Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы


 Педагогикалық-тәжірибелік жұмыс мазмұны



Pdf көрінісі
бет21/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз

2.2. Педагогикалық-тәжірибелік жұмыс мазмұны 
Педагогикалық артистизмді зерттеу екі кезеңде өтті. Бірінші кезең–
педагогикалық колледж мұғалімдерінің бойындағы педагогикалық артистизмді 
анықтау. Екінші кезең–модель бойынша мұғалім бойында педагогикалық 
артистизм элементтерін қалыптастыру. Одан соң мұғалімнің мәселені құзырлы 
шеше алуы, студенттер арасында болған келеңсіз жағдайларды орнықтыра алуы 
сияқты қасиеттерін бақылау әдісі арқылы жинақтау. 


53 
Ең алдымен, біз білім алушылармен сұхбаттасу арқылы мұғалім 
бойындағы педагогикалық артистизмнің қаншалықты дамығандығы туралы 
мәліметтер жинақтадық. 
Зерттеуге барлығы 27 білім алушы қатысты. Олар Алматы қаласы №2 
Гуманитарлы-Педагогикалық колледжінің білім алушылары. Жас аралығы 15-
20. 100% әйел адамдар. 
Оларды келесі жастық қатынастарға бөлдік. 15-16 жас аралығында 10 
білім алушы,17-18 жас аралығында 9 білім алушы, 19-20 жас аралығында 8 
білім алушы. 
57 білім алушылар және мұғалімдерден сұхбат алынды. Олар 
мұғалімдердің немесе әріптестерінің сырт көрінісі, сөйлеу стилі, әртістілігі, 
импровизациясы, жестикуляциясы, мимикасы, вербалды қарым-қатынасы
сабақ беру стилі туралы мәліметтер берді. Сұхбат нәтижесінде мұғалімдердің 
бойында педагогикалық артистизм элементтерінің нышандары бар екендігі 
және білім алушыларға аталған мұғалімдердің сабақ беру стильдері 
ұнайтындығы, бірақ лекция, семинар барысында педагогтардың көбісі қатаң 
тәртіпке назар аударатындығы белгілі болды. 
Сурет 4 - Мұғалімдердің жас ара қатынасы (пайыздық белгімен) 
Сұхбаттасу ашық түрде, сонымен қатар өз ойымен бөлісуге жасқанатын 
білім алушыларда анонимді анкета жүргізу арқылы өтті. 
Педагогикалық артистизм дамуының деңгейін анықтау үшін келесі 
сауалнаманы жүргіздік. Оның сұрақтары: 
1.
Педагогикалық артистизм сапасына анықтама беріңіз. 
2.
Артистизм 
және 
актерлік-режиссерлік 
қабілеттер 
ұғымының 
арақатынасын анықтаңыз. 
3.
Артистизм адамға табиғаттан берілген бе әлде оған өздігінен үйренуге 
болады ма? 
37
33
30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет