61
Екінші саты бойынша білім алушылар түрлі тапсырмаларды орындау,
педагогикалық ситуациялардан шығу жолдары, келеңсіз мәселелерді шешу
амалдары, театралды педагогика саласынан тапсырмаларды орындау сияқты
шығармашылық жұмыстар жүрді. Мұғалімнің білім, білік, дағдыны қолдану
тұстары талқыланды. Бұл жұмыстар барлығы 3 сағаттан тұрды.
Үшінші
саты
бойынша
білім
алушыларға
тапсырмаларды
импровизациялық жолмен шешу, іскерлік ойындар мен тренингтерден тұрды.
Барлығы 3 сағат.
Болашақ мұғалімдерге арналған дәрістерді дипломның қосымша
бөлімінде көрсетілген. Дәріс соңында өзін тексеруге арналған сұрақтар мен
тапсырмалар кірді. Мысалы:
1.
Педагогикалық артистизм дегеніміз не?
2.
Педагогикалық артистизм мен педагогикалық шеберлік, педагогикалық
техника арақатынасын атаңыз.
3.
Педагог артистизмі туралы қандай ғалымдардың сөздерін білесіздер?
4.
ХХІ ғасыр мұғаліміне қайылатын талаптар?
5.
Педагогикалық мәдениет дегеніміз не? Педагогикалық мәдениеттің
компоненттерін атаңыз.
6.
Педагогикалық шеберлікке жету жолдарын атаңыз.
7.
Педагогикалық қызметте мұғалімнің құзіреттілігін қалыптастырудың
қажеттілігі неде?
8.
Мұғалім жіберетін қателік түрлері қандай?
9.
Сыртқы мәдениет дегеніміз не және оған не жатады?
10.
Педагогикалық қызметтің актерлік қызметпен ұқсастығы қандай?
11.
Педагогикалық қызметтің актерлік қызметтен айырмашылығы
қандай?
12.
Педагогикалық қызметте юмор не үшін керек?
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар болашақ мұғалімдердің дәріс
бойынша білімі мен өзінің жеке тәжірибесіндегі жағдайларды байланыстырып,
жауап беру арқылы педагог білімін шыңдай түседі.
Екінші саты бойынша болашақ мұғалімдерге арналған практикалық
тапсырмалар болды. Оның мақсаты мен міндеті: практикалық тапсырмалар
арқылы педагогтар алған білімдерін практикада қолдану жолдарын жетілдіреді.
Мұғалім педагогикалық шеберліктің, артистизм рөлін ұғыну арқылы өзін-өзі
жетілдірудің, құзіреттілігін арттырып отырудың қажеттілігін түсініп,
мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің дамыту жолдарымен танысады. Алған
білімді практикада қолданып, іскерліктерін, дағдыларын жетілдіреді.
Педагогикалық артистизмді, шеберлікті, техниканы жетілдіріп отырудың
қажеттілігін ұғынады.
Кейбір тапсырмалардан үзінді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: