Абдолла Ишан мешіті


Жамбыл Жабаевтың туған жері



бет24/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Жамбыл Жабаевтың туған жері
Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері Мойынқұм ауданының солтүстігіндегі Жамбыл тауы. Қазақ хандығының туы тігілген ескерткіш нысандарының қатарында, Қозыбасымен қоса аталып жүрген, Жамбыл тауы мен Хантау осы өңіріндегі тарихи мекендердің бірі.
Жамбыл Жабаев 1846 ж. ақпан айының бір боранды күні дүниеге келген. Бұл туралы ақынның өзі «Менің өмірім» атты өлеңінде, жырлап кеткен.
Əкесі Ыстыбайұлы Жапа шаруа адамы болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі болған. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан ақылман адам ретінде де танылған. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, туыстарының арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, əдемі дауысты əнші болған.
Жамбыл жасынан халықтың төл өнеріне ден қойып, ақындық, жыршылық өнер жолына түседі. Қазақтың ақиық ақыны Сүйінбай Аронұлы бала Жамбылдың алғашқы аяқ алысынан-ақ, оның дарындылығын аңғарып батасын берген.
Жамбыл ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. алғашқы жартысындағы қоғамдық өзгерістерді өз шығармашылығына арқау етіп, жыраулық дəстүрді жалғастырып, қазақтың ақындық өнерін жаңашылдықпен дамытты. Ақын жырлары – ұлт-азаттығын асқақтатқан рухқа толы, болмысы бөлек дүниелер. Туған жер, туған елді ардақ тұтқан дана жырау шығармашылығының үлкен бір саласы – эпикалық жанрдағы дастандары.
Жамбыл Жабаевтың туған жерін жаудан қорғаған Өтеген, Сұраншы, Саурық сынды батырлар жайлы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен аңыздар негізіндегі дастандары мен шығармалары əлемнің 40 астам тілінде аударылып, халықтың даңқын шығаратын ел перзенті, ел ақсақалы, абызы атанды.
Бүгінде ақынның туған жеріне жақын жерде, Мойынқұм ауданындағы Жамбыл ауылының шетіне ескерткіш белгі орнатылған.

Жетітөбе қорымы
Қазақ даласында Жетітөбе аталатын елді мекен, төбе атаулары жиі кездеседі. Олардың әрқайсы қандайда бір тарихи оқиғалармен сабақтас.
Жамбыл өңіріндегі ерте темір дәуіріне жататын Жетітөбе археологиялық ескерткіші Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде, тауалды жазықта орналасқан.
Жетітөбе қорымы облыстық жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне, 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.
Қорым екі қатар тізбекте орналасқан обалар тобынан құралған. Шығыс жағындағы тізбекте көлемдері ірі келген жеті оба орналасқан. Ескерткіштің атауыда осы обаларға байланысты аталып кеткен.
Қорымда ХІХ ғ. орта шенінен бастап әр жылдарда ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, алтын және басқа да металдан жасалған әшекей қалдықтары мен бөлшектері табылған. Жәдігерлер сақтардың «аң стилі» деп аталған өзінше бір ерекше үлгідегі өнер туындыларына тән.
Қорымнан табылған алтын бұйым қалдықтары мен ондағы қайталанбас әшекейлер сақ дәуіріндегі металл өңдеудің жоғарғы дәрежеде дамығандығын көрсетеді. Ал осы бұйымдарда көрініс тапқан өрнектердің мазмұны олардың дүниетанымын аңғартады.
Сақ заманында кен ісі мен руда шикізатын өңдеу өткен дәуірмен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Одақты сақ көсемдерінің кеңесі сайлаған патшалар билейді. Тайпа көсемдерін тайпа мүшелері сайлаған. «Патшалар қорымы» саналатын обаларда сақ билеушілері жерленгендігі олардың алтынмен апталған киімдері мен билік нышандары арқылы белгілі болып отыр.
Сақ қоғамында діни нанымдары мен ғұрыптарының негізгі атрибуттары ата-баба аруағына сиыну болды. Арнайы рулық қорымдары болған, оған өлген адаммен қоса, оның дүние-мүлкін қоса жерлеген. Рулық қорымдар қыстаулар мен тұрақтарының маңында болған. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілі болса да, осы жерге жеткізіліп жерленетін болған.
Жетітөбе қорымы да осындай сақ дәуірінен жеткен тарихи маңызы жоғары ескерткіш кешені болып табылады. Ерте көшпелілер заманындағы өлілер мекені ретінде орныққан қасиетті орындардың бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет