Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет20/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз

Бірінші саты:
педагогикалық артистизмнің негізгі ерекшеліктерін
педагогикалық техника және шеберліктің компоненті–театралды педагогика 
элементтерін меңгеру. Теотерикалық ақпаратты меңгеру үшін шығармашылық 
ізденіске итермелейтін эвристикалық әдісті қоданған дұрыс. Осы арқылы 
шығармашылық іс-әрекет, ойлардың генерациясы, шығармашылық қиял, 
шығармашылық рефлексия және т.б. дамиды. 
Екінші саты:
педагогикалық шынайылық негізінде құрастырылған түрлі 
тапсырмаларды меңгеру жүреді. Сонымен қоса, педагогикалық іс-әрекетке 
бейімделген театралды педагогика саласынан да тапсырмаларды орындау 
жүреді. Меңгерілген білім, білік, дағдыны жұмыста қолдануға үйрету үшін 
әдістемелер оқытылады. Педагогқа қажетті коммуникативті және әртістілік 
сапалар дамиды. Бұл сатыда тәжірибе жүзінде адам педагогикалық жағдайларда 
өзін байқап көрумен сипатталады. 


51 
Үшінші саты:
іс-әрекет шығармашылық түрде өтеді. Тапсырманы 
орындау барысында, оларды өздігінен, жағдайға сай келетін импровизация 
және артистизм элементтері арқылы шешеді. 
Сонымен қоса, педагогикалық артистизм элементтерін үйрену барысында 
өзіндік аудиториядан тыс жұмыстар ұсынуға болады, мысалы: 
-
сабаққа қажетті өзінің шығармашылық аппаратын «жұмыс істету» үшін 
психотехниканың индивидуалды тренингін қолдану; 
-
кемшіліктерін жоюға көмек көрсететін өзін-өзі ұстау тренингі (мінез, 
әдеттер, мәнер, жүріс, сөйлеу, дене бітімін тік ұстау); 
-
өмірлік құбылыстарды бақылау (сабақтарда өмірлік жағдайларды айту 
және талдау); 
-
шығармашылық күнделікті толтыру (өзінің шығармашылық сезімін 
талдау, өзіндік қабылдау, рефлексия). 
Мұғалімнің педагогикалық артистизмін диагностикалау үшін ең бірінші 
кезекте назар аударатынымыз, ол-мұғалім туралы оқушылар мен әріптесерінің 
пікірі. Өйткені, балалардың қай мұғалімді жақсы көретіндіктері, қай мұғалімнің 
сабағын сүйіп тыңдайтындығы маңызды. Сондықтан біз ол үшін мұғалімнің 
әріптестеріне арналған сауалнама құрадық, ал оқушылармен сұхбаттасуды жөн 
көрдік. 
Екінші орындағы критерий–мұғалімнің өзінің бойындағы әртістілік 
қабілеттерінің дамуы туралы ойы. Бұл үшін біз сауалнама құрадық. 
Мұғалімнің педагогикалық артистизмін анықтаудағы үшінші критерий–
эмпатия сезімі. Өйткені, өз ісінің шебер адамы оқушының, аудиторияның 
көңіл-күйін сезіне білу керек. Бұл сезім деңгейін анықтау мақсатында біз
Т.П. Гаврилованың «Эмпатия деңгейін анықтауға» арналған тестіне жүгіндік 
[58]. Ғылыми зерттеулерде өзін-өзі шығармашылықпен дамыту бағытында 
субъектінің сана-сезімі бірнеше қызмет атқаратыны көрсетілген. Ол 
шығармашылық әрекеттерді «қорғап» және ынталандырып, оның тиімділігінің 
бірден-бір міндетті белгісі – шығармашылық әрекетті саналы түрде өзі реттеу 
үшін арнайы ішкі түрткі мен құндылықтар жүйесін ұйымдастыруға қатысты 
сана-сезімнің барлық деңгейінің өте жоғары дәрежеде дамығанын қажет етеді.
«Шығармашылық» ұғымына берілген көптеген анықтамаларды талдай 
келе айта кететін жайт, оның өзгеше сапалары ретінде өнімнің (материалды не 
рухани) жаңалығын, оның қоғам үшін және шығармашылық субъекті үшін 
маңызын, шығармашылықтың нәтижесіне қол жеткізу барысындағы жолының 
қайталанбастығын көрсетуге болады. 
Шығармашылық әрекет – тұлғаның шығармашылық міндеттерді өз 
бетінше шешуі: білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай алуы
белгіліден жаңа мәселені көре білуі, объектініің жаңа қызметін байқай алуы, 
жаңа соны шешімдер қабылдауы. Шығармашылық әрекет өз кезегінде 
шығармашыл тұлға дамытуды, оның өзін өзі дамытуының маңызды шарты әрі 
нәтижесі болып табылады.
Белгiлi психолог Қ.Б.Жарықбаевтың шығармашыл тұлғаға сипаттама 
бергенде оны «басқалардан көмек күтпей, мәселенi шешуде басқа бiреудiң 


52 
әдiсiн қайталамай, қалайда өзi шешуге тырысатын адам – шығармашыл ойдың 
иесi» - деген пікір білдіреді [59]. 
Шығармашылық әрекеттің бастауы қиялдай, елестете отырып
шығармашылық ойдан алынатын болса, жаңа нәтижеге жеткен сол әрекеттің 
иесін жаңашыл тұлға деп тануға болады деп санаймыз.
Акмеология ғылымдарының өкілі М.Ә.Құдайқұлов шығармашылық 
үрдісті, оның ішіндегі педагогикалық шығармашылықты жан-жақты талдай 
отырып: «...педагогикалық шығармашылық қабілетті дамыту үшін, ең алдымен, 
оқытушының ойында интуиция мен мотивацияның пайда болуы шарт, онан соң 
шабыттану мен жаңаша идеяны ойлап табудың негізінде тапқырлық танытып, 
оған сәйкес жоспар құрып, оны табандылықпен іске асыра білуі қажет»,–деп 
есептейді [60]. Біздің пікірімізше, өзін-өзі дамытумен тұрақты айналысатын 
оқытушыда басқаны қайталамаушылық, тапқырлық, таланттылықтың болары 
хақ.
Ол кешегі жасағанына бүгін қанағаттанбаудан, жаңа кәсіби биіктерді 
бағындыруды мақсат тұтудан тұрады. Шығармашылықпен өзін-өзі дамыту 
туралы сөз қозғағанда, өзін-өзі түрлендіруде өзгеше шығармашылық ойлар мен 
шешімдерді іздестіруге бағытталған жасампаздық шығармашылық іс-әрекет 
негізінде орын алатын сандық немесе сапалық өзгерістер туралы айтамыз. 
Шығармашылық – ең алдымен адам әрекеті. Шығармашылытты әрекет түрінде 
қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін көрсетеді және оның өзін 
белсенді етуге бастайды. Бiз зерттеп отырған студенттердің шығармашылықпен 
өзін – өзі дамытуы олардың өз бетінше сонымен қатар арнайы да 
ұйымдастырылатын үрдiс. Онда студент белсенді әрекет, академиялық 
ұтқырлық жағдайында болуға тиісті. Мұндай білімдік әрекетте теориялық 
материал сол бiлiм алушының өз әрекеті арқылы меңгерілуі қажет десек, осы 
үрдiс үшiн ол объект те субъект те болады. 
 
Шығармашылық 
әрекет 
туралы 
ғалым 
Ә.Амирова 
тұлғаның 
шығармашылық міндеттерді өз бетінше шешуі: білім, білік, дағдыны жаңа 
жағдайға тасымалдай алуы, белгіліден жаңа мәселені көре білуі, объектінің 
жаңа қызметін байқай алуы, жаңа соны шешімдер қабылдауы деген пікір 
білдіреді [61]. Біздің педагогикалық артистизм элементтерін қалыптастыру 
моделіне сәйкес, мұғалімдердің артистизмін анықтау мақсатында келесі зерттеу 
әдістерін таңдадық: сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, бақылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет