65
қатынасты
көрсететін
эмоционалды
сезімталдылық
қолданылған,
психологиялық толғанысты көркем бейне амалдарымен күшейтілген
үзінділерді, педагогикалық теория мен тәжірибенің
арнайы тезистерін алып,
оларды рөлдерге бөліп ойнауға болады. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым-қатынастың сан алуан екенін көрсетеді, нақты жағдайда қолдануға
болатын
педагогикалық
қарым-қатынастың
моделін
құрастыруға,
педагогикалық мүмкіндіктерге адамгершілік-этикалық тұрғыдан баға беруге
болады.
Осының
көмегімен
рационалдылық
пен
сезімталдылықтың
үйлесімділігіне, жоғары эмоционалдық толғанысқа қол жеткізуге мүмкіндік
туады. Сонымен қоса, педагогикалық артистизм элементтерін үйрену
барысында өзіндік аудиториядан тыс жұмыстар ұсынуға болады, мысалы:
-
сабаққа қажетті өзінің шығармашылық аппаратын «жұмыс істету» үшін
психотехниканың индивидуалды тренингін қолдану;
-
кемшіліктерін жоюға көмек көрсететін өзін-өзі ұстау тренингі (мінез,
әдеттер, мәнер, жүріс, сөйлеу, дене бітімін тік ұстау);
-
өмірлік құбылыстарды бақылау (сабақтарда өмірлік жағдайларды айту
және талдау);
-
шығармашылық күнделікті толтыру (өзінің шығармашылық сезімін
талдау, өзіндік қабылдау, рефлексия).
Педагогикалық артистизм сабақ үшін маңызды бағытта ақпаратты анық
эмоционалды-бейнелі түрде жеткізудің сапасы болып табылады.
Қазіргі
уақытта ол заманауи педагог профессиограммасына кіруге толық құқылы [70].
Педагогикалық әдебиеттерде мұғалім, актер, режиссер іс-әрекеттерінің
бір-біріне қатынас мәселесі бұрыннан қарастырылып келеді (А.А. Леонтьев,
Н.В. Кузьмина, Ф.Н. Гоноболин, А.В. Мудрик және т.б.). Театралды
педагогиканың көрнекі өкілдері, актерлер, режиссерлер, драматургтар
К.С. Станиславский, М.А. Чехов, Е.Б. Вахтангов, М.О. Кнебель, Б. Брехт,
Б. Шоу және тағы басқалары өз еңбектерінде
шығармашыл-адамды
қалыптастыруға ықпал ететін қызықты тұғырларды ұсынды.
С.Е. Каменецкий «Актер ли педагог?» [71] мақаласында мұғалім мен
актер арасындағы ұқсастықтарды талдады, өйткені олар көрермендер алдында
өз рөлін ойнайды, пьеса, әңгіме, үзінді авторлары ойлаған бейнесін сомдайды.
Автор пайымдауынша, ұқсастықтар бар. Ол педагог пен актер аудиториямен
қарым-қатынас жасайды, көрермендер мен оқушылар назарында болады.
Оларға жүздеген, ондаған көздер қарайды, оларды аудитория тыңдайды,
қозғалысын,
бет-әлпетін, жесттерін, мимикаларын байқайды, сөйлеудегі
интонацияға, екпінге назар аударады.
Педагогикалық еңбектің театралды шығармашылықпен көптеген ұқсас
қырлары бар: екі маман иесі адамдармен жұмыс істейді, ортақ мақсаты бар –
аудитория ойы мен сезімін ояту; аталған қызметтер оқытады және тәрбиелейді,
физикалық, психикалық және әлеуметтік мәдениеттің жоғары деңгейін талап
етеді; екі еңбек те өзгермелі, қозғалмалы;
актерлік және педагогикалық
қызметте шығармашыл тұлға мен шығармашылық құралдың сәйкесуін көреміз;
және де екі еңбекте – өзін-өзі көрсетудің өнері. Мұғалім өзінің артистизмін
66
сабақта қолданумен қатар, оқушылардың назарын өзінде ұстап тұруы қажет.
Оқушының оқытушыны тыңдауға дайындығының 10 қадамы бар:
1.
Қызықты және керекті шаруаларын кейінге қалдырып, ерікті түрде
сабаққа келуі, тосқауылды жеңіп – қашықтықты өткеруі.
2.
Тосқауылдан басқа шарттар.
3.
Сабаққа келмеуге болатын кезде, оқуға ерікті түрде келуі.
4.
Үлкен қоңырау кезінде немесе сабақтан соң ерікті түрде мұғалімге
келу.
5.
Информационды вакуум кезінде ерікті түрде келуі (демалыс кезінде).
6.
Шақырту бойынша ерікті түрде келуі (моралды борыш).
7.
Қатал шақырту бойынша ерікті түрде келуі (баруға болмайды, бірақ
мұғалім алдында ұят).
8.
Ерікті–күштеп бару – баруға да болмайды, бірақ жағымсыз нәтижелері
болады (мұғалім қатынасы өзгеруі мүмкін).
9.
Келмеуге мүлдем болмайтын күштеп шақырту.
10.
Моралды күш көрсету мен қатал жазаны қолдану арқылы күштеп
шақырту. Соңғы кезде мұғалімге тәрбиеші, тәлімгер ретінде қойылатын
талаптар күшейді.
Мұғалім көп білсе, ол оқушыға беретіні көп, соның
нәтижесінде ол рухани бай, білімге құштар адам болып өседі деген ұғым
қалыптасып келеді [72]. Ал педагог ұялшақ, ұяң, тұйық оқушылармен қалай
жұмыс істеуі қажет? Ұялшақ балаларды импровизация өз-өздеріне сенімді
етеді, өзіндік юморды көрсетуге ықпалын тигізеді. Үлкен мәселелері бар
балалар көңілді қалжыңнан пайда алуға қабілетті. Қалжың балалық жүріс-
тұрыстың кейбір жағымсыз жақтарын жоюға ықпал етеді, мысалы, комедиялық
студияларда балалар ашуын көрсетудің конструктивті
әдісі мен жинақталып
қалған мәселелерден демалуға мүмкіндік алады [73].
Қалжың
сонымен
бірге
интеллект,
критикалық
ойлаудың,
байқағыштықтың дамуына ықпал етеді. Осы тұста В.А. Сухомлинскийдің
айтуымен келісуге болады: «Мен күлуді ойлаудың екінші жағы деп білемін.
Балада күлу қабілетін дамыту-оның ақыл-ой күшін, қабілеттерін, әлемге
даналықпен қарауды қалыптастыру деген сөз». Гётенің айтуы бойынша
адамның мінезін күлкілі жағдайда білуге болады. Осы ойды В.А. Сухомлинский
дамыта отырып, былай деп жазды: «Ұжымның, тәрбиеленушілердің қандай
мәселе бойынша күліп жатқандығына қарап, ұжымның моралды саулығын
білуге болады» [74].
Достарыңызбен бөлісу: