Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


) Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері



бет24/29
Дата17.10.2023
өлшемі220,31 Kb.
#186057
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары-emirsaba.org

82) Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.
Негізгі 5 кезеңнен тұрады:
1. социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру;
2. дағдарысқа қарсы бағдарлама;
3. макроэкономикалық тұрақтандыру;
4. дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;
5. экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
Бiрiншi кезең (1991-1992) Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленісіп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және ішкі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.
Екiншi кезең (1993-1994) экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңіне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублінің инфляциясы).
Үшiншi кезеңде (1995-1997) Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, берiлетiн несиелердi шектеу жәнеақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу.
Төртiншi кезеңде (1998-1999) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды.
Бесiншi кезеңде (2000ж.) Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негіз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экономикалық мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экономикалық дамуын жоспарлауға көшу.
Қорытындылай келе соңғы екi жылдағы экономикалық өрлеу Қазақстандағы әлеуметтік ахуалға дұрыс ықпалын тигiздi: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесi азая түстi. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеуметтік, зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендiрiлдi, жер реформасын жүргiзу үшiн жағдай жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет