Абдолла Ишан мешіті



бет10/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Баркуаб қалашығы

Баркуаб қалашығы б.з.д.ІI-б.з.III ғғ. Жуалы ауданының, Теріс ауылынан 800 м шығыста, Бақалы (Қызылдихан) ауылынан 300 м солтүстік-батыста, Теріс өзенінің оң жағалауынан 230 м жердегі биік террассада орналасқан.


Қалашықты XIX ғ. В.В.Бартольд және В.А.Каллаур зерттеген. 1940 ж. Жамбыл археологиялық пункті (жетекшісі Г.И.Пацевич) экспедициясы қалашықтың бірнеше бөліктерінде археологиялық барлау қазбаларын жүргізді. 1978 ж. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық экспедициясы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2000 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының археологиялық экспедициясы (К.Байпақов, Д.А.Лобас) ескерткішті есепке алу жұмыстарынмен айналысты. 2013 ж. «Археологиялық сараптама» ЖШС-нің Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы Жуалы ауданыны экспедициясы ескерткішті қайта зерттеп, тарихи-топографиялық жобасын түсірді. 2018 ж. 24 маусымынан бастап «Қазгеоархеология» ЖШС-і қалашықта археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.
Баркуаб қалашығы бірқатар тарихшылар мен саяхатшылардың еңбектерінде аталған. Ә.Байбатша, Түркібасы өлкесімен Теріс өзенінің бойына орналасқан қалалар мен бекеттер, Мыңбұлақ (Абарджадж) қорған - қаласы арқылы жүріп, Шақпақ белінен асып, Арыс өзенін жағалап, Ұлы Жібек жолының негізгі желісі өткендігін жазған.
Қалашық туралы 846 - 847 жж. Араб географы Убейдаллах ибн Хордадбек, X ғ. басында Кудама ибн Жафар, 985 ж. Аль – Макдиси жазып кеткен болатын. Бұл ортағасырлық қала жұрттары қатар жатқан үш төбешіктен тұрады.
Тарихшы Д.Д.Байдалиев қалашықтың «Баркубе» аталуы сол жердегі Теріс өзенінің шығысқа қарай кері бағытта ағысымен байланысты болғандығын жазған.
Бекініс орны жаудың шабуылынан қорғану үшін шығыс жағы өзеннің жарқабағына тіреліп, қалған жақтарын биік күшті дуалдармен қоршалған.
Қазба жұмыстары кезінде кірпіштен қаланған үйдің қабырғасы, оның ішінде әр түрлі ыдыстардың калдықтары табылды. Сондай - ақ осында мекендеген адамдардың егіншілікпен және балық ұстаумен айналысқандығын дәлелдейтін көптеген кұнды деректер табылды. Бұл аталған қала орындары әлі күнге дейін түбегейлі зерттелмеген.


Әдебиеттер
Байбатша Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы. Алматы: Санат, 2002, 182б.
Байдалиев Д.Д. Жуалы өлкесінің ежелгі тарихы. Тараз, 2007, 29б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет