрсету формаларын таңдауы ( кеңес беру, модерация, тренинг, коучинг, практикалық сабақтар) жеке оқу траекториясын жоспарлауда кезіккен студенттің проблемаларына, студенттің жекетұлғалық ерекшеліктеріне байланысты таңдалды. Эдвайзерлер, студенттің мақсатқа жетудегі әрбір жетістігін белгілеп, мадақтау, талдау жүргізіп отырды. Мұндай жағдайда жүргізілген академиялық қолдау көрсету студенттерден жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ететін дербестік, белсенділік, бастамашылық, жауапкершілік қасиеттерін көрінуін талап етті. Академиялық эдвайзерлер, электронды пошталарды белсене қолдана отырып студентке қажетті күнделікті университет ортасындағы, қаладағы әртүрлі іс-шаралар, оқиғалар ақпараттық таратулар (рассылка) жіберіп отырды, кездесулер уақыты белгіленіп, нақтыланып отырды. Оған қоса, білім алушылар академиялық эдвайзерлермен әртүрлі ішкі қолданыс үшін мақсатымен құрылған форумдар, фейсбук (Facebook), майл-агент (m-agent) арқылы үнемі диалогта болды.

Осындай жан-жақты ақпараттық, оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілген эдвайзердің академиялық қолдау көрсету үдерісі, адамгершілік құндылықтардың басымдылығы, еріктілік, икемділік, бірлесіп жұмыс атқару (кооперация), жекедараландыру, студенттің субъектік позициясын белсендіру, тең құқықтық қағидаларына сай жүргізілді деп тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Қорыта келе, тәжірибелік эксперименттің қалыптастырушы кезеңінде университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделі апробациядан өтті. АҚШ тәжірибесінен бейімделіп енгізілген академиялық қолдау көрсетудің қосымша моделі жүзеге асты. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Даму және академиялық саясат жөніндегі департаментінің Болон процесі бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік ғылымдар, журналистика және саясаттану факультетінің профессор-оқытушы құрамын эдвайзер қызметі ретінде дайындау үшін, АҚШ-тың Кентукки университетінің эдвайзерлердің біліктілігін арттыру тәжірибесіне талдау жасау арқылы енгізілген «Университет эдвайзерлерінің кеңес беру қызметі» модульдік бағдарламасын құрастыруға, жүзеге асыруға, ұйымдастыруға атсалысты. Біліктілікті арттыру бағдарламасының соңында эдвайзерлер, жеке оқу траекториясын қалыптастыруда білім алушылардың кезіктіретін мәселелері, оны шешу жолдарын, академиялық эдвайзер іс-әрекетінің негізгі ережелерін айқындалды. Сонымен қатар, әрбір қатысушы студенттің жеке оқу траекториясын жобалау және жүзеге асыру үдерісінде кезіктіретін академиялық мәселелеріне негізделген тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік алды.

Ұсынылған модель негізінде студенттерге академиялық қолдау көрсету үдерісін шартты түрде үш бөлімшеге бөліп көрсетуге болады: 1) университет ортасына бейімдеу (Университетте білім алу стратегиясы бағдарламасы), 2) студенттің жеке оқу траекториясын жобалау мен жүзеге асыруда кезіктіретін академиялық қиыншылықтарын шешуде қолдау көрсету (Университетте білім алу стратегиясы бағдарламасы, эдвайзердің студентпен жеке-дара, топта кездесуі, электронды пошта, форумдар арқылы хабарлар жіберу, диалогта болу); 3) студенттің жеке оқу траекториясын жобалау мен жүзеге асыруда кезіктіретін мәселелерін шешу (Университетте білім алу стратегиясы бағдарламасы, электронды пошта, форумдар арқылы хабарлар жіберу, диалогта болу ). Академиялық эдвайзер мен студенттің әрекеттесуінің әр кезеңі IDEAL технологиясының бес қадамы (диагностикалық, ізденушілік, шарттық, іс әрекеттік, рефлексивтік) арқылы жүзеге асты.

Берілген модель негізінде жүзеге асқан академиялық қолдау көрсету студенттердің субъектік позициясын белсендіруге, жеке оқу траекториясын саналы жобалауға, кәсіби маңызды қасиеттерінің қалыптасуына, университет ортасына бейімделуіне, дербес оқу іс әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Тәжірибелік эксперименттің қорытынды - аналитикалық кезеңінде, студенттің кредиттік оқыту технологиясында академиялық кедергілерінің алдын – алу, жеке оқу траекториясын саналы жобалауға әсер ету мақсатымен енгізілген моделдің нәтижелілігін тексеру жұмыстары жүргізілді. Студенттер, академиялық қолдау көрсету үдерісінің қаншалықты тиімді, нәтижелі болғанын анықтайтын сауалнама сұрақтарына жауап беріп, жауаптардың сапалылығы сұхбаттасу әдісі арқылы бекітілді.

Яғни біздің мақсатымыз, «Университетте білім алу» курсына қатысқан студенттерге, академиялық қолдау көрсету мақсатымен жүргізілген бағдарламалар кешенінің тиімділігін бақылаушы, эксперименталды топтар арқылы тексеру емес, курсты аяқтағаннан кейін белгінеліп алынған фокус топтармен пилоттық зерттеу жүргізу екенін басып айтып кеткен жөн.

«Университетте білім алу» бағдарламасының соңында академиялық эдвайзерлер, студенттермен «Академиялық қолдау көрсету кешенінің әсері» атты сауалнама жүргізілді (қосымша И), оған барлығы 115 респондент қатысты. №1, «Университетте білім алу стратегиясы» курсының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеттің оқу ортасына дер кезінде бейімделуге әсер етті ме?» сұрағына 95% білім алушылар - «иә», 3%- «жоқ», 2% - «білмеймін» деп жауап берді (сурет 13).

Студенттердің жағымды жауаптарының басымдығы, эксперимент ретінде эдвайзерлердің көмегімен анықтаушы бөлімде айқындалған, студенттердің жеке оқу траекториясын жобалауда кезіктіретін академиялық кедергілерінің алдын-алу мақсатымен жүргізген, академиялық қолдау көрсету іс-әрекетінің, білім алушылардың университетке дер кезінде бейімделуіне жағымды әсер еткенін дәлелдейді.

№ 2, «Университетте білім алу стратегиясы» бағдарламасының қатысушы болғанына қанағаттанасыз ба? сұрағына 100% студенттер «қанағаттанамын» деп жауап берді. Осы сұрақты бекіту мақсатымен жүргізілген сұхбаттасу барысында, студенттер, академиялық эдвайзерлердің көмегімен, университеттік білім алу үдерісін, дербес оқу іс-әрекетін аса жауапкершілікпен жоспарлай бастағанын мәлімдеді.



№ 3, «Эдвайзердің академиялық кеңес беру үдерісінен, білім алушының жеке оқу траекториясын саналы жобалауға қажетті ақпарат алдыңыз ба?» сұрағына 90%-респонденттер - «иә», 6% - «жоқ», 4% - «жауап беруге қиналамын» деп жауап берді. № 14 суретте, студенттердің «Университетте білім алу стратегиясы» курсынан алған жағымды тәжірибесі туралы мәліметтер берілді.


Сурет 13 - «Университетте білім алу стратегиясы» курсының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне дер кезінде бейімделуге жағымды әсері болды ма?


Сурет 14 - Эдвайзердің академиялық кеңес беру үдерісінен, білім алушының жеке оқу траекториясын саналы жобалауға қажетті ақпарат алуы


№ 4 «Университетте білім алу стратегиясы» курсының қандай тақырыптары академиялық кедергілерді шешуде немесе олардың алдын-алуда маңызды болды? сұрағына студенттер рангілеу бойынша өз пікірлерін білдірді. Бірінші курс студенттері, кредиттік оқыту технологиясының талаптары мен философиясы, университет құрылымы, қызметтері, олардың функциялары,
Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет