Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы


-сұрақ: Педагог артистизмінің мүмкін болатын «оң және теріс»



Pdf көрінісі
бет23/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
5-сұрақ: Педагог артистизмінің мүмкін болатын «оң және теріс» 
жақтарын атаңыз. 
Оң жақтары 
Теріс жақтары 
Креативтілік 
Өзінің 
эмоциясын 
басқара 
алмаушылық 
Импровизация 
Образдан шыға алмаушылық 
Адамды сезіне алу 
Өзіне емес, өзгеге еліктеу 
Эмпатия 
Сөз байлығы 
Жестикуляция, мимика байлығы 
«Жоғары 
оқу 
орындарында 
студенттерді-болашақ 
педагогтарды 
артистизмге үйрету керек пе? Егер жоқ болса, неліктен, ал ия болса, қандай 
әдістермен үйрету керек?» анкетаның 6-сұрағына білім алушылардың 56%-ы 
«ия, жоғары оқу орындарында студенттерді-болашақ педагогтарды артистизмге 
үйрету керек» деп, ал 44%-ы «жоқ, үйрету міндетті емес» деп жауап берді. 
«Жоқ» жауабын таңдаған білім алушылар студенттердің өздері түрлі курстарға 
бару арқылы бойында әртістік қабілетті дамытып алады, ал оқу орындарында 
оқыту әдістерін үйреткені дұрыс деп санайды. Ал «ия» жауабын таңдаған білім 
алушылар студенттерді кәсіби оқытумен қатар, артистизмге үйреткендері 
тиімді, кәсіби іс-әрекет пен артистизм бірге жүрсе, болашақта жақсы маман 
шығатындықтарына сенім білдірді. 
«Сіз өзіңізді әртістік адам деп санайсыз ба?» анкетаның 7-сұрағына 18 
білім алушы «ия» деп, 9 білім алушы «жоқ» деп жауап берді. 
Анкетаның 8-сұрағы: «Сабақта артистизмді қолдану керек пе?». Білім 
алушылардың жартысынан көбі, «ия, қолдану керек, өйткені ол сабақ өту 
барысын жеңілдетеді» деп, ал қалған білім алушылар «жоқ, артистизмсіз-ақ 
сабақты тиімді өткізуге болады» деп жауап берді. 
«Педагогикалық артистизмді дамыту үшін семинар, консультация, 
жаттығуларға барасыз ба?» атты анкетаның 9-сұрағына білім алушылар егер, 
оңтайлы жағдай туып жатса, қатысамын деп жауап берді. 
Сауалнама жауаптарын қорыта келе, болашақ педагогтар артистизмді 
қолдану арқылы сабақты оңтайландыруға, жақсы көңіл-күйде болса, сабақ 
тиімді өтетіні, оқушылармен контакт орнатуға әкелетіндігін айтуға болады.
Педагогикалық артистизмді анықтаудағы келесі сауалнама 
«Педагог 
әртістілігінің деңгейін анықтау». 
Бұл сауалнама он екі ашық сұрақтан тұрады. 
Сауалнамаға педагогикалық колледждің жоғарыда айтылған 27 респонденттер 
қатысты. 
1.
Қаншалықты сіз шығармашылық көңіл-күйді сезесіз (рухани шабыт 
күйі, сергектік, күштің көп болуы)? 


56 
2.
Жауапкершілікті талап ететін іс-шара алдында (ашық сабақ, 
педагогикалық кеңес, ата-ана жиналысы) сізге «жиналу» үшін көп уақыт керек 
пе? 
3.
Үлкен аудитория алдында сөйлеу үшін сіз ыңғайсыздық, ұялу сезімін 
сезесіз бе? 
4.
Көпшілік назарында болғанды ұнатасыз ба? 
5.
Адамдарды өз ойыңызға тез жетелей аласыз ба? 
6.
Сіз сурет салғанды, билегенді, музыкалық аспапта ойнағанды жақсы 
көресіз бе? 
7.
Музыканы тыңдаған кезде, оның түсін, бейнесін елестете аласыз ба? 
8.
Өз сезіміңізбен қоршаған орта адамдарымен қаншалықты деңгейде 
бөлісесіз? 
9.
Өзіңізді актер ретінде елестете аласыз ба? 
10.
Сізден энергиямен қуаттануға болады деп айта аласыз ба? 
11.
Өзіңіздің жайсыз көңіл-күйіңізді өзге адамдардан жасыра аласыз ба? 
12.
Өзіңізді сырттай елестете аласыз ба? 
Сауалнаманың бірінші сұрағы «Қаншалықты сіз шығармашылық көңіл-
күйді сезесіз (рухани шабыт күйі, сергектік, күштің көп болуы)?». Бұл сұраққа 
білім алушылардың аз бөлігі аптасына 1-3 рет деп жауап берді. Ал басым бөлігі 
жылдың басында сезінетінін, ал жылдың соңына қарай шаршайтынын айтып 
көрсетті. Бұны эмоционалды күйінумен сиппаттауға болады. 
Эмоционалды күйіну–бұл физикалық, эмоционалды, ақыл-ойлық жүдеу. 
Бұл тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмі [62]. 
Эмоционалды күйіну (ағылшынша burnout) түсінігі психологияда ұзақ 
мерзімді өзіндік дәрменсіздік, қажу, әрекетсіздік күйін білдіреді [63]. Бұл 
терминді 1974 жылы американдық психиатр Дж.Х. Фрейденбергер кәсіби 
көмек кезіндегі толық эмоционалды атмосферада клиенттер мен пациенттермен 
қарқынды және тығыз қарым-қатынаста болатын сау адамдардың 
психологиялық жағдайларын сипаттау үшін енгізген. 
«Жауапкершілікті талап ететін іс-шара алдында (ашық сабақ, 
педагогикалық кеңес, ата-ана жиналысы) сізге «жиналу» үшін көп уақыт керек 
пе?» сұрағына 27 білім алушының 16 зерттелінуші жоқ деп, ал 11 зерттелінуші 
ия деп жауап берді. 
«Үлкен аудитория алдында сөйлеу үшін сіз ыңғайсыздық, ұялу сезімін 
сезесіз бе?» сұрағына білім алушылар «жоқ, өйткені күнделікті біз оқушылар 
алдында, ұжым, әріптестер алдында, педагогикалық жиналыс кезінде, ата-
аналар жиналысы кезінде де, акт залында белгілі-бір іс шараларда да аудитория 
алдында сөз сөйлеу керек, сондықтан бұл ешқандай қорқыныш, ұялу сезімін 
тудырмайды» деп айтты. 
«Көпшілік назарында болғанды ұнатасыз ба?» және «Адамдарды өз 
ойыңызға тез жетелей аласыз ба?» сұрағына білім алушылардың басым бөлігі 
көпшілік назарында болғанды, өз ойына адамдарды тез жетелей алатындығын 
айтып көрсетті. 


57 
Сауалнаманың 6-сұрағы: «Сіз сурет салғанды, билегенді, музыкалық 
аспапта ойнағанды жақсы көресіз бе?» 15 білім алушы «ия, ұнатамын, бірақ 
уақыт таба алмай жүрмін» деп, ал 7 білім алушы «музыкалық аспапта ойнағым 
келеді, ол менің арманым» деп, 5 білім алушы бойында ондай қасиеттердің 
жоқтығын айтты. 
«Музыканы тыңдаған кезде, оның түсін, бейнесін елестете аласыз ба?» 
сұрағына білім алушылардың басым бөлігі «жоқ» деп жауап берді. 
Сауалнаманың келесі «Өз сезіміңізбен қоршаған орта адамдарымен 
қаншалықты деңгейде бөлісесіз?» сұрағына білім алушылардың 67%-ы жайсыз 
көңіл-күйімді жасырып қалуға тырысамын, 33%-ы жасыруға тырысқаныммен, 
оны байқап кояды деп жауап берді. 
«Өзіңізді актер ретінде елестете аласыз ба?» сұрағына 20 білім алушы 
«ия, бірақ бойымдағы актерлік шеберлікті дамыту қажет» деп, ал 7 білім алушы 
«жоқ» деп жауап берді. 
Сауалнаманың келесі сұрағы «Сізден энергиямен қуаттануға болады деп 
айта аласыз ба?». Бұл сұраққа білім алушылардың 12-сі «ия, мен энергияға 
толы адаммын», ал 15-сі «жоқ, керісінше, мен энергияны өзге адамдардан 
жинақтаймын» деп жауап берді. 
Колледж білім алушыларының өзінің жайсыз көңіл-күйін өзге адамдардан 
жасыруға тырысатындықтары белгілі болды. 
«Өзіңізді сырттай елестете аласыз ба?» сұрағына білім алушылар сырттай 
өздерін қуатқа толы, имидждері өзгеше, жестикуляция, мимика, сөз байлығы 
басым адам ретінде елестетеді. 
Педагог әртістілігінің деңгейін анықтауға арналған сауалнаманың 
жауаптарын қорытындылай келе, білім алушылар бойында педагогикалық 
артистизм элементтері бар екендігі және оны дамыту бойынша арнайы курс 
өткізсе, шеберлік деңгейіне жеткізуге болатындығы байқалды. 
Артистизмнің белгісінің бірі–эмпатия. Біздің зерттеуге қатысты 
педагогикалық колледж білім алушыларына Т.П. Гаврилованың эмпатия 
деңгейін анықтауға арналған тест өткізілді. Аталған автор бойынша эмпатия 
дегеніміз–басқа адамның күйіне эмоционалды енуі [64].
Кейбір концепцияларда эмоционалды эмпатияның деңгейлері бөлініп 
көрсетіледі: 
1.
Примитивті эмоционалды сәйкестендіру, яғни жұқтыру типі бойынша 
кері жауапты реакция. 
2.
Басқа адамның эмоциясына енуі арқылы, ол адаммен қобалжудың 
күрделі формасы [65]. 
Эмпатияны эмоционалды түсіну концепциялары қазіргі уақытта өте аз. 
Кеңес 
психологиясына 
«эмпатия» 
термині 
70-жылдардың 
басында
Т.П. Гавриловамен енгізіле бастады. 
1934 жылы Дж. Мид өз жұмыстарында эмпатия түсінігіне «басқа 
адамның рөліне ену» анықтамасын берді. Уақыт өте келе, бұл басқа адамды 
белгілі-бір образбен түсінудің эмоционалды реакциясы: «қиялды өзгеру», 
«интроекция» деп анықталды [67]. 


58 
Т.П. Гаврилованың эмпатия деңгейін анықтау тесті. Келтірілген
тұжырым бойынша бір-біріңізді сипаттаңыз. Әрбір тұжырым бойынша 7 жауап 
нұсқасы бар: 7-сөзсіз келісемін; 6-келісемін; 5-жоқ деген жауаптан гөрі, 
келісемін; 4-нақты айтуға қиналамын; 3-ия келісемін деген жауаптан гөрі, 
келіспеймін; 2-келіспеймін; 1-мүлдем келіспеймін. Әрбір тұжырым бойынша 
бір ғана жауап таңдалуы тиіс.
Бұл тесттің ерекшелігі–білім алушылар өздерін емес, өзінің болашақ 
әріптестерін сиппаттайды. Бұл жауаптар объективті болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет