Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет31/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз

 


71 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Сонымен, педагогикалық артистизм – бұл педагогикалық үдеріс 
шарттарында органикалық өмір сүруге қабілеттілігі, бұл мұғалімнің балаға өз 
ойы мен сезімін тереңірек жеткізе алуға мүмкіндік беретін тұлғалық 
қасиеттердің күрделі синтезі, бұл тұлғаның еркін өзін-өзі көрсете білу қабілеті. 
Ғылыми әдебиеттерді талдай келе, педагогикадағы қолданыстағы 
артистизм деп келесі ұғымдар келтіріледі:біріншіден, педагогтың тұлғалық 
сапалары-жаңа түрге ауысу, сүйкімділік, икемділік, экспрессия қабілеті, жест 
пен интонацияның байлығы, айтушының таланты, өзгелерге ұнау қабілеті, 
бейнелік ойлау. Бұл жерде психика ерекшеліктері мен жүйке жүйесінің типі 
маңызды. Екіншіден, педагогикалық артистизм оқыту амалдары мен 
техникалар жиынтығын қосады. Үшіншіден, бұл педагогикалық іс-әрекетті 
шығармашылық үдеріс ретінде қарастыратын концепция. Педагогикалық 
қарым-қатынас кезінде педагог артистизмі келесі қызметтерді атқарады: 
1.
Мотивациялық қызмет–білім берудің танымдық мотивациясын 
көтереді, білімді эмоционалды қабылдаумен байланыстыруға мүмкіндік береді. 
2.
Мобилизациялық қызмет–педагогтың өзіне сенімділігі мен сергектігі 
студенттердің іс-әрекет сәттілігіне сенімділігін арттырады. 
3.
Аттрактивті қызмет–мұғалімге өзін тұлға ретінде қабылдауына көмек 
көрсетеді. Бірінші әсер эффектісі жағымды немесе жағымсыз мұғалім ретінде 
оқушыда ой қалыптастырады. Педагогтың жарқын тұлғалық көріністері 
оқушыға жағымды әсер тудырады.
4.
Фасилитаторлық қызмет–мұғалім және тыңдаушы арасындағы өзара 
қатынасты жеңілдетеді, өзге мәдениетке, ой-пікірге түсінісушілікпен қарауға, 
сабырлық танытуға ықпал жасайды, сол арқылы оқушылардағы қорқыныш 
сезімі басылады, кез келген уақытта педагогке жүгіне алады. 
5.
Ынталандырушы қызмет–педагогтың шығармашылық өзін-өзі сезінуі 
мен білім алушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру. Оның 
нәтижесінде эмоционалды қанағаттандырылу туындайды. 
6.
Синтетикалық қызмет–өзара ынтымақтастық, өзара шығармашылық, 
өзара пікір-талас атмосферасы. Бірлескен қызмет жасау арқылы студент пен 
педагог бір-бірін толықтыруға ұмтылады. 
Педагогикалық артистизмді дамыту үшін сыртқы және ішкі деп бөлуге 
болатын сәйкесті шарттар қажет. Сыртқы шарттар: 
1.
Мемлекет деңгейінде жүзеге асатын қоғамдық шарттар. 
2.
Педагогикалық кадрлар квалификациясын көтеру мен кәсіби дайындау 
деңгейіндегі іс-әрекеттің кәсіби-білімдік шарттары. 
3.
Білім беру мекемелері деңгейінде қызмет ететін іс-әрекеттік шарттар. 
Педагогикалық артистизмнің сәтті дамуының ішкі шарттарына келесі 
факторлар кіреді: 
1.
Тұлғаның нақты психофизиологиялық ерекшеліктері (жоғары жүйке 
жүйесінің қызмет типі, мінездің индивидуалды қырлары және т.б.). 


72 
2.
Тұлғаның жоғары мәдени және әлеуметтік-рухани деңгейі, педагогтың 
ішкі тәжірибесі. 
3.
Тұлғаның кәсіби бағыттылығы, өз еңбегінің мақсаттарына ұмтылысы. 
Педагогикалық артистизм негіздеріне үйрету үшін сатылы тұғырды 
қолдану керек. Біздің модельге сәйкес үйрету сатылары: 
Бірінші саты:
педагогикалық артистизмнің негізгі ерекшеліктерін, 
педагогикалық техника және шеберліктің компоненті–театралды педагогика 
элементтерін меңгеру. Теотерикалық ақпаратты меңгеру үшін шығармашылық 
ізденіске итермелейтін эвристикалық әдісті қолданған дұрыс. Осы арқылы 
шығармашылық іс-әрекет, ойлардың генерациясы, шығармашылық қиял, 
шығармашылық рефлексия және т.б. дамиды. 
Екінші саты:
педагогикалық шынайылық негізінде құрастырылған түрлі 
тапсырмаларды меңгеру жүреді. Сонымен қоса, педагогикалық іс-әрекетке 
бейімделген театралды педагогика саласынан да тапсырмаларды орындау 
жүреді. Меңгерілген білім, білік, дағдыны жұмыста қолдануға үйрету үшін 
әдістемелер оқытылады. Педагогқа қажетті коммуникативті және әртістілік 
сапалар дамиды. Бұл сатыда тәжірибе жүзінде адам педагогикалық жағдайларда 
өзін байқап көрумен сипатталады. 
Үшінші саты:
іс-әрекет шығармашылық түрде өтеді. Тапсырманы 
орындау барысында, оларды өздігінен, жағдайға сай келетін импровизация 
және артистизм элементтері арқылы шешеді. 
Сонымен, біздің зерттеуімізге қажетті әдебиеттер көлемін талдай келе, 
жұмыстың басында қойылған міндеттеріміз мен мақсатымызға қол жеткіздік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет