Абдолла Ишан мешіті


Есепші ата (Әлібек Бұғыбайұлы) мазары



бет20/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Есепші ата (Әлібек Бұғыбайұлы) мазары
Ел арасында «Есепші ата» аталып кеткен кесене Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылынан 10 шақырым жердегі таудың етегінде орналасқан. Кесене ақ кірпіштен өріліп, қоршалған. Күмбезі биік, кіре берісіндегі ақ іргетастың ортасындағы мәрмәр тасқа қашалып Есепші атаның өмір сүрген уақыты, жазылған.
Жастайынан ерекше дарындылығымен, көрікпелділігімен елге танылған «Есепші атаның» шын есімі Әлібек Бұғыбайұлы (1816 – 1900) - Көкдөнен ауылында тұрған екен.
Ел ішінде ол кісіге байланысты аңыздар өте көп. Бірде: үйінің жанындағы төбеге қарғалар келіп қонып қарқылдап жатады. Сонда сол маңдағы жұртшылыққа, «Ана қарғалардың айтысын қараңдар! Бір байдың жүйрік атының табанына қан ұйып өліпті, сол көк тұлпарының көз майын жедік деп отыр» - деген екен. Ауыл адамдары біраз күн өткеннен кейін байдың тұлпарының табанына қан ұйып өлгенін естиді. Алыс ауылдағы осы оқиғаларды біліп отыратын қасиеті болған.
Аңыз бойынша Есепші атаның жылқысын біреу ұрлап әкетіпті. Қатарлары өзің сәуегейсің, бірақ жылқыңды кім ұрлағанын білмейсің деп қайраған. Сонда ол өзінің жылқысын ұрлаған үйге барыпты. Халық «Әулие Бала Есепші» келді деп шуылдап кетіпті. Бірақ ол кісі бұл үйден еш жылқы дауламаған. Үй иесі оның неге келгенін түсініп, ат-тон айыбын берген екен.
Есепші ата жайлауы «Үмбет» құмында 84 жасында қайтыс болар шағында үш күн ауырып, балаларына: «Егер мен алай-бұлай болып кетсем Әбілқайыр даласына апарып жерлеңдер» дейді. Ағайындары 100 шақырымдық Әбілқайыр даласына бара жатқанда қалың тұман түсіп, Көгершін сайының аузына жерлеген екен. Сонда бір сәуегей кісі егер айтқан жеріне жерлегенімізде, ұрпақтарының біріне ол кісінің аруақты данагөйлігі қонатын еді,- дегенді айтыпты.
Бірде, халық таудан құмға көшер алдында, Есепші атаның алдына жапырақ ұшып келіп, сол жапыраққа қарап тұрып «биыл құмға көшпеңдер, ол жақта ауа райы шаруаға қолайсыз болады» деп болжаған. Тауда қалғандар шаруасы өрге басып, құмға көшкендер жұтқа ұшырап таяғын сүйретіп оралған дейді. Аңыздар бойынша, Есепші ата жортқан аң, ұшқан құстың тілін білген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет