Абдолла Ишан мешіті



бет9/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Байзақ батыр кесенесі

Байзақ батыр кесенесі Байзақ ауданы, Дихан және Сарыкемер ауылдық округтерінің шекарасындағы төбенің басында, Талас өзенінің оң жағалауында, ауылдың солтүстік шығысында 4 шақырым жерде орналасқан.


Байзақ датқаның сүйегі «Байзақ сүресі» деген жердегі ежелгі оба үстінде жерленіп, қабірінің үстінде кесектен кесене тұрғызылған. Кесене ХХ ғ. басына қарай толығымен қираған. Оның орнында 2000 ж. монолитті бетоннан, жергілікті дәстүрлі ғұрыптық сәулет өнеріне тән кесене соғылды.
Кесене жобасында алты қырлы етіп, ашық түсті күйдірілген кесектен өрілген. Үсті биік барабанды, сфералы, бір күмбезді, орталық композициялы етіп, метал құрылым арқылы жабылған. Сыртқы қасбетінде кесенеден жіңішкелеу келген аркалы кіреберіс қақпасы бар. Кесенеде биіктігі 0,9 м құлпытас пен мәрмәр тақта орнатылған. Құлпытас ескі қабірдің кірпіштерінен қаланған.
Байзақ Мәмбетұлы – батыр, би, қазақ халқының қоқан әміршілеріне қарсы күрестің белсенді мүшесі болған. 1789 ж. Тараз маңында Абылайханның сенімді серігі, аты аңызға айналған Мәмбет Құндасұлы батырдың отбасында дүниеге келген. Байзақ жас кезінен ерекше ұйымдастырушылық қабілеті мен дарынының арқасында, ел жұрты мен руластары арасында жоғары беделге ие болған. Қоқан үкіметі тарапынан да құрметке ие болып, оған жеке басының артықшылығы мен салық төлеуден босатуға құқық беретін құрметті «датқа» атағын берген.
Байзақ батыр көшпелі малшылар арасында отырықшылық пен суармалы егіншілікті игеру үдерістерін жүзеге асыруды ұйымдастырушы ретінде де белгілі. 1860 ж. Байзақ датқа Қоқан әскерлерімен бірге генерал Г.А.Колпаковский бастаған орыс әскерлерімен болған Ұзынағаш ұрысына қатысқан, кейін туған жеріне оралып, қоқандықтармен тығыз байланыста қызмет атқарады.
1864 ж. жазда қоқан үкіметінің жергілікті көшпелі халыққа көрсеткен езгісіне шыдамаған ол, Әулиеата маңына орналасқан орыс әскерлеріне баласы Ақмолда арқылы қоқандықтарға қарсы күресте бірігу ұсынысын жеткізді. Қазақ биінің мұндай әрекеті туралы білген Қоқан билеушісі Молда Әлімқұл Байзақты ұстап алып, Ташкентке алып келуін бұйырды. 1864 ж. тамызда Әлімқұлдың жеке бұйрығымен 75 жастағы Байзақ датқаны тірідей зеңбіректің аузына байлап, атып өлтіреді.
Ел арасында батырдың есімі мен ерлігі дәріптеліп, өнегелі өмірі кеңінен насихатталуда. Батырдың басына орнатылған кесенесі қасиетті орынға, көпшілік мінәжат ететін нысанның біріне айналған.


Әдебиеттер.

  1. Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы 19 в. Алма-Ата, 1947. С. 49.

  2. Әбілдаұлы Б. Байзақ датқа. Алматы, 1995, 27б.

  3. История Казахстана с Древнейших вре­мен до наших дней. В 5-ти т. Алматы, 2000. Т. 3. С. 377.

  4. Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Байзақ ауданы – Алматы, 2010 ж., 59-60 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет