Абдолла Ишан мешіті



бет49/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Сыпатай батыр кесенесі

Сыпатай Әлібекұлы (1781-1868) – қайсар мінезді батырлығымен, сөзге шешендігімен, дауға әділдігімен ел арасында биік беделге ие болған тұлға.


Шағын күмбезді кесене құрылысы ХІХ ғ. аяғында Қоқан әміршілеріне қарсы күрескен, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінде қол бастаған Сыпатай батырдың басына тұрғызылған. Кесене Меркі ауданы, Сыпатай ауылының шығыс жағында, қазіргі Алматы-Тараз-Бішкек тас жолының бойында орналасқан. Құрылыс 9,0х9,5 м көлемінде күйдірілген қызыл кесектен өріліп, төбесі дулыға тәрізді күмбезбен жабылған.
Сыпатай батырдың кескін-келбетін К. Әзірбаев: «Зор денелі, құлағы сүйемдей, омырау жүні бір түп қамыстай, құлағына тұрған қырауды қамшысымен қағып тастап жүре беретін. Сөзге де шешен, тапқыр болыпты», - деп суреттейді.
ХІХ ғ. басында қоқандықтардың елге көрсеткен зорлық – зомбылығын көріп өскен Сыпатай батыр саналы ғұмырын елінің азаттығы үшін күреске арнайды. Атқа қонып, қол жинап, күреске шығады. Салық жинап жүрген қоқан ханының жасауылдарын елден қуады. Міне, осы кезде оның ұйымдастырушылық қабілеті жарқырай көрініп, ерлік істерімен ел құрметіне бөленеді.
Тік мінезді Сыпатай батыр Кенесарыға: «Ұлы жүз елімді ескермедің, жасымның үлкендігін біліп, жөн сұрап қол бермедің», – десе, өзін тілдеген Наурызбай сұлтанға: «Төреде де төре бар, тө­бет итке пара-пар, біздерде туған бала бар, әке кегін ала алар – бас кесер яки жаралар» деп қаһарлы хандар­дан да қаймықпай сөйлеген өткір сөздері ел аузында сақталған.


Әдебиеттер:
Тарихи тұлғалар. / Құрастырушылар Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – Алматы: Алматыкітап, 2009 – 376 б.

Тамды қалашығы
Талас ауданы, Қаратау қаласының батыс шетінде, Тамды өзенінің оң жағасында орналасқан. 2010 жылы қалашық VІ–ХІІІ ғғ жататын жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Қалашық жобасында төртбұрышты келген көлемі 300х180 м болатын төбе ретінде сақталған. Ескерткіш 1941–2017 жылыдар аралығанда ғалымдар тарапынан әртүрлі бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Жан-жақты зертеулер нәтижесінде қаланың орталық және шауашылық бөліктерінің стратиграфиясы зерттеліп, оның қалыптасу тарихына, бекініс жүйесіне қатысты деректер алынды.
Ғалымдар қаланың атауын жазба деректердегі Берукет (Паракент) қаласымен баламалап жүр. Хутухчин мен Берукет қалалары Тараздың солтүстік-батысында орналасқан. Берукет Х ғ.бастап атала бастайды. ХІІІ ғасырдағы армян патшасы Гетум Тараздан шыққан соң, Хутухчин, Пергант арқылы өтіп, Сугулханға жүргендігін жазады. Хутухчин мен Берукет (Пергант), өз кезектерінде Майтөбе мен Тамды қалаларының орындарында болса керек деген болжам бар.
Қазақстандық археолог ғалымдар Тамды өзені жағасындағы Тамды қаласымен баламалайды.Әл-Мукадаси бұл қала туралы: «Барукет» үлкен қала. Барукет пен Баладж түркмендерге қарсы шекаралық бекіністер – деп сипаттайды.
Жазба деректерде аты кездесетін Тамды сөзін осы өңірде ғұмыр кешкен әулеиенің есімімен, бұлақ пен өзен атауымен байланыстыратын аңыз әңгімелер де көптеп кездеседі. Сондай аңыздардың бірінде Қожа Ахмет Иассауи Қаратау өңіріне келіп, тұрақтап жуынған жерінен бұлақтың көзі пайда болады. Мұны құдайдың құдіреті деп білген бір шәкірті сол бұлақтың басында қарауыл болып қалып қояды. Кейін осы бұлақ та, одан аққан өзен де әулиенің шәкіртінің атымен Тамды аталған деседі. Қазіргі таңда ескі қалашықа жақын жерде Тамды аталатын бұлақ пен әулиенің моласы бар. Жергілікті халық басына барып тәу етеді.
Өзен мен қала атауының ескі құжаттардан кездесуі жәнеғылыми жұмыстардың нәтижесі бойынша ІХ–ХІІІ ғғ. қаланың сәулетті құрлыстары жергілікті мұсылмандық үлгіде салынғандығы ел аузындағы аңыздар, жазба деректерде айтылған мәліметтерге жақын келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет