Абдолла Ишан мешіті


Сапақ датқаның туған жері



бет48/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Сапақ датқаның туған жері

Сапақ Байшуақұлы (1833-1913) - айтулы шешен би әрі батыр. Сапақ датқа Әулиеатаның Талас, Аса өзендерінің бойын жайлаған ауылда туып өскен.


Әкесі Байшуақ пен оның арғы бабалары өз уақтысында елін, жерін сыртқы, ішкі жаудан қорғаған батыр, би болған. Сапақтың балалары Тойшыбек пен Жолшыбек те өз замандарында билігімен танымал болған екен. Сапақ би денелі, көрікті, келбетті кісі бопты.
Сапақ Әулиеата өңірінде беделі асқан абыройлы, атақты, ақылгөйі болған. Ал ел арасындағы естелік әңгімелерге қарағанда тек Әулиеата өңіріне ғана емес, Ташкент, Бұхар шаһарларындағы хандар мен бектерге, билерге тікелей қамқор да, ақылшы болған екен. Оған себеп те жоқ емес. Себебі, сол заманның бай, мырзалары: «Біз хан ордасына жақындағанда, ат-көлігімізді тастап жаяу барсақ, Сапақ би атымен барады. Біз ханға сый-сияпат беріп қайтсақ, Сапақ қажет болса ханның өзінен алып қайтады» - дейді екен. Сапақ датқа өнерпаз, әнші, күйшілермен де жиі кездесіп, сұхбаттасып, оларға да әрдайым қамқорлық жасаған.
Әулиеата өңірінде Сапақтың шешендігіне, тапқырлығына байланысты әңгімелер мен нақыл сөздер көптеп кездеседі.


Әдебиеттер

  1. Даланың дара ділмарлары.-Алматы: Қазақстан, 2001, - 592б.

Кентау (Саудакент) қалажұрты.

IX-XIV ғғ. жататын Кентау (Саудакент) қалажұрты - Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында, Саудакент ауылының оңтүстік бөлігінде, Шабақты өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ежелгі деректерде ол Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.) деген атпен белгілі.  1901 ж. В.А.Колосовский барлау жұмыстарын жүргізген. 1946 ж. Ә.Х.Марғұланның басшылығымен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Сол кезде цитадельдің солтүстік-шығыс бұрышына шурф салынған. Шурфта бөлме қирандысы, сырсыз керамиканың көптеген сынықтары, қой сүйектері мен алебастр сылақтың бөліктері табылды. 1947 ж. А.Н.Бернштамның жетекшлігімен Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. 1980 ж. К.Байбосынов бастаған Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы зерттеген. 2014 ж. «Археологиялық экспедиция» ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы зерттеп (А.Магзумов, Н.Ильдеряков), арнайы құралдардың көмегімен топографиялық жоспарын түсірді.


Қалажұрт жоғарғы жағы жайдақ, көлемі 230х160 м, биіктігі 6 м төбе түрінде сақталған. Жоғарғы алаңы айналдыра биіктігі 2 м топырақ жалмен қоршалған. 11 мұнараның орны байқалады. Алаңның солтүстік-шығыс бөлігінде цитадельдің қалдықтары бар. Цитадель пішіні шаршы тәріздес, жандарының ұзындығы 40 м, биіктігі 2 м.
Қалажұрттың барлық жерінде көтерме материал кездеседі. Материал Талас алқабына тән сырлы және сырсыз керамикадан тұрады. Қалажұрт айналасындағы территорияда тұрғын үйлер салынып кеткен, солтүстік-батыс жағында мазарат орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет