Абдрахманова қ. Ж



бет60/194
Дата07.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#84191
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   194
Байланысты:
Кәсиби 9360

ОЙТОЛҒАУ


  1. Тіл не деді? Ол неге бұлай сөйледі?Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңіз. Пікір алысыңыз.

ТІЛ: «Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларымның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды қосты, былдырлатып орысты араластырды. Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Оның үстіне қазақ тілі - мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке екі елі жетпеді. Бірақ, не керегі бар, босқа қуанған екенмін...» деп тебіреніпті Міржақып Дулатов



  1. Мәтіннің сөз қисындылығы талаптарына сай немесе қайшы жазылғанын дәлелдеңіз.

Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе баласының тілі удай ащы, есерсоқ, қатігез атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең , мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бала тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам ешкіммен ұрсыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр»
Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде тауысыпты.
Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне, өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ
,балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да, олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине , бұл күндерің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол» дейді.



  • Бұл әңгімеден қандай ғибрат алдыңыз?

  • Әкесі неге қарапайым талап қойды?

  • Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?

  • Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?

  • Осы баланың орнында болсаңыз не істер едіңіз?




  1. Сөздердің тыныс белгілерін қойып, 3 түрлі тонмен айту мүмкін/мүмкін еместігін анықтаңыз. Және олардың қандай жағдайда, контексте қолданылатынын жазыңыз.



Мысал

Сабырға шақыру
мағынасында

Сыпайылық білдіру
мақсатында

Бұйыру мағынасында

Сәкен Сәрсенұлы, мен бұған
келісе алмаймын .










Келіссөздер қашан басталды?










Бізге біраз уақыт беріңіз.










Қолдаса жақсы.










Мен келісе алмаймын.










Сенімдеріңізге көп рақмет!










Біз сіздерден күтпеп едік.










Бір-екі күн күте тұруыңызды
сұраймын.










Иә, мен сізді тыңдап тұрмын.










Өтінемін отырыңыз!













  1. Сөздерді түрлі тонмен қандай контексте және қандай мақсатта қолданатыныңызды айтыңыз.

  1. Маған сеніңіз (өтініп, сеніммен, кекесінмен, сұрап)

  2. Серіктестігіміз жемісті болатынына сенемін! (қуанып, қуланып, сызданып айтыңыз)

  3. Сөзіңізге қалай сенуге болады?! (ашумен, ренжіп)

  4. Құттықтаймын! (қуанып, ұстамдылықпен, кекесінмен)

  5. Сіздердің компанияларыңызды білеміз (білгішсініп, сенімсіздікпен, сеніммен).

  6. Бұл біздің кінәміз емес. (ашумен, сабырмен, ақталып)

  7. Иә, айыптымыз . (кешіріммен, ашумен, өкінішпен).

  8. Сене алар емеспін .(таң қалып, ашумен, өкінішпен).

  9. Бәке, сабыр етіңіз .(сабырмен, бұйырып, жанашырлықпен)

  10. Сәке (ескертіп, қаратып, ашумен, сұрап, қуланып, кекесінмен)

  11. Сәкен Сәрсенұлы! (таң қалып, сұрап, сүйсініп, кекесінмен, бұйырып, қаратып, қуланып)

  1. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтіннен жаңа сөздерді(экономикалық) жазып алыңыз. Мазмұнын айтыңыз. Негізгі тірек сөйлемдерді жазыңыз.

Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болған.
Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел – Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды», — деген сөз.
Алғаш рет бухгалтерлік есеп термині ХV ғасырда Австрияда пайда болды. Бухгалтерлік есеп саласы өзінің бастауын ХІІ ғасырдан алады. Бұл ғылым туралы түсінік шамамен 1340 жылдары Генуя қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есептің негізін қалаушы және дамытушы француз монахы Лука Паччоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493жылы «Шоттар және жазулар» трактатын жазды.
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістер бойынша есептейтін, өлшейтін, өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол – кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт- бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлайды.
Бүгінгі таңда бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандары барынша білімді болуы керек. Осыдан да болар, ғалым Дж, Мэйдің «Бухгалтерлік есеп эрасы басталды»,—деп айтуы тегін емес.

    • «Бухгалтерлік есеп» термині қашан пайда болды?

    • Бухгалтерлік есептің негізін қалаушы және дамытушы кім?

    • Бухгалтерлік есеп туралы алғашқы трактат қалай аталады?

    • Бухгалтерлік есеп туралы тұңғыш жазылған еңбекті атаңыз. Бухгалтерлік есеп дегеніміз не?




  1. Берілген анықтамалардың ішінен артық екеуін табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет