Абдрахманова қ. Ж



бет116/194
Дата07.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#84191
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   194
Байланысты:
Кәсиби 9360

3- сұхбат.



Жағдаяттық тапсырма
Сіз компанияның менеджерісіз. Сіздің компанияңызға жақсы қаржыгер керек. Бос жұмыс орны туралы ақпаратты сайтқа
қойдыңыз. Талабы шет тілін білу, жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек. Алайда адамдарды сынағыңыз келді. Үміткерлердің білімін, шыдамдылығын, ұстамдылығын қалай тексересіз?
1-студент. Сіз үміткерсіз. Сізді компанияда суық қабылдады. Сізбен сұхбат жүргізуші адам жұмыста жоқ болып шықты.



.


.
.

РӨЛДІК ОЙЫН


  1. Сұхбатты толықтырыңыз.

–Қайырлы күн, өзіңізді таныстырыңыз.
–Сәлеметсіз бе, менің атым ….. Мен сіздерде маркетологтың бос … … бар екенін білдім.
–Иә, біз интернетке хабарландыру бергенбіз. Өзіңіздің туралы
айтып беріңізші.
–Мен Т. Рысқұлов атындағы экономикалық университетті бітіргенмін.
–Мамандығыңыз бойынша жұмыс тәжірибеңіз бар ма?
–Иә, «Кең дала»компаниясында жұмыс сітедім.
–Ал біздің компанияда не үшін келеді?
–«Жер-су» компаниясы отандық өнімдер шығара бастады. Мен өз Отанымның өндірісін және экономикасын дамытуға өз үлесімді қосқым келеді. Сондықтан осындай шешім қабылдадым.
–Сіз шет тілдерін жақсы білесіз бе?
–Қазақ, ағылшын, түрік тілдерін білемін.
–Кеңсе техникасын жақсы білесіз бе?
–Иә, әрине, компьютер, көшірме аппаратымен жақсы жұмыс істей аламын.
Сіздің жұмысыңыз іссапармен байланысты болады. Сіз бұған қалай қарайсыз? – Жақсы.



    1. Мәтіндегі қарамен жазылған тірек сөздермен сөйлем құрыңыз .

Бастық пен оның қарамағындағы адамның қарым-қатынасы:
Әрқашан да қарамағындағы қызметкерлер үшін бастықтың оң үлгі-өнегесі қажет. Егер бастық беделді және сыйлы болса, қарамағындағы қызметкерлер оған ұқсауға, оның жұмыс әдістерін, мінез-құлық әдеттерін, сөйлеу ырғағын өзіне қабылдауға тырысады.
Қарамағындағы қызметкер бастықтың тарапынан ілтипат пен сыйластықты сезінуі қажет. Егер қарамағындағы қызметкердің пікірі қате болса, оны дәлелді және әдептілікпен айту қажет.
Қарамағындағы қызметкерге жолдастарының, әсіресе, бөгде адамдардың алдында ұрсуға болмайды. Жасалған теріс қылыққа байланысты қарамағындағы қызметкерге кез-келген ескерту оның ар-намысына тигізбей жеткізілуі керек.
Басшы қарамағындағы қызметкерлерімен қарым-қатынаста өзін бірқалыпты ұстауы қажет, кез-келген жағдайда сабырлылығын жоймауы тиіс. Объективті және әділ болуы керек, біржақтылыққа жол бермеуі және өзін сыпайы және әдепті ұстауы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет