7
Ақпараттық құзыреттілік – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы
міндеттерді
шешуде
ақпараттық-коммуникациялық
технологияның
мүмкіндіктерін
жан-жақты
қолдану
қабілеті.
Ғылыми
әдебиеттерде
«
ақпараттық құзыреттілік»
, «
компьютерлік құзыреттілік
» ұғымдары жиі
кездеседі. Осылайша, зерттеу тақырыбының өзектілігі мұғалімнің артистизмі
кәсіби құзіреттілікті қалыптастырушы құрал ретінде жетілдіру қажеттілігімен
байланысты. Жұмыс спецификасын қарастыруға кіріспес бұрын, біз ең бірінші
С.И. Архангельский, О.А. Абдуллина, Г.П. Афанасьева, А.А. Аронов, Е.П.
Белозерцев, Е.В. Вострилов, А.А. Деркач, З.Ф. Ессарева, Г.А. Засобина, Н.В.
Кузьмина, Н.Д. Никандров, М.И. Рожков, В.А. Сластенин, Л.Ф. Спирин
еңбектеріне сүйендік. Мамандарды кәсіби даярлау, олардың кәсіби сапаларын
қалыптастыру мәселесі Л.Г. Арчажникова, Н.К. Бакланова, В.А. Караковский,
А.Г. Кирпичник, Б.В. Успенский, Н.В. Кузьмина, П.А. Черватюк, В.И.
Черниченко жұмыстарында зерделенген.
Қазіргі уақытта мектеп тәжірибесі мен мұғалімдердің педагогикалық
артистизм жағынан дайындық деңгейі арасындағы сәйкеспеушіліктер пайда
болды. Педагогикалық артистизмді дамыту шарттары мен мұғалімді арнайы
дайындау зерттеу мәселесін құрайды. Аталған мәселенің өзектілігіне, оның
ғылыми-теоретикалық және тәжірибелік талдамасының аздығына байланысты,
біз зерттеу тақырыбын анықтадық–«Педагогикалық артистизм мұғалімнің
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру құралы».
Достарыңызбен бөлісу: