Абдолла Ишан мешіті



бет53/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Шал тауы.
Қырғыз Алатауының тау сілемдері аймағында Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылынан 60 шақырым, ал Құмарық ауылынан 22 шақырым жерде Шал тауы шатқалы орналасқан.
Шал тауы табиғи кешенінің теңіз деңгейінен 2800 м биіктіктегі тау аңғарына құпиясы бол «Көк көл» орналасқан.
Оның аумағы қозы жайылым жерді алып жатыр. Шал тауының өзінде бірнеше атпен аталатын таулар, тарихи орындар бар. Олардың қатарында: «Мәлкен», «Сазды», «Талды», «Шайхы атаның қуысы», «Сатай», «Ақбұлақ», «Үйтас» т.б атаулар баршылық.
Аңызға қарағанда шал баба үйсін дәуірінде биік құзды мекендеп, құстың тілін, киіктің үнін, таутекенің сырын білген екен және өте желаяқ, ұшқыр, құралайды көзге атқан мерген болған делінеді. Құланды құрықтап, бұғыны бұғаулап мінген деген аңыз бар. Аю, жолбарыс, қабылан, таутеке Шал бабаның сыйқырлы даусына елітіп селт етпей тұрып қалады екен. Өзі әулие, көрікпел, табиғаттың тылсым құпиясын құдыретімен сезіп отыратын болған.
Ел аузында «Шал тауы» аталуына байланысты аңыз бар. Таудың биік шың – құздарында бүгінгі күнге дейін, жартас бетіне таң қылаң бере, күн ұясынан шыққанда көрінетін әулие «Шал бабаның» сұлбасы көрінеді екен.
Шал тау атанған Алатаудың ең биік басы қарлы, құзар шың. Қуаңшылық кезде ел-жұрт Аллаға жалбарынып құдайы тамақ берсе Шал тауының басына бұлт үйіріледі екен. Артынша нөсерлетіп жаңбыр жауып, Жер Ана нәр алып, шаруаның мандайы жазылып, қуанышқа бөленетін болған.
Шамансұр мазары XІІІ ғ.
XІІІ ғ. жататын Шамансұр мазары Тараз қаласының орталық бөлігінде, ортағасырлық бейіт аумағында орын тепкен діни-ескерткіштер кешенінің құрамына кіреді. Бейіт бұрынғы әскери бекіністің батысында, Түйте каналының сол жағасында орналасқан.
Қазір кешен «Көне Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы аумағына кіреді. Мазар бізге дейін сирек сақталып жеткен орта ғасыр дәуіріндегі, аймақтық сәулет өнеріне жатады. Ескерткіш ғылыми әдебиетте кең насихатталған, ХІХ ғ. тарихшылар, өнертанушылар, сәулетшілер бірнеше рет зерттеген.
Шағын әшекейлі есігі бар күмбезді орын дәстүрлі центракалық композициядан тұрады, күйдірген кірпіштен салынған, қабырғалары тұйық. Терең сүйір қуыстары бар, бас кіре берісі аласа күмбезді. Мазардың есік жақтаулары ғана өрнектелген және іші крест формалы, қабырғасында қуыстары бар. Құрылыс орны алғаш ашық төрт қақпасы бар киоск, іс жүзінде бата оқу орны болғанын аңғартады. Бөлме ортасында үш сатылы қабір басына қойылған тас тұр, оған араб әрпімен: «Бұл Ильяс оғул бек шахин-шах баласы Балық Бөлге-Ұлықбек Икбал хан Дәуітбек Исфахсалардың моласы, 1262ж. 8-наурызда жұмаға қараған түнде көз жұмды» деп жазылған. Жазуды 1893 ж. В.В.Бартольд, ал 1939 ж. А. Беленицкий танып, оқыды. Тасқа басылған таңба бұл адамның ХІІ ғ. ірі әскери қолбасшысы болғанын айғақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет