Абдолла Ишан мешіті



бет21/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Әбдіқадыр мешіті

Әбдіқадір мешіті Тараз қаласы, Абай көшесінің 5-құрылысында орналасқан XX ғ. басына тән сәулет өнері ескерткіші.


Мешіт Әбдікадыр атты кісінің каржысына салынған. XX ғасырдың 20 –ж. бұзылып, алдынғы беті мен азаншы мұнарасы ғана қалған. Ескерткіш 1975-80 жж. жөндеуден өткен. Тұйық периметр аумағында тұрғын үй мешіттің намаз орны және шаруашылық-тұрмыстық орындары бар. Қазіргі уақытта мешіт аумағында жаңа медресе ғимараты салынды.
Әбдіқадыр мешіті Орта Азияның осы тектес құрылыстары үлгісінде салынған. Алдыңғы қабырғанын дәл ортасында жебе тәрізді аркалы терең ойық жасалып, екі жағында сүйірлене шыққан жіңішке мұнара тұрғызылған. Күмбезбен жабылған азаншы мұнарасында карама-карсы 6 терезе бар. Мешіт күйдірілген кірпіштен қаланған.
1990 ж. кіре беріс есігі қайта қалпына келтіріліп, екі жақ жақтауы өрнекпен қашалған.


Әбілқайыр даласындағы «Сұмқайтты» ұмытылмас орны

Әбілқайыр даласындағы «Сұмқайтты» деп аталатын жазықты алқап Т. Рысқұлов ауданының орталығы Құлан аулынан солтүстік - батысқа қарай 45 шақырым жерде орналасқан.


1728 – 1730 жж. тарихымызда біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі шайқастардың бірі болған «Сұмқайтты» даласын алғаш 1926 ж. жол құрылысының инженері және тарихшы М.Тынышбаев Шу – Талас өзендерінің аралығында зерттеу жүргізу барысында анықтаған.
1997 ж. бұл жерді халық жазушысы Ә.Кекілбаев мұқият зерделеп, нәтижесінде «Үркер» романын жазып, Әбілқайырдың жаңаша тарихи образын ашса, тарихшы-ғалым М.Қозыбаев бастаған ғылыми экспедиция шайқас болған жерді жан-жақты зерттеген. Археологиялық зерттеулер барысында сарбаздардың қару-жарағы, ер-тұрман саймандары көптеп табылған. 
1720 ж. соңында Әбілқайыр осы жерде болған жоңғарларға қарсы соғыста қазақ жасақтарын басқарған және өзенге жақын қалың бұталы, шөбі шүйгін жерді таңдап тұрақтаған.
Кіші жүздің ханы Әбілқайыр бастаған үш жүздің жасақтары жоңғарларға қарсы қиян-кескі соғыс жүргізген. Кішігірім өзеннің көне арнасының маңында болған қан төгіс ұрыста қазақ батырлары жоңғарлардың шабуылына тойтарыс беріп қана қоймай, оларды өз жеріне қарай қайтуына мәжбүр етті. Ұрыс болған жер ел аузында «Сұмқайтты» яғни қатыгез жаудың беті қайтты деп атала бастады.
Бұл туралы Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» романының «Жанталас» деген бөлімінде: «Үш жүздің әскері жауымен алғашқы рет Балқаш көлінің күнгейіндегі Алакөлдің тұсындағы Хан тауы деген жерде кездесті. Үлкен Орда ханы Болат пен бар қазақ әскерін басқарған Кіші жүздің ханы Әбілқайыр үлкен жеңіске жетті. Шұно-Дабо басқарған қалың жоңғар жеңіліп, Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашты. Бұл жеңісті қазақ жұрты артынан, жоңғарлар аңыраған «Аңырақай» жеңісі деп атады. Алакөл жағасындағы ұрыс болған жерде қырқа, белес, асуларға «Әбілқайыр», «Сұмқайтты» болып өзгерген ат қойды» - деп сипаттаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет