Абдолла Ишан мешіті


Әдебиеттер: Маргулан А.Х., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. –Алма-Ата, 1959. – С. 133. Ы. Дүкенұлының мемориалы



бет56/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Әдебиеттер:
Маргулан А.Х., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. –Алма-Ата, 1959. – С. 133.

Ы. Дүкенұлының мемориалы

Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының тумасы. Қазақ арасында атағы кең таралған күйші - қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан шебері.


Ықылас Дүкенұлының мемориалдық ескерткіші Сарысу ауданы, Шығанақ ауылынан солтүстікке қарай 18 шақырым жерде, Қуарал жазығының батыс шетінде орналасқан.
Ы. Дүкенұлының мемориалдық ескерткішінің биіктігі 0,5 м және 4,5х4 м метал құрылыспен қоршалған. Құрылыс 1993 ж. Ы. Дүкенұлының 150 ж. мерейтойына арнап салынған. Монолитті темір бетон мен кірпіштен тұрғызылған, мәрмәр және гранит тақталармен қапталған. Үш бөліктен тұратын, күрделі композициялы құрылыс қобыздың пішінін сомдайды. Үсті биік конус тәрізді күмбезделіп келген, жалпы биіктігі 5,4 м. Ішкі құрылысында ұзын дәліз және оның екі қапталынан жапсарлас шағын бөлмелер салынған. Ескерткіш ортасында жазуы бар мемориалдық тақта орнатылған. Қосымша бөлмелер музей ретінде безіндіріліп, қобызшының шығармаларының атауы мәрмәр тасқа қашап жазылған.
Ықыластың арғы аталары, әкесі Дүкен және балалары да қазаққа белгілі қобызшы болған. Ықылас 15 жасында қобызды толық меңгеріп, әкесінен үйренген халық күйлерін, Қорқыттың күйлерін нақышына келтіріп орындаған.
Алтын қобызға әуестеніп жүрген бозбала шағында түс көріп, түсінде бір ақсақалды абыз: «Бұл қобыз сенің жеті ұрпағыңа дарып, желеп жебейтін болады!» деп аян беріпті деген аңыз тараған. Ықыластың Дүйсебай, Түсіпбек, Ақынбай атты үш баласы да белгілі қобызшылар болған.
Қобыз тарту өнерінде жаңашылдығымен танылған шебер орындаушы, көптеген шығармалардың авторы. Оның ішінде «Қасқыр», «Кертолғау», «Жезкиік», «Ерден», «Жалғызаяқ» т.б. шығармалары өзі өмір сүрген заманның келбетін сипаттаса, «Қабар Назым», «Айрауық», «Қазан» сияқты күйлеріне ел арасында кең таралған аңыз-әңгімелер мен қиял-ғажайып оқиғалар арқау болған.


Әдебиеттер:

  1. Жубанов А. Қазақстан халық композиторлары (күйшілер). – Алма-Ата, 1962, 218б.

  2. Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан: Жамбылская область. / ред. К М. Байпаков.Алматы,2002. – 350 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет