Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна ақШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері


Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып



бет2/13
Дата05.11.2016
өлшемі3,76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып жекетұлғаны қоғам дамуының, білім беру жүйесінің басты мақсаты деп танитын антропологиялық тәсілдері (М.Бубер, В. Дильтей, Э. Кассирер және т.б.); шетелдің білім беру саласындағы қалыптасқан нормаларды пайымдауға мүмкіндік беретін нақты-тарихи және мәдениеттанушылық тәсілдердің синтезі (Н.В. Блауберг, М.Н. Скаткин, Э.Г. Юдин және т.б.); жүйелілік тәсіл: (Н.Б. Блауберг, М.Н. Скаткин, Э.Г. Юдин және т.б.); таным теориялары, тұлғаға бағытталған оқыту теориясы, іс - әрекеттік теориялары: (Л.С. Выготский, В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев); оқытуды дараландырудың теориялық негіздері: (В.В. Давыдов, В.С. Ильин, А.А. Кирсанов); оқытудағы ынтымақтастық теориялары: (Г.Н. Волков, В.К. Дьяченко, Х.И. Леймитс); студенттің академиялық даму теориялары (А.Astin, V. Tinto, Е.T. Pascarella, Weidman ); сондай – ақ, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің маман даярлау аспектілерін зерттеген отандық, ресейлік ғалымдардың іргелі еңбектері; АҚШ студенттеріне академиялық қолдау көрсету қызметін ұйымдастыруға арналған американдық ғалым-педагогтардың ағылшын тіліндегі зерттеулері; шетелдік білім беру жүйесін салыстырмалы зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ғалымдардың әдістемелік нұсқаулықтары, халықаралық Интернеттің тақырыпқа қатысты ақпараттық сайттары саналады.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Қазақстан Республикасының Білім Заңы (2011), ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы, кредиттік оқыту технологиясын ұйымдастыру бойынша ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінде қабылданған құжаттар.

АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің тарихы мен қазіргі жағдайын анықтауға арналған теориялық зерттеулері, университет жағдайында студентке академиялық қолдау көрсету үдерісіне бойынша арналған білім беру ұйымдарының қорытынды баяндамалары: American Decides (Primary Sources), Report of International Association for the Evaluation of Educational Achievement, Statistical Abstracts of the United States, Report of the National Center for Educational Statistics, Report of the National Council of Educational Opportunity Associations, Annual Survey Results of The National survey of Student Engagement, сонымен қатар ресми басылымдары: Journal of College Student Personnel, Review of Educational Research, Journal of Applied Psychology, Journal of College Student Development, Education Forum, Los Angeles Times, USA Today, CNN, The Washington Times, Harvard Business Review.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; алынған ақпаратты болжау, салыстыру, үлгілеу әдісі, педагогикалық бақылау, сұхбаттасу, сауалнама жүргізу, рангілеу, педагогикалық эксперимент, зерттеу деректерін статистикалық өңдеудің математикалық әдістері.

Зерттеу кезеңдері мен ұйымдастырылуы

Бірінші кезеңде (2009-2010жж.) зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер іріктелді, теориялық тұрғыда талданды; қарама-қайшылықтары айқындалып, зерттеудің нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері анықталды, ғылыми аппараты негізделді. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсету мәселелеріне арналған педагогикалық зерттеулер мен деректер жинақталып, жүйеленді. Сонымен қатар, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі зерттеу проблемасына байланысты келесі мәселелер зерттелді: университеттерде студент контингентін академиялық қолдау қызметтерімен қамтасыз ету (Student Academic Support Services), студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарының (Academic Support Center) маман даярлаудағы мақсаты мен рөлі анықталды.

Екінші кезеңде (2010-2011 жж.) АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін орталықтардың басты бағдарларламаларына: академиялық эдвайзер (academic Advising), тьютор (per-tutor), пэр-ментор (per- mentor) бірінші курс студенттеріне арналған бағыт-бағдар беруші оқу пәндері (First Year Orientation Course) талдау жасалып, студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруындағы рөлі анықталды; Кентукки университетінде өткен ізденушінің ғылыми-тағылымдамасының және университеттердің веб-сайттарын зерттеу нәтижесінінің негізінде, Қазақстан және АҚШ университеттерінде орын алған академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына салыстырмалы талдау түрде жүргізіліп, «Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету кешенінің құрылымдық моделі» даярланды; оның негізгі компоненттерінің (дамытушы академиялық эдвайзер, бағыт-бағдар курстары) тиімділігі оқыту үдерісіне тәжірибелі- эксперимент ретінде ендірілді.

Үшінші кезеңде (2012-2013 жж.) зерттеу нәтижесі бойынша сандық және сапалық талдау жүргізілді; теориялық талдау, тәжірибелік – эксперимент нәтижелері бойынша алынған теориялық тұжырымдар жүйеленіп, жалпыланып, статистикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытындағы тәжірибесін қазақстандық кредиттік оқыту технологиясында қолдану мүмкіндіктері бойынша ғылыми-педагогикалық негізделген әдістемелік нұсқаулар жасалды. Қорытындылар тұжырымдалып, пайдаланылған әдебиеттер жүйеленіп, талап бойынша рәсімделді.

Зерттеу базасы: АҚШ университеттеріндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтары, Кентукки университеті (University of Kentucky), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі

- АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің қалыптасуы тарихи тұрғыдан анықталды;



- Студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі мен озық бағдарламалары айқындалды;

- ҚР және АҚШ жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасалынды;

- АҚШ тәжірибесі негізінде Қазақстанның ЖОО-да кредиттік оқыту технологиясында қолдануға мүмкін болатын «Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету кешенінің құрылымдық моделі» даярланды;

- АҚШ –тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруге басшылыққа алатын теориялық – әдістемелік нұсқаулар жүйесі негізделді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- АҚШ –тың академиялық қолдау көрсету тәжірибесінен өңделіп, қазақстандық кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің жеке оқу траекториясын қалыптастыруда кезіктіретін білім алушылардың академиялық кедергілерінің алдын-алу мақсатымен жасалған, 1 курс студенттеріне арналған «Университеттте білім алу стратегиясы» атты модульдік бағдарламасы әзірленді.

- магистранттарға, докторанттарға, оқытушылар қауымына, эдвайзерлерге арналған «Университет эдвайзерлерінің академиялық кеңес беру қызметі» атты арнайы курс бағдарламасы жасалды.

- зерттеу нәтижелері кредиттік оқыту технологиясындағы оқыту үдерісін оңтайландыруға, жетілдіруге, осы бағыттағы жаңа зерттеулер жүргізуге негіз бола алады; шетелдік және салыстырмалы педагогика курстарының мазмұнын кеңейтуге, ЖОО-да мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, қайта даярлау институттарында пайдалануға болады.



Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық және салыстырмалы-практикалық тұрғыдан дәлелденуінен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкес келуімен, алынған нәтижелер мен тұжырымдамалардың тәжірибеге ендірілуімен, олардың тиімділігінің эксперимент жүзінде тексерілуімен қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру отандық, ТМД (Астана, Алматы, Караганды, Санкт-Петербург, Москва, Новокузнецк, Ульяновск) елдерінің халықаралық ғылыми-практикалық және шетелдік (Achievement of high education, Болгария, 2012; 2nd Cyprus International Conference on Educational Research, Кипр, 2013), конференцияларда, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің білім жəне ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған 5 ғылыми басылымда, Thomson Reuters, Scopus халықаралық базасына енген «World Applied Sciences Journal» рейтингті журналында, талқыланып, көрініс тапты, эксперимент барысында жүзеге асты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқу тәжірибесіне ендірілді.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуы;

  • Студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі, озық бағдарламалары;

  • Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету кешенінің құрылымдық-теориялық моделі;

  • АҚШ–тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруге басшылыққа алатын теориялық – әдістемелік нұсқаулар жүйесі.

Диссертация құрылымы зерттеудің қойылған міндеттерін біртіндеп шешу логикасына сәйкес құрылды, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттердің академиялық қолдау көрсетудің теориялық негіздері атты бірінші бөлімде зерттеу проблемасына жан-жақты теориялық талдау жасалып, Американың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге қолдау көрсету қызметтерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуының төрт кезеңі, қазіргі АҚШ саясатындағы жан-жақты тұлғаны қалыптастыру тұжырымдамалары, «академиялық қолдау көрсету» ұғымы, жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі, ұйымдастыру моделдері, озық тәжірибелері анықталды.

АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету кешенін ҚР жоғары оқу орындарында қолданудың мүмкіндіктері атты екінші бөлімде АҚШ университеттеріндегі академиялық қолдау көрсету орталықтарының студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға әсер ететін негізгі бағдарламаларына: академиялық эдвайзер (academic Advising), пэр-тьютор (tutoring), пэр- ментор (peer-mentoring), бірінші курс студенттеріне бағыт-бағдар беруші курстары (First Year Orientation Course) талдау жүргізілді, ҚР және АҚШ жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасалып, ҚР университеттерінде қолдануға мүмкін болатын университет студенттеріне арналған академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделі әзірленді.

Студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытындағы АҚШ тәжірибесін ендірудің әдістемесі атты үшінші бөлімде, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін тәжірибеге ендірудегі эксперимент нәтижелері мазмұндалды, АҚШ–тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруде басшылыққа алатын теориялық–әдістемелік нұсқаулар берілді.

Қорытындыда теориялық және практикалық зерттеу нәтижелері бойынша тиісті тұжырымдар және ұсыныстар, зерттеу мәселесінің келешегі көрсетілді.

Қосымшада зерттеу барысында академиялық қолдау көрсету моделін тәжірибеге енгізу үшін дайындаған авторлық бағдарламалар, диагностикалық материалдар, студенттерге, оқытушыларға ұсынылған сауалнамалар ұсынылған.

1 АҚШ-ТЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге қолдау көрсету қызметтерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуы

Қазіргі кездегі университеттік білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерді білім беру тарихы мен тәжірибесін ескермей қарастыру мүмкін емес. Зерттеу жұмысында нысанаға алып отырған, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі жағдайы сол елдің мәдени-тұрмыстық жағдайы, экономикасымен байланысты. Ғасырлар бойы қалыптасқан уақыт тұғырындағы, студенттерге қолдау көрсетуге бағытталған қызмет түрлерінің дамуын тарихи тұрғыдан талдау, оның әрбір білім беру кезеңіндегі мақсатын, мәні мен құрылымын анықтауға, соның негізінде қазіргі таңдағы университетте алатын рөлін жете түсінуге мүмкіндік береді. АҚШ-тың жоғары білім беру саласындағы тарихшы-педагогы J.R.Thelin еңбектеріне сүйене отырып, АҚШ-тың университттік білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің дамуын келесі негізгі кезеңдерін айқындадық:

  1. кезең-Ағылшындарға отаршылдық кезеңінде алғашқы университеттердің қалыптасуы (1636- 1840)

  2. кезең- Әралуандылық (Диверсификация) 1850- 1890 жж

  3. кезең - Жаңашыл даму бағыты. 1900-1950жж

  4. кезең- Жоғары білім беру жүйесінің жаһандануы. 1960- қазіргі уақыт [45, 18б.; 46, 5 б.]

1 кезең. Ағылшындарға отаршылдық кезеңінде алғашқы университеттердің қалыптасуы. Университет жанында арнайы студенттердің әлеуметтік және академиялық мәселелерімен айналысатын қызметтердің негізі 1636 жылы құрылған АҚШ-тың алғашқы жоғары оқу орындарының бірі - Гарвард университетінің қалыптасуымен байланысты. Осы уақытта «студенттерге қолдау көрсету», «студенттер ісімен айналысатын қызметтер» немесе «студенттерге академиялық қолдау көрсету» терминдері арнайы қолданылмаса да, факультет мүшелері, оқытушылар аудиториялық, аудиториядан тыс іс - шараларды ұйымдастырып, білім алушылардың қосалқы ата-аналарының рөлін атқарған. Гарвард, Йель, Уильям және Мэри университеттерінің профессор-оқытушылар құрамы студенттердің діни, интеллектуалдық, адамгершілік тәрбиесіне белсене атсалысып, академиялық кеңес беру үздіксіз жүргізіліп, олардың діни, ақыл-ой көзқарастарының қалыптасуына әсер етті.

Оқу-тәрбие үдерісіндегі қатаң тәртіп, патерналистік немесе “әкелік қамқор” (in loco parentis) қағидасындағы авторитарлы жүйеде болып, аудиториядан тыс іс-шаралар қатаң классикалық оқу пәнінің аясында жүргізілген. Мысалы, тарихшы-ғалым F.Rudolph өз зерттеулерінде, сол замандағы Американың колледждеріндегі оқу үдерісі оқу бағдарламасы, кітапхана, оқытушы-студент қарым-қатынасында жүзеге асқан деп бейнелей келіп, «студенттер қауымы арнайы кеңесшілерді, бақылауды, кәсіби бағыт- бағдарды, қосымша сабақтарды талап ететін жасөспірімдер ретінде қабылданды» - деп жазады [44,127 б.].

18 ғасырдың екінші жартысында университеттік жүйеде орын алған қатаң тәртіпке қарсылық білдіру ретінде студенттер әдеби кештер, пікірталас клубтарын, спорттық командалар ұйымдастырып, университет газеттері, брошюралар, қысқаша ескертпелер жариялады. Мысалы, 1776 жылы «Уильям және Мэри» университетінде «грек әрпі- Kappa Alpha» атауымен, Америка университеттерінде алғашқы студенттік ұйым құрылды. Студенттік ұйымдар басында әдеби пікірталас өткізу үшін жиналса, 1825 жылдарға қарай білім алушылар арасында бауырластық желі ретінде көптеген ЖОО-нда ашылды. Студенттер үшін бұл ұйымдар, кампустың (университет) бірсарынды өміріне өзгерістер мен жаңашыл идеяларға бастаушы болды. Грек алфавитінің әріптерін қолданып, бірнеше студенттік ұйымдардың желісі қалыптасып, бір- бірімен оқу үлгерімі бойынша үшін жарыстар ұйымдастырды. Студенттік ұйымдар арасында бәсекелестік академиялық жетістіктер бойынша көрінсе, кейіненн қоғамдық пайдалы іс-шаралар, әлеуметтік жобалар ұйымдастыру, студенттер арасында спорттық, ғылым салалары бойынша жарыстар жүргізуде де байқалды. АҚШ-тың жоғары білім беру тарихын зерттеуші, J.R.Thelin пікірінше, студенттердің күшімен, бастамашылығымен ұйымдастырылған аудиториядан тыс ұйымдар өзіндік өміршеңдігін, студенттер арасында сұранысқа иелігін дәлелдеп, басында оқытушы-профессорлар тарапынан тыйым салу, біртіндеп келісу, кейіннен ресми түрде қабылдауға мәжбүрледі [46, 115 б.].

18 ғасырдың соңындағы АҚШ университеттеріндегі студенттік наразылық қозғалыстарының басты себептері оқу әдістеріне, оқу пәндері, қатаң діни тәртіпке, студенттерге берілетін ас мәзіріне қанағаттанбаумен байланысты болды. Ал, 19 ғасырдың басында, Америка саясаткерлері, жоғары білім беру жүйесін, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының құралы ретінде қайта қарастырды. Жоғары білім беру жүйесі адамдардың жасы, жынысы, нәсіліне қарамастан барлық Америка азаматтарына ортақ ретінде танылып, бұрын соңды тәжірибеде болмаған, әйелдердің, афроамерикандықтардың университетте білім алуына жол ашылды.

Осы уақыт аралығында, элективті курстар жүйесінің тәжірибеге ендірілуі мен қалыптасуына бағыт бұрған, Гарвард және басқа да АҚШ-тың үздік жоғары оқу орындары, факультет мүшелерінен элективті пәндерді таңдауда бойынша студенттерге кеңес беруін талап етті. Осыдан, студенттерге оқу үдерісінде бағыт-бағдар беретін кадрлардың қажеттігі анықталды. Мысалы, 1841 жылы Охайо Кенион колледжінде (Kenyon College of Ohio) ресми түрде академиялық эдвайзерлер университет штатына енгізілді.



2 кезең. Әралуандылық (Диверсификация) 1850- 1890 жж. Жоғары білім беру жүйесінің тарихы, оның ішінде арнайы студенттер ісімен айналысатын кәсіби қызметтердің дамуының екінші кезеңі, Американың жоғары білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеруіне әсер еткен бірнеше оқиғалармен байланысты болды. Солардың біріншісі, 1862 жылы АҚШ конгресі қабылдаған «Ұлы Морилл» (Morill act) актісі. Елдегі жаңа саясатқа сәйкес, біртұтас Америка ұлтының қалыптасуы (The formation of united American Nation), ұлттың интеллектуалды, адамгершілік қасиеттерін дамыту арқылы жүзеге асуы тиіс еді. Осы актіге сәйкес, АҚШ-тың әрбір штатында, жоғары оқу орындарының құрылысына, ондағы жаңашыл бағыттағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға 12 000 гектар жер тегін берілді. Кейіннен, бұл университеттер «сыйға тартқан колледждер» ( land- grant colleges) деп аталып кетті [46, 185б.].

«Ұлы Морилл» актісінің мақсаты ЖОО-н құру негізінде, қарапайым қоғамды жоғары біліммен қамтамасыз ету, Америка азаматтарын практикалық және кәсіби дағдыларға үйрету, ауыл шаруашылық, өнеркәсіп саласында жұмыс атқаратын инженер мамандарын дайындау, сол арқылы елдің экономикасын арттыруға оңтайлы жағдай жасау болды. Дегенмен, кейбір аймақтарда тұрғылықты халықтың аз болуы, азаматтардың жоғары білім алуға дайын еместігі мәселелерінен, студенттердің саны акт жоспарынан төмен болды.

Студенттер ісімен айналысатын қызметтердің дамуына әсер еткен екінші үлкен мәселе, 1885 жылы Еуропаның Берлин университетінің «ғылыми – зерттеу» моделінің негізінде Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиоттың (Charles Eliot) оқу пәндерін таңдауға мүмкіндік беретін, ашық-құрылымды оқу жоспарының инновациялық жүйесімен академиялық қауымды таныстыруы еді. Элективті оқу жоспарының дамуы Чарльз Элиоттың осы жаңашыл, қазіргі уақытқа дейін әлемдік жоғары білім беру жүйесінде өміршеңдігін дәлелдеген қозғалысымен тығыз байланысты.

АҚШ-тың білім беру тарихын зерттеуші, педагог John R. Thellin [46, 215б.] пікірінше, бұл идея Американың басқа да университеттерінің, профессор- оқытушылар құрамымен, әкімшілік қызметтіндегі тұлғалармен жоғары деңгейде қабылданды. Біртіндеп басқа университеттерде өз тәжірибелеріне жаппай ендіріп, 19 ғасырдың соңында, Америка университеттерінің 50 %-ы элективті оқу жоспарын қолданды.

Америка университеттерінде студенттердің академиялық, әлеуметтік өмірін, оқытушылардың кәсіби іс-әрекетін қадағалайтын, әкімшілік қызметтер, студенттерге басшылық жасайтын академиялық штаттар, қызметтер ашылды. Мысалы, 1870 жылы Гарвард университетінің профессоры Ефрем Герни жоғары білім беру институттарындағы алғашқы декан болып сайланды.

Морилл актісінен кейінгі, студенттердің санының өсуі, Ч. Элиоттың реформасынан кейін оқыту үдерісін оқу курстарын таңдау тұрғысынан ұйымдастыру, элективті курстардың санын біршама кеңейтіп, жаңа келген студенттерге пәндерді таңдауға мүмкіндік беретін формалды академиялық эдвайзер тағайындау, ментор, тьютор сияқты академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын ЖОО-ның білім беру саясатына байланысты қайта пайымдап, тәжірибеге ендіруге әсерін тигізді. Мысалы, 1876 жылы, Джон Хопкинс университетінде студенттер қауымының артуы, олардың қажеттіліктерінің әртүрлі болуы, оқу жоспарынан тыс әлеуметтік, академиялық іс-шаралардың дамуына байланысты факультет эдвайзерлерінің арнайы штаттары кеңейтілді.

Дегенмен, АҚШ-тың жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие беру үрдісінің «ғылыми-зерттеу» моделіне көшуі бірнеше күтпеген, күрделі мәселелер туындатты. Профессорлар ғылыми-зерттеу жұмыстарына ғана назар аударып, отаршыл кезеңнен қалыптасқан студенттердің кәсіби қалыптасуына деген авторитарлық қарым-қатынасының орнына немқұрайлылық, либералдық қарым-қатынас келді. Осының салдарынан, студенттердің оқу үлгерімі мен университеттің мәдени-көпшілік, академиялық іс-шараларына қатысуы төмендеді. Осы мәселелердің алдын алу үшін, бірқатар университеттер стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлей бастады. Мысалы, 1888 жылы Бостон университеті, бірінші курс студенттеріне арналған бағыт-бағдар беру курсын (freshman orientation course), жекелеген мамандықтардың басымдықтары мен оқу пәндерінің мазмұны бойынша академиялық кеңес беру бағдарламаларын енгізсе, оның ізінен, 1889 жылы Гарвард университеті осы тәжірибеге сүйене отырып, тек қана білім алушылармен жұмыс жасайтын академиялық эдвайзер бағдарламасын ендірді.

Осы өзгерістер, студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің дамуының екінші кезеңіне алып келді. Элективті жүйенің қарқынды дамуы, студенттерге оқу пәндерін күштеп міндеттеуге қарсы философиялық, педагогикалық ойлар туындатып, жоғары білім беру жүйесін бір орталықтан ұйымдаспаған бағытына (децентрализация) көшуге, автономдық қағидаларды сақтауға әсер етті. Америка педагог-ғалымдарының арасында «білім алушылардың мамандану бағыттарының әртүрлі болуы қажет» идеясының жариялануының алғашқы кезеңі еді.



3 кезең. Жаңашыл даму кезеңі. 1900-1950жж. 19 ғасырдың аяғы мен 20 басында болған АҚШ-тың экономикасындағы өнеркәсіп революциясының негізінде жоғары білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы көлемі ұлғайды, жаңа миллионерлер қатары жалпы білім беру жүйесіне, кейіннен ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп мөлшерде қаржы бөлді.

АҚШ ғалымдары W.N.Cowley, D.Williams [73] тарихи- педагогикалық еңбегінде, профессорлардың назары сабақ беруден ғылыми-зерттеу жұмыстарына жіберген қаржының нәтижесін көрсету, басылымдарға жариялануда болып, студенттермен қарым-қатынасы төмендегенін, ынтымақтастығы мен әрекеттестігінің әлсірегенін басып көрсетеді. Университеттің ұйымдастырушылық кемшіліктерінің орнын толтыру, білім алушылардың элективті курстарды дұрыс таңдауын қадағалау мақсатында әртүрлі университеттер студенттің жеке оқу траекториясы құруға, дербес білім алу мәселелерін, аудиториядан тыс білім алу уақытын ұйымдастыруға әсер ету мақсатттарымен академиялық эдвайзерлер штаттары, пән бойынша қосымша тьютор сабақтарын қарқынды тәжірибеге енгізді. Мысалы, 1906 жылы Колумбия университеті (Columbia University) барлық білім алушыларға арналған академиялық эдвайзер орталығын (Academic Advising Center) ашты.

АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің сыншысы H.D. Sheldon, Американың 14 университетінің жылдық есеп беру баяндамаларына талдау жүргізе отырып, Германияның «ғылыми-зерттеу университеті» моделін толық ендіру салдарынан, студент-профессор арасындағы академиялық, жекетұлғалық әрекеттестіктің азайғанын сынға алды [74].

АҚШ ғалымдарының еңбектерін талдай келе, «жекетұлғаға бағытталған оқыту», «студентке бағытталған оқыту» қағидалары ғылыми негізделген, оны қолдану, білім алушылардың академиялық, қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелерімен түбегейлі айналысатын мамандарды даярлауға бет бұрған, студенттерге академиялық, әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларының қарқынды дамуына әсер еткен, американдық жоғары білім беру жүйесінің «жаңа толқыны» деп айқындаймыз.

Тағы да бір ерекше мәселе, студенттер ісімен айналысатын арнайы кәсіби қызметкерлердің дайындалуы, кәсіби ассоциациялардың құрылуы. Мысалы, 1914 жылы Колумбия университетінің Білім беру колледжінде алғашқы рет «Әйелдер эдвайзері» (Woman Adviser) саласы бойынша кәсіби магистрлары дайындалды. Студенттер ісімен айналысатын мамандандырылған қызметтердің рөлі артып, кәсіби жолға қойылды. Оған 1910 жылы құрылған Америка офис-регистраторлар ассоциациясы (American Association of Collegiate Registrars), университеттік қабылдау комиссиясы ассоциациясы (American Association of Admission Oficcers), 1920 жылы колледж салауатты өмір салты ассоциациясы (American College Health Association), 1937 жылы ұлттық кәсіби бағыт бағдар-беру ассоциациясы (National Orientation Directors Association) сияқты, мамандарды біріктіруге, бір бірінің тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беретін кәсіби қоғамдастықтардың қалыптасуы дәлел бола алады.

Студенттер ісімен айналысатын арнайы қызметтердің дамуына, оның өзектілігі мен мазмұндылығын айқындауға әсер еткен, 1937 жылы «Студенттер ісімен айналысатын қызметкерлердің ой-пікірі» (The Student Personnel Point of View) [75] атты тарихи бетбұрыстық мақаласының жарық көруі. Бұл мақала, Американың білім беру кеңесімен (American Council on Education) бекітілген, студенттермен жұмыс атқаратын университеттік кадрларының іс-әрекетін бірнеше жылдар зерттеудің нәтижесіндегі шарықтау шегі (кульминация) деуге де болады. Баяндамада, оқыту үдерісінде, студенттің жеке-дара ерекшеліктерін түсіну, олардың жастық, жыныстық, нәсілдік, мәдени т.б. мәселелеріне байланысты әр алуандылығын ескеру, оқытудың негізгі функцияларын жүйелеу мен студенттің дербес танымдық іс-әрекетін басқару үшін, жоғары оқу орындарының академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын, студенттер ісімен айналысатын қызметтердің, орталықтардың қажеттігі басып көрсетілді. Баяндамаға сәйкес, студенттің қажеттіліктеріне бағытталған бағдарламалар мен қызметтер, әрбір университеттің жеке миссиясы мен мақсатына бағытталып, ұйымдастырылуы қажет. Маман даярлау тұжырымдамасы кеңейіп, дене, әлеуметтік, рухани, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыдан жан-жақты дамыған жекетұлғаны қалыптастыру маңызды орынға қойылды. баяндамада көрсетілген білім беру қағидалары, 1937-1949 жылдар аралығында, студенттер ісімен айналысатын қызметтердің, ұйымдардың, арнайы орталықтардың ұйымдастырылу ерекшеліктері мен дамуына түбегейлі әсер етті.

Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ер-азаматтар мен тылда еңбек еткен әйелдерге АҚШ-тың федералдық штатынан қаржы бөлініп, шәкіртақы тағайындалды. Жоғары білім алуға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы көтермейтін тұлғаларға мүмкіндік берілді. Университет студенттерінің контингенті оқу деңгейі, әлеуметтік жағдайы, нәсілдік қатынасы бойынша өзгерді. 1944 жылы қабылданған «Әскери қызметкерлерді қайта бейімдеу» (Servicemen's Readjustment Act) актісіне сәйкес 2.25 миллион соғыс ардагерлері универитетке қабылданды.Білім алудағы оқу үлгерімі мен дайындығы, оқу тәжірибесі әртүрлі студенттердің академиялық кедергілері мен қиындықтарын шешу мәселелері, эдвайзер, қосымша инструктор, тьютор қызметтерінің, дамытушы курстардың дамуына әсер етті. Мысалы, АҚШ ғалымы E.G. Williamson [76] өз зерттеулерінде, академиялық қолдау көрсетудің алғашқы кезеңдерінде, бұл қызметтер, студенттің дамуына емес, оның жеке оқу үдерісін, өмір сүру айналасын, діни-намым сенімдерін қадағалау болды, деп қорытындылаған.

Бұл уақытта, Америка білім беру жүйесі, федералдық штаттар деңгейінде заңнамалармен бекітілді. Оның қорытындысы ретінде 1958 жылғы «Ұлттық Білім беру саласын қорғау» заңы (National Defence Education Act of 1958) [77] қабылданып, студенттерге білім алу несиелеріне, аспиранттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға, шет тілдерін меңгеруге, кәсіби-техникалық білім алуға, мұғалімдерді дайындауға қаржылық жағдай жасалды.



Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет