Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна ақШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері



бет12/13
Дата05.11.2016
өлшемі3,76 Mb.
#948
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ҚОСЫМША Г

ПОРТФОЛИО

Портфолионың негізгі мақсаты,

«сенің белгілі бір саладағы

қабілеттілігіңді айқындау».

Портфолио білім алушының

оқу танымдық үдерісінде күш салуын,

қол жеткізуі мен алға басуын көрсетеді.

(Marzano R.J.)

Қымбатты студент!
Университетке түсіп, өміріңізді жаңа бір кезеңіз бастадыңыз. Бұл маңызды қадамдардың бірі, сондықтан да осы портфолиода сіздің оқу іс- әрекетіңізде қол жеткізген мәселелерді дәлелдейтін жұмыстар топтамасын жинау қажет. Олар сіздің кәсіби өсуіңізге қажетті бағыт-бағдар, академиялық қолдау көрсету жұмыстарын көрсету үшін маңызды.

Портфолионың мақсаты, студенттің кәсіби, жекетұлғалық дамуын қадағалау, университетте оқу барысында маңызды шешімдер қабылдауда жекетұлғалық жауапкершілікті ұғыну.
Портфолио құрылымы:

  1. Резюме (қысқаша өмірбаян, сіздің өмірлік және кәсіби жоспарларыңызды мазмұндайтын келесі сұрақтарға негізделген эссе: Мен болашақта нені армандаймын?, Оған қолжеткізу үшін қандай жоспар жасадым?, Не үшін кәсіби білім алудамын?, Алға қойған мақсаттарыма қол жеткізу барысында қандай кедергілер болуы мүмкін)




  1. Жұмыстар топтамасы. Бұл бөлім семестр барысында орындаған жұмыстардан (оқытушылардың пікірлері, мадақтау қағаздары, дипломдар, өздік жұмыстар, ғылыми-зерттеу жұмыстар, мақалалар) тұрады. Әрбір жұмысқа сыни тұрғыдан талдау, неліктен таңдалғаны туралы ілеспе мазмұндамалар болуы қажет. Барлық портфолиодағы жұмыстарды талдап, келесі категорияларды атап көрсетіңіз:

  • Берілген жұмыстың портфолиода орын алуының себебі неде?

  • Оқу үдерісінде орындаған қиын (ең үздік, проблемалық, қызықты) жұмыстарының бірі

  • Осы жұмыс оқу-танымдық, кәсіби мақсаттарға жету үшін қалай әсер етті?

  • Қандай жұмыс, сіздің ең үздік шығармашылық жетістігіңіз деп ойлайсыз?

  • Қандай жұмысты ең үздік орындалғандар қатарына жатқызасыз? Неліктен?




  1. Қорытынды жасау. Орындалған жұмыстар бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ең маңызды бөлімдердің бірі. Сіздің көрсеткіштеріңізді талдауға мүмкіндік беретін келесі сұрақтарды айқындадық:

  • Неге қол жеткіздіңіз?

  • Белгілі бір салада мақсатқа жетуге не әсер етті?

  • Жұмысты орындау барысында қандай қиындықтар, мәселелер туындады?

  • Қандай жұмыс орындауда қиын болды? Не себептен?

  • Ең ұзақ орындалған жұмыс? Не себептен?

  • Жұмысты орындаудағы қиындықтар легі қандай болды?

  • Болашақта қиындықтардың алдын алу үшін қандай бағытта жұмыс атқару қажет?

  • Қиындықтардың алдын алу үшін қандай тиімді әдістерді қолдануға болады?


ҚОСЫМША Д

Студенттерге арналған сұхбаттасу (интервью) сұрақтары

  1. Университеттің оқу үдерісінде студенттің кәсіби қалыптасуына қандай академиялық мәселелер кедергі келтіреді?



  1. Университеттің оқу үдерісінде студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға қандай мәселелер кедергі болады?



  1. Академиялық кедергілерді шешу үшін студенттерге қандай жағдайлар жасалу қажет?


ҚОСЫМША Е

«УНИВЕРСИТЕТ ЭДВАЙЗЕРЛЕРІНІҢ КЕҢЕС БЕРУ ҚЫЗМЕТІ»

атты оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттырудың модулдік бағдарламасы

Сағат саны: 30

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:

Жекетұлғаға бағытталған оқыту үрдісінде студенттердің жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруда пайда болатын академиялық мәселелерін шешуге бағытталған академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың өзектілігі, оқытушылардың, эдвайзер, тьютор сияқты жаңа рөлдерді меңгеруін қажет етеді.


Біліктілікті арттыру бағдарламасының мақсаты: профессор оқытушы құрамын университетте академиялық эдвайзер қызметін атқаруға дайындық.

Оқытуды ұйымдастыру: бағдарлама модулдік оқыту форматында жүзеге асады.

Бағдарламаның аяғында оқытушының



А)-академиялық кеңес берудің философиясы, тарихы, негізгі концептуалдық тұжырымдамалары;

- оқу үдерісінде, жеке оқу траекториясын жоспарлауда болатын университет студенттерінің академиялық қиындықтары туралы түсінігі қалыптасады.



Б) -студенттерге академиялық кеңес беру мақсаты;

- академялық кеңес беру қағидалары;

- университет эдвайзерлерінің тұлғасының сипаттамасы;

- университет инфроқұрылымы,қызметтері, оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері;

- академиялық эдвайзердің міндеттері толық ақпарат алады;

В) - студенттердің жеке оқу траекториясын жоспарлауға әсер ету;

- оқу үдерісінде студенттің жетістіктерін қадағалау;

- жеке оқу траекториясын жоспарлауда, жүзеге асыруда кездесетін академиялық мәселелерді шешуге көместесу;

- студенттің жеке оқу жоспарын қалыптастыру, жүзеге асыруда студенттердің сұрақтары бойынша кеңес беру;

- академиялық эдвайзер қызметінен алған тәжірибеге кері байланыс жасауға үйренеді

Тақырыптық жоспар



Тақырып

Сағат саны

1

Академиялық эдвайзерлікке кіріспе. Университетте жекетұлғаға батығытталған оқыту үдерісін ұйымдастыру қажеттілігі. Оқу үдерісінде студенттерге академиялық кеңес беру.

4

2

Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету жекетұлғаға бағытталған оқыту үдерісін жүзеге асыру шарты ретінде

2.1 Академиялық қолдау көрсету ұғымы

2.2 Академиялық эдвайзер қызметінің мәні

2.3 Студенттерге академиялық қолдау көрсетудің моделі



6

3

Университет студенттеріне академиялық кеңес беру бағдарламасы

7

4

Білім алушылардың жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруда пайда болатын кедергілерді, академиялық қмындықтарды шешу технологиясы

11

5

Рефлексия және анализ

2







30

Бағдарламаның қысқаша мазмұны

«УНИВЕРСИТЕТ ЭДВАЙЗЕРЛЕРІНІҢ КЕҢЕС БЕРУ ҚЫЗМЕТІ» бағдарламасы профессор оқытушылар құрамын университетте академиялық эдвайзер қызметін атқаруға дайындық жүргізуде қажетті шарт болып табылады. Бағдарламаның стратегиялық мақсаты – университет қызметкерлерін академиялық эдвайзер қызметін сапалы орындауға бағыттау. Модуль университетте академиялық қолдау көрсетудің басты қызметі – «эдвайзер» ұғымының ерекшеліктерімен, негізгі түсініктерімен, кеңес беру қызметін жүзеге асыруда қолданатын тәсілдерді айқындайтын бес элементтен тұрады. Әрбір элемент модульдің мақсатын нақтылайтын, сабақта қойылған мәселелерді шешуге бағыт-бағдар жасайтын ақпараттық кіріспеден (дәріс бөлімі) тұрады, пікірлер алмасу шағын топтарда орындалып, соңында анализ және рефлексия жүргізіледі.

«Академиялық эдвайзерлікке кіріспе. Университетте жекетұлғаға батығытталған оқыту үдерісін ұйымдастыру қажеттілігі» элементі университет қызметкерлерін жекетұлғаға бағытталған оқыту үдерісінің ерекшеліктерімен, оқу үдерісінде студенттерге академиялық кеңес беру феноменімен, оның орны мен рөлін анықтауға мүмкіндік береді.

«Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету жекетұлғаға бағытталға оқыту үдерісін жүзеге асыру шарты ретінде» элементінде АҚШ ғалымдарының еңбектерінде «академиялық қолдау көрсету», «академиялық эдвайзер» ұғымдарына берген негізгі сипаттамаларына тоқталып, академиялық кеңес берудің мақсаты мен қағидаларын қарастырады.

«Университет студенттеріне академиялық кеңес беру бағдарламасы» элементі студенттің жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруда пайда болатын академиялық кедергілерін шешуге бағытталған академиялық кеңес беру үдерісімен, қолданатын техникалары мен, әдіс-тәсілдерімен жан-жақты таныстырады.

«Білім алушылардың жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруда пайда болатын кедергілерді, академиялық қиындықтарды шешу технологиясы» элементінде «IDEAL» моделінің негізінде проблемалық ситуацияларды шешу қарастырылады. Жұмыс барысында қызметкерлер академиялық эдвайзерлер рөлінде болып, шынайы сұрақтарды шешіп, алынған білімдер мен практикалық тәжірибелерін тәжірибеде қолдана алады.
Модулдік бағдарламаның оқу-әдістемелік материалдары:

Негізгі әдебиеттер тізімі:


  1. Основы кредитной системы обучения в Казахстане / С.Б. Абдыгаппарова, Г.К. Ахметова, С.Р. Ибатуллин, А.А. Кусаинов, Б.А. Мырзалиев, С.М. Омирбаев; под общ.ред. Ж.А. Кулекеева, Г.Н. Гамарника, Б.С. Абдрасилова.- Алматы: Қазақ университеті, 2004.- 198б.

  2. Смалько Л. Е. Индивидуализированное обучение в системе подготовки будущего педагога в высшей школе США. автореферат дис. ... к. п. н.: 13.00.09.- Киев, 2000.- 22с.

  3. Ахметова Г.К., Мынбаева А.К. Коммюнике Болонского процесса: реализация реформ высшего образования в Казахстане // Совершенствование качества высшего образования в свете Болонского процесса.- Алматы: Қазақ университеті,2009.-C. 17-26

  4. Педагогическое консультирование: учебное пособие для студентов ВУЗа / под редакцией В.А. Сластенина, И.А. Колесниковой.-М.: Издательский центр «Академик», 2006.- 345 с.

  5. Кочюнас Р. Основы психологического консультирования: пер. с лит.- М.: Академический проект, 1999

  6. Рамендик Д.М. Тренинг личностного роста: .Учебное пособие.- М.: Форум: Инфра-М., 2002

  7. Сопровождение личностно-профессионального развития сиудентов в педагогическом вузе: Научно-методическое пособие / отв. ред. Л.Н. Бережнова, В.И. Боголовский, В.В. Семикин.- Спб.: Изд-во РГПУ им. А. Герцена, 2002

  8. Frost S.H. Historical and philosophical Foundations for Academic Advising. In V.N. Gordon & W.R. Habley, (Eds.), Academic Advising: A Comprehensive Handbook. - San Francisco: Jossey Bass, 2000.- 380p.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Crookston, B.B. A developmental view of academic advising as teaching //Journal of College Student Personnel.- 1972.-№ 12.- P. 12-17

  2. O’Banion T. An academic advising model // Junior college Journal.- 1972.- №42 (6).- P62-69.

  3. Роджерс К. Клиент-центрированная психотерапия: Теория, современная практика и применение: пер с англ.- М.: Психотерапия, 2007

  4. Habley W.R. The status of academic advising: Findings from the ACT sixth national survey.- Manhattan KS: National Academic Advising Association, 2004.- 413p.


МОДУЛЬ 1 Кіріспе. Жекетұлғаға бағытталған оқыту үдерісі.

Жоғары білім беру жүйесінде академиялық эдвайзерлердің қызметі

Дәріс

Жоспары:

Университетте жекетұлғаға батығытталған оқыту үдерісі, оны ұйымдастыру.Кредиттік оқыту технологиясы. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру. Рейтингтік жүйе. Студенттің жеке оқу жоспары. Оқу үдерісінде студенттерге академиялық кеңес беру.



Мақсаты:

  • алда болатын жұмыстар туралы күтілімдер мен қауіптенулерді анықтау;

  • бірігіп жұмыс істеудің негізгі қағидаларын айқындау;

МОДУЛЬ 2

Дәріс

Жоспары:

Академиялық қолдау көрсету ұғымы. Академиялық эдвайзер қызметінің мәні. Студенттерге академиялық қолдау көрсетудің моделі



Мақсаты:

Университет студенттеріне академиялық кеңес беру үдерісінің АҚШ тәжірибесінде қалыптасқан әртүрлі ұғымдарымен танысу.

Академиялық кеңес берудің ережелері мен нұсқаулықтарын жасау

МОДУЛЬ 3

Университет студенттеріне академиялық кеңес беру бағдарламасы

Практикалық сабақ

Жоспары:

Эдвайзер студенттерге академиялық қолдау көрсетудің негізгі бөлігі ретінде. Университете академиялық кеңес беруді ұйымдастыру ( АҚШ тәжірибесінің негізінде мүмкін болатын 7 модельді талдау). Студенттің жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруда болатын қиындықтары, кедергілері.



Мақсаты:

Академиялық кеңес беру бағдарламасын мақсатын анықтау;

Университетте академиялық кеңес беру үдерісін АҚШ университеттерінде ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктерін қарастыру;

Академиялық кеңес беру бағдарламасының мазмұнын айқындау.


МОДУЛЬ 4

«Білім алушылардың жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруда пайда болатын кедергілерді, академиялық қиындықтарды шешу технологиясы»

Дәріс

Жоспары:

Проблемалар классификациясы. Тұлғаның іс-әрекетінде проблемалардың рөлі. Қиындықтарды шешуге көмек көрсету қажеттілігі. Студенттің университеттегі қиындықтары мен кәсіб дамуы. Қиындықтармен жұмыс жасаудың «IDEAL» моделі. Университет студенттеріне академиялық кеңес беру кезеңдері, қиындықтарды шешу әдістері мен техникалары.



Практикалық сабақ

Сабақтың мақсаты:

студенттің жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруда болатын қиындықтарын шешу технологияларымен танысу;студенттерде оқу барысында туындайтын кедергілерін қарастыру, технологиялар көмегімен қиындықтарды шешу.


МОДУЛЬ 5

Берілген модуль «УНИВЕРСИТЕТ ЭДВАЙЗЕРЛЕРІНІҢ КЕҢЕС БЕРУ ҚЫЗМЕТІ» бағдарламасын меңгеруге кері байланыс,рефлексия жасауға арналған.

Анализ және рефлексия жасаудың сұрақтары:


  • қандай тақырыптар өтті?

  • Не үйренгім келді?

  • Үйренуге қалай тырыстым?

  • Қандай оқыту кезеңдерін бөліп көрсетуге болады?

  • Мен қалай оқыдым?

  • Мен үшін не маңызды болды? (қиындық, жаңалық, күтпеген жағдай)

  • Оларды болашақта қалай жеңуге болады?



ҚОСЫМША Ж


  1. курс білім алушыларына арналған арнайы курс бағдарламасы

«Университеттте білім алу стратегиясы»

Сағат саны: 36


Практикалық сабақтар

8

Студенттің өздік жұмысы

24

Аттестация /Қорытынды

4

Барлығы

36

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:

Қазіргі кезеңде әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу қарсаңында білім беру үрдісі білім алушылардың шығармашылықпен өзіндік дамуы, оқу және дербес жұмыс істеуімен қатар жүретін әлемдік жаһандану жағдайында жүріп жатыр.Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуының қазіргі кезеңі, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерінің жаңару кезеңі, мемлекеттің әлеуметтік тапсырысына сай білімді, дербес ой тұжырымдайтын, білімдерін жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді. Қазақстанның білім беру жүйесінің Болон үрдісіне қосылуы жоғары мектептің кредиттік оқыту технологиясына көшуіне әкелді.

Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттеріне, оқытуды барынша жекедараландыру үшін жағдай туғызу; білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; дербес білім алу арқылы студенттің «өмір бойы» білім алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Осы міндеттерге төтеп беру үшін, студент, оқу- танымдық іс-әрекетін өзі ұйымдастырушы; өзбетімен ізденуші, шығармашылық әрекет жасаушы; білім көлемін өзіндік басқарушы, толықтырушы болуы қажет. Аталған міндеттер әсіресе бірінші курс студенттері үшін оқу жылының басында академиялық қиындықтар мен кедергілер туындатуы мүмкін. Осыған байланысты білім алушыларды университеттік ортаға бейімдеу, орта мектептен өзгеше, күрделі, жаңа талаптағы оқу үдерісінің басымдықтары мен мүмкіндіктерін жете түсінуге әсер ету көкейкесті мәселелердің бірі.

Осы мәселелерді шешу тұрғысында, бірінші курс студенттеріне арналған «Университетте білім алу стратегиясы» модулдік білім беру бағдарламасы ұсынылады. Бағдарламаны кредиттік оқыту технологиясында студентке академиялық қолдау көрсету үдерісінің компоненттері болып саналатын кафедра эдвайзерлері, тьюторлары, немесе ерікті түрде (волонтер) жоғары курс магистранттары немесе докторанттары жүргізе алады.



Модулдің мақсаты: студенттің кәсіби дамуы мен жеке оқу траекториясын құруға кедергі келтіретін академиялық мәселелер мен кедергілердің алдын алу, университет ортасына бейімделуге әсер ету; студенттің өзбетімен білім алуда субъектік позициясын белсендіру;

Оқу мақсаттары:

Модульдік бағдарламаның соңында студентте



  • университет саясаты;

  • студенттер ісімен айналысатын университет қызметтері мен функциялары, академиялық қолдау көрсету қызметкерлері эдвайзер, тьютор т.б.

  • университеттің оқыту үдерісі;

  • ЖОО-да өздік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері

  • оқу- танымдық дербес іс-әрекетті ұйымдастыруды жоспарлау

  • оқу- танымдық іс- әрекетті басқару және бағалау

  • ақыл–ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру

  • жеке оқу жоспарын саналы құру туралы түсінік қалыптасады.

Модулдің соңында студент

  • оқыту үдерісінде қалыптасқан кедергілер мен қиыншылықтарды шешу үшін эдвайзер, тьютордың көмегіне жүгіну;

  • студенттің құқығы мен міндеттері

  • студенттің жеке оқу жоспарының мәні

  • элективті пәндерді таңдау мүмкіндіктері

  • оқу үдерісінде қалыптасатын проблемалық ситуацияларды шешу алгоритмі

  • студенттің өздік жұмысының мәні туралы біледі:


Студент модуль соңында

  • Өзін өзі таныстыру

  • Өз уақытын жоспарлау

  • Университетке, оқу үдерісіне қатысты ақпаратты табу;

  • Өзінің психологиялық және кәсіби жағдайын анализдеу

  • Қысқа, орта, ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтау

  • Алған тәжірибесіне рефлексия жасай алады







Модульдің мазмұны

Сағат саны

1

Университет

Студенттің өзі туралы презентация жасауы.Университет мақсаты, саясаты, іс-әрекет бағыттары. Университет құрылымы (студенттің ісімен айналысатын университеттік қызметтер және олардың функциялары). Студенттерге академиялық қолдау көрсету, және оның оқыту үрдісінде алатын орны мен функциясы



2

2

Университеттің оқыту үдерісінде өзін өзі ұйымдастыру

Уақыт менеджменті. Дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу. Оқу барысындағы проблемалық жағдаяттар. Оларды шешудің алгоритмі.



2

4

ЖОО-да студенттің өздік жұмысы

Өздік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері. өздік жұмыстың формалары мен түрлері. Өздік жұмысты бақылау әдіс-тәсілдері. Плагиат.



2

5

Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау.

Студенттің жеке оқу траекторияы. Студенттің жеке оқу жоспары. Студенттің өмірлік және кәсіби мақсаттары



2



Модуль мазмұны

Қазіргі таңда «Университеттте білім алу стратегиясы» модулдік оқу бағдарламасы студенттің кәсіби дайындығының қажетті элементі болып табылады. Модулдің стратегиялық мақсаты- бірінші курс студенттерін білім беру үдерісіне бейімдеу, олардың университетте дербес оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға әсер ету. Модуль білім алушыларды тақырыптың маңызды бөліктерімен, ұғымдарымен таныстырады.

Әрбір оқу элементінің мақсаты анықталып, нақтыланады. Кейін, студенттермен талқыланатын міндеттер жүйеленіп, берілген ақпараттар бағаланады, шешім қабылданады, рефлексия жүргізіледі.

Университет оқу элементі студенттік кезеңінің ерекшеліктері, өзінің оқу- танымдық іс -әрекетінің белсенді субъектісіне айналуға, жеке оқу жоспарын құруға мүмкіндік беретін университетте жасалған мүмкіндіктермен таныстырады.

Университеттің оқыту үдерісінде өзін -өзі ұйымдастыру оқу элементі дәріске, практикалық сабақтарға дайындалудың негізгі әдіс-тәсілдері, уақыт менеджментінің техникалары, оқу барысындағы проблемалық жағдаяттар және оларды шешудің алгоритімінің мәнін ашады.

ЖОО-да студенттің өздік жұмысы оқу элементі студенттерді кредиттік оқыту технологиясында өздік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері. өздік жұмыстың формалары мен түрлері, өздік жұмысты бақылау әдіс-тәсілдері, плагиат сияқты мәселелерді терең түсінуге мүмкіндік береді.

Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау оқу элементі студенттің жеке оқу траекториясы мен студенттің жеке оқу жоспары құру, студенттің өмірлік және кәсіби мақсаттарын, қысқа, орта, ұзақ мерзімді мақсаттарын қарастырады.

Әрбір элементтің соңында рефлексия жасау, студенттердің алған тәжірибесін бағалауға мүмкіндік береді.



«Университетте білім алу стратегиясы» оқу модуліндегі рефлексия сұрақтары:


  • не үйренгім келді?

  • үйренуге қалай тырыстым?

  • осы уақытта менде қандай сезімдер болды?

  • сабақ барысында қандай кедергілер болды?

  • Мен үшін не маңызды болды? (жаңалық, күтпеген жағдай)


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

ЭЛЕМЕНТ 1. Университет

Студенттің өзі туралы презентация жасауы.Университет мақсаты, саясаты, іс-әрекет бағыттары. Университет құрылымы (студенттің ісімен айналысатын университеттік қызметтер және олардың функциялары). Студенттерге академиялық қолдау көрсету, және оның оқыту үрдісінде алатын орны мен функциясы.


Өздік жұмысқа берілетін тапсырмалар:

Тапсырма 1. 1-2 минуттық ,өзіңіз туралы ауызша түрде презентация дайындаңыз. Кейін басқа қатысушылар сізге сұрақтар қоя алады.

Тапсырма 2. Университеттің жарғысымен, үлестірме материалдарда берілген ақпаратпен танысыңыз. «Jigsaw» әдістемесіне сай топта әрбір студент ақпараттың белгілі бір бөлігіне (Студент дегеніміз кім? Студенттің құқықтары, аттестация ерекшеліктері, жүктеме, университет функциялары ) жауапты болады.

Jigsaw” әдістемесі

Әдістеме, Эллиот Аронсонмен ғылыми негізделген топтық (корпоравтивті) оқыту формасы. Әдістемеге сай студенттер белгілі бір қарастырылып отырылған сұрақтарға эксперт ретінде тағайындалып, осы мәселе туралы ақпаратты толық қарастырып, басқалармен бөліседі.


  1. Қарастырылып отырған сұрақтарға сәйкес студенттерді 4-6 шағын топқа бөліңіз.

  2. Әрбір топтың мүшелеріне мәтін бойынша тапсырма беріп, кейін өз тобында сол сұрақ бойынша эксперт ретінде жауап беруді тапсырыңыз.

  3. Әрбір студентке мәтінмен танысып, меңгеруге мүмкіндік беріңіз

  4. Эксперт тобы құралып, меңгерілген сұрақ бойынша пікірталас өткізіңіз.

  5. Уақытты басқарып отыратын қатысушыны таңдаңыз

  6. Барлық эксперттер өз тақырыбы бойынша баяндап, пікірталас өткізгеннен кейін, басқаларда сұрақтарды толық түсініп, меңгереді.

Тапсырма 3. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ресми сайтына кіріп, университеттің құрылымымен танысыңыздар. Сызба түрінде беріңіз, түсініксіз мәселелерді айқындаңыз.
Тапсырма 4. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ресми сайтына кіріп,университеттің студенттер ісімен айналысатын қызметтері туралы ақпарат жинап, келесі кестені толтырыңыз.

Университеттің студенттер ісімен айналысатын қызметтері

Немен айналысады? Қандай жағдайда мен бұл қызметке өтініш жасай аламын? Мен үшін немен пайдалы болады?

Байланыс ақпараттары (қай жерде орналасқан? Қалай байланыстуға болады? Кіммен байланысамын?)

Кафедра







Деканат

Студент, жастар ұйымдарымен жұмыс істеу бөлімі









Әлеуметтік-мәдени жұмыстар бөлімі







Жастар саясаты орталығы







Офис регистратор.Тіркеу және академиялық ұтқырлық бөлімі







Офис регистратор. Іс тәжірибе және жұмысқа орналасу бөлімі








Тапсырма 5. Семестрдің соңында студенттер сессия тапсырады. Бірінші, екінші семестрде емтихан тапсыратын пәндердің тізімін жаса. Әрбір пән оқытушысынан практикалық және дәріс сабақтарына дайындалуға, аралық рейтинг қою талаптарын, бағалау саясаты, сабаққа келу тәртібі, қосымша әдебиеттер оқу және т.б. туралы ақпарат беруін сұра.
Тапсырма 6.

Университетте студенттердің оқу үдерісін тиімділеуге, жеңілдетуге бағытталған академиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін эдвайзерлер жұмыс атқарады. №2 үлестірме құралында берілген академиялық эдвайзерлер қызметінің ерекшеліктері, кеңес беру барысындағы академиялық эдвайзер мен студенттердің функциясы туралы мәтінмен танысып, шағын топтарға бөлініп, берілген ақпаратты талда. Мәтінмен жұмыс істеу нәтижесін келесі кластер түрінде жасаңыз.





Мәтінмен жұмыс жасауға басшылық

Thompson –Grove, G. (2001) Text- based guidelines. Bloomingon, IN: Harmony School Education Center. National School Reform Faculty

Мақсаты: мәтінді бірігіп жан жақты талдау

Ресурс: мәтін, қалам, маркерлер

Мәтінмен жұмыс жасау барысындағы негізгі ережелер:



  1. Бір-бірін сыйлау.

  2. Ұзақ уақыт сөйлемеу.

  3. Пікірталасты бірізді құру

  4. Барлығының ойын тыңдау

  5. Егер сұрақтар туындаса, сөйлеушіден кейін сұрау.

  6. Мәтіннің басты сұрақтарына мән беру

  7. Уақытты үнемдеу


Тапсырма 7

Студенттің жетістіктігін сыни тұрғыдан қарастыру техникасы

Мақсаты: студенттің жетістігінің тиімділігін бағалау

Нұсқау: парақты үш бағанға бөліп, келесідей атаңыз: «Қандай жетістікке жеттім?», «Қандай жолмен? Неліктен?», «Келесі жолы қалай болады?». Дәл осындай жолмен келесі парақты бөліп, бағандарға атау беріңіз: «Қандай сәтсіздік немесе қиындық болды?», «Неліктен және қалай?», «Келесіде алдын алу жолдары қандай?». Білім алушылар оқу жетістігі болып саналатын жағдайларға кері байланыс, ми штурмын жасап, талдау жүргізуі қажет.
Сабақтың практикалық материалдары
Белсенді үлестірме материал № 1
Қазіргі Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің ерекшеліктері. Кредиттік оқыту технологиясы
А) Студентттер жоғары білім беру туралы қандай ақпаратмен қамтамасыз етілуі қажет?
Қазақстан Республикасынының Білім беру заңына сәйкес, білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;

2) бастауыш білім беруді;

3) негізгі орта білім беруді;

4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);

5) орта білімнен кейінгі білім беруді;

6) жоғары білім беруді;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды



Жоғарғы білім  толық орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманның кәсіби біліктілік дәрежесі. 

Бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;

Институт – жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;

Университет – мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары білім берудің, магистратураның және докторантураның білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын жоғары оқу орны;

Қазіргі таңда университеттер қоғам алдында бірнеше функцияларды атқарады:

  1. Білім беру- үш сатылы дайындық жүйесі бойынша білім алу бағдарламаларын ұсынады. Бірінші саты» – бакалавриат (нормативті оқу мерзімі 4 жыл), екінші – магистратура (оқу мерзімі 1-2 жыл), үшінші PhD докторантура-3 жыл

  2. Ғылыми зерттеушілік– ғылымды дамыту, студенттерді зерттеу жұмыстарына тарту;

  3. Кәсіптік- белгілі бір мамандықты меңгеруге дайындау;

  4. Сервистік (қызметтік)- белгілі бір тапсырыс берушілердің арнайы талаптарын орындау – жоба жасау, экспертиза, эксперимент жәе т.б.

  5. Мәдениеттік – мәдениетті, білім беру нормалары мен ережелерін сақтау, дамыту

  6. Гуманистік (адамгершілік)-адамгершілік идеалдарын пайымдау, қалыптастыру

  7. Демократиялықжастар арасында демократиялық қарым-қатынасты қалыптастыру.


Ә) Л.Н. Гумилев атындағыЕуразия Ұлттық университетінің суденті ретінде осы оқу орны туралы не білуім керек?

ЕҰУ тарихы мен бүгіні

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды. 

2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді.2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді.Университетке атақты ойшыл, шынайы еуразияшыл және түрколог Лев Николаевич Гумилев есімі берілгені – зор мәртебе.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетi жоғарғы мектеп ғылымдарының Халықаралық академиясына, Еуразия университеттер қауымдастығы және ТМД және Балтық елдерінің халықаралық зерттеулер қауымдастығына, Халықаралық университеттер қауымдастығы мен жоғары оқу орындарының Еуропалық қауымдастығына кiредi.

2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орны болып саналады. 2001 жылы тамыз айында Мемлекеттік аккредитациядан өтті. 2003 және 2008 жылдың сәуір айында Мемлекеттік аккредитациядан өтті.

2005 жылы қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті еуропалық бiлiм беру қатынастарына белсендi кiрiгу үшiн жаңа мүмкiншiлiктiң көзiн табатын Болон хартиясына қол қойды.

Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ республиканы дамытудағы басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар, құрылыс, техника мен технологиялар, кәсiпкерлiк және құқық саласында бейімделген жоғары мамандандырылған кадрларды даярлау бойынша Қазақстанның бастаушы университетi болып табылады.

Қазіргі таңда ЕҰУ-де 12 бейінді факультет жұмыс істейді (механика-математика факультеті, ақпарттық технологиялар факультеті, сәулет-құрылыс факультеті, жаратылыстану ғылымдар факультеті, әлеуметтік ғылымдар факультеті, заң факультеті, филология факультеті, экономика факультеті, халықаралық қатынастар факультеті, физика-техника факультеті, журналистика және саясаттану факультеті және көлік-энергетика факультеті), 64 кафедра, 27 ғылыми бөлімшелер. Сонымен қатар университетте екі әскери-оқу мамандығы бойынша запастағы офицерлерді дайындайтын әскери кафедра жұмыс істеуде.

Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта - 71 мамандық, магистратурада - 65 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Еуразия ұлттық университетінде 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 12 093 құрады.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстанда алғаш рет ТМД Желілік университеті мен ШЫҰ университеті аясында қос дипломды білім беруді келесі мамандықтар бойынша іске асырды:халықаралық құқық, филология, география, экология, экономика, менеджмент, заңтану, наноматериалдар мен нанотехнологиялар.Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ТМД Желілік университеті аясында «Қос дипломды білім беру» бағдарламасы бойынша 16 ЖОО-мен ынтымақтастық етеді.

Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты Қазақстанның және басқа да ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының оқытушыларына, мемлекеттік қызметкерлер мен коммерциялық сала қызметкерлеріне мына салалар бойынша қосымша білім алуға және біліктілігін жетілдіруге ауқымды мүмкіндіктер береді: экономика, менеджмент, заңтану, халықаралық қатынастар, саясаттану, филология, тарих, ақпараттық технологиялар, техникалық ғылымдар мен шет тілдері. т.б. Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институтының мақсаты – мамандардың біліктілігін жетілдірудің және оларды қайта дайындаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, жаңа кәсіби қызмет түрімен жұмыс істеуге қажетті техника мен технологияның пәндерін және т.б. жекелеген пәндерді қамтитын білім беру бағдарламалары бойынша қосымша білім, дағды, қабілет беру. Мұнымен қоса, институт орта оқу мекемелерінің түлектерін (талапкерлерді) ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ-ға (Ұлттық бірыңғай тест) дайындайды,

Еуразия ұлттық университетi студент- жастардың ұлттық-мәдениетiне, рухани-адамгершiлiгәне, эстетикалық және отансүйгiштiк тәрбиесiне аса мән беріп келеді. Жыл сайын студенттерiміздiң қатысуымен өлкемізде және басқа қалаларда көптеген іс-шаралар,университет байқаулары ұйымдастырылады. Студенттер университетті басқару,білім ордамыздың түрлі мәселелерін шешуде белсенді атсалысып келеді. Университетте ЕҰУ жастар саясатының даму мәселелері,студенттердің әлеуметтік қорғалуы, "Қазақстан студенттерiнiң Альянсы", "Қазақстан жастарының Конгресi", "Жас Отан", Есірткісіз болашақ" және тағы да басқа ұлттық және аймақтық жастар ұйымдарына қатысу мәселелерімен айналысатын Жастар саясатының орталығы құрылған.

Сондай-ақ, ЕҰУ-де студенттiң шығармашылық қабілетін шыңдауда барлық жағдай жасалған. Студенттiк филармония келесi бағыттар бойынша жұмыс iстейдi: театр-студия, хореография, вокал, домбыра, КТК, имидж-топ.Телерадиостудия ашылған.

Студенттердiң, ОҚП мен қызметкердің салауатты өмiр салтына ерекше көңіл бөлінуде. Жыл сайын оқытушылар мен қызметкерлердің спартакиадасы өткізіліп келеді.Спорттық секцияларға қатысып, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жеңіспен оралған көптеген білім алушыларымыз тек білім ордамыздың ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің мақтанышы деп айтуға негіз бар. 


Б) Жоғары оқу орнында оқу-тәрбие үдерісінің студент үшін білуге қажетті қандай ерекшеліктері бар?
Кредиттік оқыту технологиясы және студент

Қазақстанның ұлттық білім берудің оқу бағдарламасын халықаралық кеңістікте таныту үшін, білім беру мекемелеріндегі оқытушылар мен студенттердің мобильділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру мен білімнің барлық деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарында (ЖОО) бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылып жатыр.



Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту; Әрбір пән көлемі кредит бойынша анықталады. Кредиттік оқу жүйесі білімнің барлық деңгейі бойынша бұрыннан жиналған өсу есебін білдіретін жинақ болып табылады. Оқу үрдісі академиялық күнтізбе негізінде жүзеге асырылады.

Кредиттік оқыту технологиясын бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың студент үшін қажетті негізгі ұғымдары мен анықтамалары

1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;

2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;

3) академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;

4) академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;

5) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

6) жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;

7) кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;

8) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;

9) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;

10) транскрипт (Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;

11) тьютор –студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы;

12) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;

13) элективтік пәндер – белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттiліктерін есепке алатын компонентке кiретiн оқу пәндерi.

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі басымдықтары

А)Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

1) білім көлемін біріздендіру;

2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;

3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;

4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.

Б). Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:

1) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;

2) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;

3) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;

4) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;

5) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру;

6) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;

7) Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан және практикалардан тұрады.



Пікірлесуге арналған сұрақтар?

  1. Университет пен мектепте білім алудың қандай басты айырмашылықтары бар?

  2. Университетте студенттің білім алу үдерісін жекедараландыру үшін қандай жағдай жасалу қажет?


Белсенді үлестірме материал № 2
Академиялық эдвайзер студентке академиялық қолдау көрсетудің негізгі компоненті ретінде

Эдвайзер, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің реформалауымен келген «жаңа феномен» деп тұжырымдауға болады.

Білім алушыларды кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктеріне бейімдеу, ақпараттық хабардарлығы мен академиялық сауаттылығын арттыру, олардың жеке оқу траекториясын саналы түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы мәселелерді қанағаттандыру үшін, соңғы жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындарына эдвайзер-оқытушы, тьютор-оқытушы деген жаңа қызметтер енгізілуде. Қазақстандық білім беру жүйесінде «академиялық эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы» деп анықталады.

Студенттерге академиялық кеңес беру ортағасыр университеттерінде кең дамыды. Осы уақытта академиялық «эдвайзер» термині қолданылмаса да, факультет мүшелері, оқытушылар аудиториялық, аудиториядан тыс іс - шараларды ұйымдастырып, білім алушылардың қосалқы ата - аналарын рөлін атқарған. Гарвард, Йель, Уильям және Мэри университеттерінің профессор - оқытушылар құрамы студенттердің интеллектуалдық, адамгершілік тәрбиесіне белсене атсалысып, академиялық кеңес беру үздіксіз жүргізіліп, студенттердің діни, ақыл - ой көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен. Осы уақыт аралығында, элективті курстар жүйесінің қалыптасуы, тәжірибеге ендірілуіне бағыт бұрған, Гарвард және басқа да АҚШ-тың алғашқы жоғары оқу орындары, факультет мүшелерінің студенттерге кеңес беруін талап ретінде орнатты. Дегенмен, студенттерге оқу үрдісінде бағыт - бағдар беретін кәсіби тұлғалардың қажеттігін түсініп, 1841 жылы АҚШ - та бірінші болып Охайо Кенион колледжі (Kenyon College of Ohio) ресми түрде академиялық эдвайзерлерді оқу үрдісіне енгізген.

Эдвайзерлер, студенттің берілген пәндер каталогы тізімінен өзінің болашақ мамандануы (major), фундаменталды, қажетті пәндерді таңдауда қателіктер жібермеуін басқарады.

Академиялық эдвайзерлер,кеңес беру арқылы білім алушылардың жетістігіне; кеңес беру үрдісіне университет мүшелерін (профессор-оқытушы құрамы, инструктор, әкімшілік),университеттің академиялық қолдау көрсету ресурстарын (жазу, оқыту - кеңес беру орталықтары) қатыстыруына; жоғары оқу орнының саясаты мен ерекшеліктері туралы ақпарат беруге; жалпы жоғары білім беру жүйесінің қызметіне жауапты болады.

Кейбір АҚШ – ғалымдары, эдвайзерлерді оқытушылар қатарына жатқызады. Мысалы, ғалым Appleby академиялық эдвайзерлер мен оқыту үрдісінің арасындағы байланыстылықты орнатты. ЖОО-да оларды арнайы дайындау, біліктілігін үнемі арттыру, студенттің дамуының теориялары, бойынша білімдерін жетілдіріп отыру, сапалы академиялық кеңес берудің негізі болады деп тұжырым жасады.

Ал, ғалым Т. O’Банион (O’Banion,1972) «дамытушы» эдвайзердің моделін негіздеп, оның кәсіби іс-әрекетінің өлшемдерін ( the dimensions of the process of academic advising) ажыратты:



  1. білім алушылардың өмірлік мақсаттарын зерттеу;

2) карьералық мақсаттарын анықтау;

3) негізгі және оқу бағдарламасын іріктеу;

4) оқу курстарын жоспарлау;

5) студенттің сабақ кестесін құру.

Академиялық кеңес беру үрдісінің формалары мен құралдары еңбастысы эдвайзердің және студенттің әрекеттесу мақсатымен, сонымен қатар іс-әрекет мазмұнына сай іріктеліп, жүргізіледі.

Сонымен қатар, академиялық қолдау көрсету үдерісі, Дж. Брансфорд және Б.С. Стейн ұсынған академиялық кедергілерді шешу технологиясы (IDEAL) бойынша бірізділікпен ерекшеленетін бес кезеңнің жиынтығы болып табылады: диагностикалық (I- Identify) (академиялық мәселелерді айқындау, белгілеу); ізденістік (D-Define) (себептерін іздестіру); келісімдік (E- Explore) (академиялық кедергілердің шешу стратегиясын қарастыру, жауапкершілікті бөлу, қадамдық жоспарын әзірлеу); іс-әрекеттік (A-Anticipate and Act) (айқындалған жоспардың мүмкін болатын салдарын алдын-ала болжау), рефлексивтік (L- Look back and learn) (іс-әрекетке кері байланыс жасау).



Академиялық эдвайзер жауапты:

Эдвайзер қызметі оқытудың формасы болып та қарастырылады. М.К. Хемуал (Martha K. Hemwall, Lawrence University) «Академиялық эдвайзер - оқытуформасы ретінде: ұйымдастырудың 10 қағидасы» (Academic Advising as Learning: 10 Organizing Principles) мақаласында академиялық эдвайзерлердің кеңес беруін студенттерді оқыту, біліммен қаруландыру үрдісіне жатқызып, оны ұйымдастырудың 10 қағидасын ғылыми негіздеді:

1. академиялық эдвайзерлер, студенттердің университеттің миссиясы туралы ақпарат алуын жеңілдетуі тиіс;

2. институттың және студенттің жеке мақсаттарын байланыстыра отырып, олардың ойлау дағдыларын дамытуы қажет;

3. студенттің жеке мақсаттарына жетудегі оқыту үрдісін оңтайландыру қажет;

4. студенттің жауапты азамат, жан- жақты дамыған, ақыл- парасатты тұлға ретінде қалыптасуына өзіндік педагогикалық әсерін тигізуі қажет;

5. әрбір студенттің оқыту стилі туралы білімдерін толықтырып, анықтап отыру керек;

6. студенттің әлеуметтік тәжірибесінің оның білім мазмұнын түсініп, қабылдауындағы әсерін анықтауы қажет;

7. студенттің университет қабырғасында жетістікке жетуіне, оның білім алу тәжірибесі мен көрсеткіштерінің әсерінің маңызы зор екенін түсінуі қажет;

8. кеңес беру уақыты, білім алушылардың жеке - дара мақсаттары мен идеяларын айтып, негіздеп, пікірлесуге мүмкіндік беретін диалог ретінде өтуі қажет;

9. академиялық эдвайзер кеңес беру барысында оқытуға жетекші, «жолбасшы» ретінде ұстауы қажет;

10. студенттердің қателіктері, жөнсіз қылықтары мен қарама қайшылықтарын мойындатып, одан тиісті қорытындылар жасауға жетекші болуы қажет.



Академиялық эдвайзермен әрекеттесу барысында студент жауапты:

- кездесулерге уақытында келу,

- академиялық сұрақтары, мақсаттары туралы пікірталасуға дайындығы;

- тиісті оқу материалдарын беру (емтихан нәтижелері, бағалау формалары т.б. );

- кеңес алу уақытын саналы өткізу, университеттің саясаты мен талаптарына қатысты пәндер каталогы, арнайы факультеттің материалдары, оқу дәрежесін иелену талаптары;

- қазіргі, болашақтағы білім алу және кәсіби мүмкіндіктері туралы ақпараттар алу;

- эдвайзердің жеке басын сайлауға, талаптары мен нұсқаулықтарын орындауға;

- арнайы оқу кестесінің тиімділігі, өмір құндылықтары, белгілі бір академиялық емес шешім қабылдауда эдвайзердің сараптама жүргізуін бағалауға;

- эдвайзерге курс бойынша жетістіктерін хабарлап тұруға жауапты болады.


Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет