Абдолла Ишан мешіті


Шаңлақты шайқасы өткен жер



бет54/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Шаңлақты шайқасы өткен жер

Жуалы ауданы, Қошқарата елдімекенінің оңтүстігінде, Ақтасты ауылының батысындағы Боралдай тауының етегіндегі беткейде 1730 ж. Шаңлақты шайқасы өткен жер саналады.


Шаңлақты шайқасы туралы мәліметті жазушы Мырзахан Ахметов «Жуалы» атты тарихи танымдық кітабында: «Қошқарата маңында қалмақтармен көп күндерге созылған шайқаста қазақ жауынгерлерінің жеңісімен аяқталғаны белгілі. Оған кейін Кантемировка атанып кеткен Шаңлақты ауылының өткені туралы халықтың аузындағы әңгімелер куә. Осы ұрыстың әйгілі Куликово шайқасынан бірде – бір кем болмағаны сонша, ат тұяғымен тапталған сол аймақта көп жылға дейін шөп шықпай қалған» - деп жазады.
Қазақ – қалмақ соғыстың жойқын болғандығы «Шаңлақты» - деген атауынан – ақ көрініп тұр. Бір өкініштісі тарихымызда осы Шаңлақты шайқасы туралы ешқандай тарихи мәліметтер кездеспейді. Тек қана ел аузындағы сақталып қалған ауызекі әңгімелер ғана бұл оқиға туралы там – тұмдап қана хабар береді.
Жазушы Еркінбек Тұрысов: «...Арада табандатқан алты жыл төрт ай өткенде, кешегі «ақтабан шұбырандының» азапты жолында жанкешті ұрыс жүргізіп, ел жұртын біржола құрып кетуден сақтап арыстанша айқасқан қазақ қосындары 1729 – шы тауық жылының жазында ата жаумен алыса жүріп, бүгінде жау табында қалған Балабөген, Қошқарата мекенінің шетіне де жеткен» - деп жазуына қарағанда, бұл Шаңлақты шайқасы осы Отан соғысында бетбұрыс жасалынған 1730 – шы ж. шамасында болған.
Осы қанды шайқастың куәсі ретінде Шаңлақты оқиғасы болған жерден осы уақытқа дейін кейбір қару – жарақтардың тат басқан, сынған қалдықтары табылып жатады. Қошқарата елдімекеніндегі Абай орта мектебінің өлкетану мұражайында, қалмақ және қазақ жауынгерлерінің сол жерден табылған жебелері бар.

Әдебиеттер:



  1. Ахмет М. Жері,суы дуалы- Жуалы. - Алматы: Тоғанай Т,1998, - 14б.

  2. Тұрысов Е. Бәйдібек. - Алматы: Нұрлы әлем, 1998, - 46б.

  3. Үсенов Б. Табиғат терезесі. - Алматы: Балауса, 1992. – 54б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет