Абдолла Ишан мешіті


«Ерлік» мемориалдық кешені



бет18/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

«Ерлік» мемориалдық кешені.

«Ерлік» мемориалдық кешені Тараз қаласындағы І.Жансүгіров көшесінің бойында, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан.


Мемориалды кешен­нің кіреберісіне мәрмәрдан сәні мен салтанаты жарасқан екі аркалы арнайы қақпа орнатылған. «Ерлік» мемориалдық кешені осы қақпадан басталады. «Ерлік» мемориалды саябақтың ажарын ашқан ажырамас бір бөлігі. Кешенге кіреберісте «1941-1945» деген жазу жазылған.
Соғыс жылдарын суреттеген жазулар биіктігі 50 сантиметрлік танкке қарсы темірден жасалған қалқанға жазылған. Ені – 4 м. 20 миллиметрі гранит плиталары­нан жасалған. Түбі монолит бетонмен бекемделген.
Мұндағы әр сәулеттік ескерткіш асқан шеберлік­пен, дәлдікпен һәм ыждаһаттылықпен жоспарланған. Бірін-бірі толық­тырып тұратындай үйлесім тапқан. Бұған дейін қаланың әр бұрышында шашы­раңқы орналасқан Жеңіс символдары бір кешенге тоғысты.
Сол ескерткіштердің бірі отты жылдар шежіресінің басты көрінісі – «Мәңгілік алау» кешенінің қақ ортасынан орын алды. Енді бұл алаңға батырлардың ұрпақтары әр сәт сайын келіп, тағзым етіп, гүл шоғын қойып, еске алатын орынға айналды.
Кешенді аралаған сайын сәулеттік композиция шарықтау шегіне шыға береді. «Ерлік» мемориалды кешенінің басты символы – саябақтың қақ ортасында орналасқан батыр Баукеңнің ескерткіші. Жауынгерлердің рухани тірегіне айналған даңқты жерлесіміз Б.Момышұлының еңселі тас мүсіні биік тұғырға қойылған.
Ескерткіштің қос қанатында екі бөлік­тен тұратын «Батырлар аллеясы» қапталдаса орналасқан. Монументтің қабырғалары сәл майыса иіліп, алтын жалатылған түстей ерекше көрініс беріп тұр. Ал қабырғалардың ортасы «Қызыл жұлдыз» ордені пішінінде Кеңес Одағы Батырларына берілген. Биіктігі – жерден санағанда 3 м. Көлденеңі 5 м. асады. Әр бағананың ортасына батырлардың есімдері қашалып жазылған. Жан-жағында – майдан­гердің есімдері қашалып жазылған мәрмәр қабырғалар бар. Жамбыл облысынан майданға аттанған 100 мыңнан аса жауынгердің есімдері жазылған.
Бұған дейін 60 мыңдай ғана жауынгердің есімі белгілі болса, облыстық әкімдіктің арнайы комиссиясы майдангерлердің бүгінгі ұрпақтарына хабар беріп, қайта жинақтау жұмыстарын жасады. Нәти­жесінде, 6 колоннаға 105 мыңнан аса азаматтың аты-жөні жазылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет