Абдолла Ишан мешіті


Әдебиеттер: Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы жəне ортағасырлық Қазақстан. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 198. Өтеген батыр кесенесі



бет46/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Әдебиеттер:
Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы жəне ортағасырлық Қазақстан. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 198.
Өтеген батыр кесенесі

Өтеген батыр (1699-1773) - жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры, шешен. Кесенесі Қордай ауданы, Өтеген ауылының солтүстік-шығысында 2 шақырым жерде, қорымның арасындағы төбеде орналасқан.


Мәліметтерге қарағанда, Өтеген Өтеғұлұлы қазіргі Қапшағай су қоймасының орнында, Шолақтау тау бөктеріндегі Шеңгелді деген жерде, Іле өзенінің жағасына жерленген. Қапшағай су электр станциясын салу барысында бұл жерді су басатын болғандықтан, батырдың сүйегін 1973 ж. онын ұрпақтары осы жерге әкеліп жерлеген. 1999 ж. батырдың туылғанына 300 ж. толуына орай оның сүйегі жерленген биік дөң басына жаңа кесене тұрғызылған.
Кесене тік бұрышты дәстүрлі порталды-күмбезді композиция темір-бетоннан тұтастай құйылып, ақ мәрмәр тақталармен қапталған. Ғимараттың бұрыштары, Қазақстанның кейбір аймақтарында кездесетін мемориалды құрылыстарға тән «төртқұлақ» кейпінде жасалған.
Өтеген Өтеғұлұлы 1699 ж. Шу алқабындағы Хан тауының оңтүстік шығысындағы Изенді деген жерде туған. Өтегеннің әкесі Өтеғұл қалмақ шабуылына қарсы күрескен батырлардың бірі.
Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан. 1723 ж. Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1470 ж. Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етуде көзге түскен батыр.
Ержүректік Өтегеннің туа біткен қасиеті болса, шешендікті, әділ билік айтуды ол бойына Төле биден дарытқан. Өзі батыр, әрі жиһангер, өткір тілді шешен болумен қатар өз замандастары арасында сәуегейлігімен, көріпкелдігімен әулие атанған адам.
Өтеген батырдың ой-өрісінен бөлек келбет, бітімі де халық жадында ерекше сақталған. Кең жауырынды, иықты, тік қабақты, қыр мұрынды, өр тұлғалы өткір, өжет адам болған. Дастан - жырларда, аңыз әңгімелерде айқасқан қос мүйізі бар, яғни нысаналы батыр екені айтылады. Шындығында Өтегеннің төбесінде тақия кисе көтеріп, бөрік кисе көрінбейтін сүйелі болғандығы ел аузында сақталған.


Әдебиеттер:
1.Тарихи тұлғалар. / Құрастырушылар Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – Алматы: «Алматыкітап», 2009 – 376 б.
2. Ысқақбай М. Мүйізді Өтеген. – Алматы, 1999. – 152б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет