Абдолла Ишан мешіті



бет50/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Әдебиеттер.
Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана// Труды ИИАЭ АН КазССР. – 1958. – Т. 5. – Археология. – 114-б.
Қылышбек С. Тарихи мұралар мекені. – Тараз, 2005. – 85 б.
Тектұрмас кесенесі

Тараз қаласының шығысындағы Талас өзенінің оң жағалауында орын тепкен діни – сәулеттік кешеннің бірі – Тектұрмас кесенесі.


Кесене құрылысы төртбұрышты, алды порталды келіп, кесектен өрілген. Төбесі метал құрылымды күмбезбен жабылған. Тектұрмас кесенесі ХІV ғ. салынған. 
Кесенені ХІХ ғ. соңында В.А.Каллаур алғашқылардың бірі болып зерттеген. Уақыт өтк келе Әулиеата өңіріндегі саяси оқиғалар мен әскери шабуылдар кезінде толығымен қирап қалған. 1939-1940 жж. оның үйінділерін Г.И. Пацевич зерттейді. Кесененің түпнұсқасы ХІХ ғ. түсірілген суреттерін негізге ала отырып, ескерткіш 2002 ж. толығымен, қайта қалпына келтірілген.
Киелі жердің «Тектұрмас» аталуына байланысты бірнеше деректер бар. Соның бірі ретінде Тектұрмас бабаның азан шақырып қойған аты Сұлтан Махмұт екендігі айтылады. Оны өз дәуірінде хан сарайындағы бек қызметіне ұсынғанда, бас тартқан. Бектіктен бас тартқан соң, халық оны «Тектұрмас» деп атап кетеді. Сұлтан Махмұт тақуалық жолға түсіп, әулие атанады. Оның әулиелігіне көзі жеткен халық мазарының басына келіп, шырақ жағып, құрбандық шалып, тілек тілеген. Сұлтан Махмұтты ХІV ғ. құрылған Моғолстанның ханы деп көрсететін деректер де кездеседі.
Келесі бір аңызда Тектұрмас Х-ХІ ғғ. өмір сүріп, жаужүрек қолбасшы әрі бір ерекшелігі – ес білгеннен дін жолын берік ұстанып, Әулиеата өңірінде ислам руханиятының таралуына үлкен үлес қосқан дейді.
Бізге жеткен екінші аңыз бойынша Тектұрмас әулие Ұлы жібек жолы ның торабында жатыр. Көне замандарда осы жер сауда керуендері өтетін жер болған. Бір қызығы керуен жолаушылары осы жерден өткен кезде, тылсым күш пайда болып, керуен тоқтап қалатын болған. Тек қана құран оқытып, дұға бағыштағаннан соң ғана керуен жолын жалғастыра алатын болған.
Ғалым Ж. Дәдебаев Тектұрмасқа қатысты ел аузындағы әңгімелерге сүйеніп: «Тектұрмас Әулие Қарахан тұсында әскербасы, жасауылбасы болып қызмет атқарған. Ол өз қызметін атқаруға шыққанда, қара жолдың үстіндегі жолаушы, керуен біткен түгел тексеруден өтеді екен. Көңіліне жақпаған жүргіншілерді жазалап, оларға шара қолданыпты. Жолаушы жұртты да, тұрғылықты елді де үнемі тексеріп, халыққа да тыныштық бермей, өзі де тыным алмай жүретіндіктен, көпшілік оны Тектұрмас деп атап кеткен» - деген анықтама береді.
Қазіргі таңда кешеннің басына қызмет көрсету орындары ашылып, туристік нысанға айналған. Көпшілік кесенені қасиетті санап, басына келіп дұға, тілек тілейді.


Әдебиеттер:
1.Ошанов О. Тараз - Жібек жолының інжу-маржаны. Тараз - Жемчужина Шелкового пути. Taraz -Рearl of the Silk Road. – Алматы: Таймас, 2014. – 296б.
2. Дәдебаев Ж. Тараз өлкесі: монографиялық пайымдаулар, ойлар мен толғаныстар. – Алматы: «Дәуір», 2013. – 2436.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет